Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы : Өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік : Өткен сабақтарды қайталап пысықтай отырып балардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру , өз бетерінше қортынды жасай білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық : Логикалық ойлау , қабілетін арттыру . Оқушылардың ой белсендігін арттыру.
3. Тәрбиелік : Білімпаздыққа , ұқыптылыққа ,еңбексүйгіштікке , ұйымшылдыққа , тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі : қима-қағаздар ,
Технологиясы : сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі : көрнекілік , түсіндіру, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі. А) Амандасу
Ә)балаларды түгендеу
Б) ай күнін жазу
ІІ. Психиологиялық ахуал.
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Деніміз сау , еліміз тыныш болсын!
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
-Балалар қандай тапсырма берілді?
-барлығымыз бірге өткен сабақты есімізге түсірейік.
-Өсердің өмірден алған өнегесі қандай деп ойлайсың?
- Өсерге әкесі қандай ақыл айтты?
- Өсер үшін әке алақаны неге қымбат?
Өмір өнегесі тақырыбында өзіңе әсер еткен үлкендердің тәрбиесі у
ІҮ. Ой толғау.
Балалар , бүгін сендермен « Білім еліне» саяхатқа шығамыз. Шықпас бұрын сендердің білімдеріңізді тексеріп алайын. Слайдтан 1,2,3,4,5 цифрлары көрсетіліп , оқушылар бір цифрды таңдайды.
1.Әдебиет
|
2.Қазақ тілі
|
3.Дүниетану
|
4.Туған жер
|
5.Салт-дәстүр
|
бекеті
|
бекеті
|
бекеті
|
бекеті
|
бекеті
|
1.Әдебиет бекеті.
Қазақ халқының ұлы ақындарын ата .( Абай , Жамбыл, Мұқағали)
Қазақ халқының ертегілерін ата. ( Ертөстік , Алтын сақа , Тазша бала т.б)
Мақалды жалғастыр.
Отансыз...( адам ) ормансыз бұл-бұл.
Отан... ( оттан да ) ыстық.
2.Қазақ тілі бекеті
1. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні қалай аталады?
2. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалатын сөздер қалай аталады?
3. Үш тасымал жасалатын сөз қайсы?
5.Салт –дәстүр бекеті.
Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер.
( бес бармақ, қазы-қарта, жал-жая)
Қазақ халқының ұлттық киімдерін білесің бе?
( Сәукеле , кимешек , шапан , қамзол, тымақ, мәсі т.б )
Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар?
( Ораза айт , Құрбан айт, Наурыз мейрамы)
3.Дүниетану бекеті.
1.Бағдарлау деген не? ( Көкжиек тұстары бойынша бағдарды анықтау).
2. Суға тапшы аймақ қалай аталады? ( Шөл )
3. Сұлбамен жұмыс істер алдында нені ұғыну керек? ( Сұлбаның шартты белгілерін қою ).
4. Туған жер бекеті.
Еліміздің рәміздерін нелер жатады? ( Елтаңба , Ту ,Әнұран)
Туымыз қашан көтерілді? ( Мемлекет басшысы сапары кезінде және олимпиада жеңімпаздары анықталғанда)
Биыл қандай жыл? ( Қой жылы)
Жарайсындар, балалар! Саяхатымыз көңілді тамаша өтіп жатыр. Білімдерің мықты. Енді бір сергіту сәтін орындап алайық.
« Кім жылдам »ойыны . (Дәптермен жұмыс)
-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
-ендеше қыс мезгілі дегенде көздеріңе не елестейді?
- осы сөздерді дәптерлеріңе ассоциация түрінде жазып алыңдар
Сергіту сәті . Қазір біз тынығып дем аламыз, денемізді сергітіп, ойымызды тазартайық.
Көзге арналған жаттығулар.
Қолға арналған жаттығулар.
Бес жолды өлең құрастыру
-Төрт түлік малдың қандай түрлерін білесіңдер?
-Қой жануары туралы не білесіңдер?
-Қой атасы кім?
-Қойдың адамдарға қандай пайдасы бар?
-Енді осы қой туралы бес жолды өлең құрастырыңдар.
Жұмбақ шешу.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. ( Түйе )
Кішкене ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар. ( Қой )
Дауысы азанда,
Жақсылығы қазанда. ( Сиыр )
Таптым – таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға. ( Түйе )
« Кім тапқыр »ойыны. (Мақалдардың жалғасын табу.)
-Мен мақалдың басын айтам сендер қолдарыңды көтеріп жалғастырасындар.
Жаман аттан аяғын артық ,
Жаман жолдастан ( таяғым артық ).
Өтірік айтып жағығанша ,
Шыныңды айтып ( жалын ).
Ер жігіттің ( екі ) сөйлегені өлгені.
« Кім озық » ойынында тест тапсырмаларына жауап берейік :
Адамды адам еткен не?
а) оқу ә) ойын б) тамақ в) еңбек
2. Қандай құс өзіне ұя салмайды.
А) шағала ә) көкек б) қарға в) торғай
3. Тау басын жиналған мұзды не дейді?
А) мұздық ә) қар б) мұз в) қарлы тау
4 . Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
а)1986 ж. ә)1997 ж. б)1991ж.
5. Тудың авторы .
а) Шоқан Уалиханов. ә) Жандар Мәлібаев. б) Шәкен Ниязбеков.
6. Қ.Р. Мемлекеттік Елтаңбасы туралы тарихи құжат қай жылы қабылданды?
а) 1991 ж. ә) 1992 ж. б) 1989 ж.
Қорытындылау :
-Ой толғаныс кестесін толтырайық. Алдарыңда ББҮ кестесі жатыр. Осы кестеге бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жазыңдар.
Бағалау :
-Жақсы.Бүгінгі сабақта сендерге мынандай баға қойылды.
Үйге тапсырма:
«Ана тілің - арың бұл» тақырыбына эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |