Кожагулова Гульнар Кылышбековна
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру;
2) дамытушылық : оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы шығармашылық ізденістерін дамыта түсу;
3) тәрбиелік: Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: топпен жұмыс, репродуктивтік.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі тапсырмалар
Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, үнтаспа
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка,математика, география
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді танытып, дұрыс сөйлеп, анық айтуға тырысайық.
- Сендерге ерекше хабарлама айтқалы тұрмын. Ол үшін алдымен сендердің үйге берілген тапсырманы қалай орындағандарыңды білгім келіп тұр.
166-жаттығу Сан есім емлесіне қатысты ережелерді еске түсіріп, мәтіндегі қатені түзетіп жазу.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
Білімді жан-жақты тексеру.
1. Сөз табы дегеніміз не?
2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
3.Сан есім дегеніміз не?
4.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
5.Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
6.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
8.Сан есім мағынасына қарай түрлерін ата
9.Елулеп- мағынасына қарай қандай сан есім?
10. Есептік сан есім дегеніміз не?
11.Есептік сан есімге мысал келтір.
12. Реттік сан есім дегеніміз не?
13. Реттік сан есім қалай жасалады?
14.Жинақтық сан есім дегеніміз не?
15.Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
Саяхат картасы
1. « Әуежай» аялдамасы
2. «Бәйтерек» аялдамасы
3. «Бейбітшілік пен Келісім сарайы» аялдамасы
4. «Ақ Орда» аялдамасы
5. «Хан Шатыр» аялдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |