Күні: Пән: қазақ тілі Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Әбдіжамал Нұрпейісов «Балықшылар»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Әбдіжамал Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеу, «Қан мен тер» үзіндісін оқу. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, оларды өзара ажырата білу дағдыларын дамыту.3. Патриоттық сезім, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, еңбексүйгіштікке табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, сөз әдісі, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар, тірек сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Психологиялық дайындық.
сабақтың ережесі:
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
4. Үй жұмысын тексеру: «Елім барда» жаттау
5.Жаңа сабақты түсіндіру
Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетті (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін корректор болып жұмыс атқарды. 1932-1934жж. Қарсақбайдағы «Қызыл кеші », «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1939-1943жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1945-1948жж Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1958-1960жж. «Қазақ әдебиеті » газетінің жауапты редакторы, 1960-1984жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ ССР ҒА Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиһан», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.«Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Көне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай » және т.б.жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген. Ә.Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы. Қоғам мен адамның ара-қатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін философиялық сырға толы туындылары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» монографиясында, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нүрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов т.б. әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан. Көптеген жылдар бойы Әбділда Тәжібаев поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Жұмағали Саин, Қажым Жұмалиев,Таир Жароков секілді әдебиет қайраткерлерімен құрдас еді. Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М. Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Расында да, сол кездердің өзінде ақын шын көңілден өлең жырларын жаза отырып , қазақтың қалыптасқан дәстүрлі лирикалық өлең жолдарын қолдана білді. Ә. Тәжібаевтің шығармашылығында Сырдария өзенінің бейнесі үлкен орын алады, кейіннен ол Рейн өзенін жырлаған Гейне, Днепрді жырлаған Шевченко сияқты ол өзенді символға айналдырады. Қаһарлы соғыс жылдарында ақынның лирикасы жанрлық ерекшеліктерін тереңдете, молыға түседі. Соның бірі «Аралдар» атты жыр жинағы. Ә.Тажібаев дастандарының тақырыптары сан алуан – революция, жаңа өмір құрылысы, халықтың өткен өмірі, көптеген адамдардың тағдыры , жаңа дәуір желісі. Заман талабына сай ақын бүгінгі таңдағы басты мәселелерден де алшақтаған жоқ.
6. Оқулықпен жұмыс
«Қан мен тер» үзіндісін оқу
7. Беріген сұрақтарға жауап беріңдер
1. Арал балықшыларының тұрмысы үзіндіде қалай берілген?
2. Балықшыларға Андрей қандай қасиеттерімен ұнайды?
3. Федоров пен Еламан арасындағы қақтығыс неден туды деп ойлайсыңдар?
4. Балықшылардың мұздың қатпағанын біле тұра теңізге шығу себебі не?
5. Шығармада табиғат суреттері қалай берілген? Дауылды күнгі теңізді көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?
6. Андрей мен Жалмұраттың және балықшылардың табиғат апатымен арпалысы, өмір мен өлім арасындағы жанталасыәңгімеде қалай суреттелген?
8. Кестені толықтырыңдар
Кейіпкерлер
|
Еламанға мінездеме жазыңдар
|
Өздеріңе әсер еткен оқиғаны қысқаша баяндап жазыңдар
|
...
|
...
|
...
|
9. Сабақты қорытындылау
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді.
|
|
|
|
10.Үйге тапсырма: Мазмұнын айту
11. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |