Сабаќтыњ таќырыбы : Дулат бабатайђлы



жүктеу 1,56 Mb.
бет6/11
Дата14.11.2017
өлшемі1,56 Mb.
#404
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Спандияр Көбеевтің шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев

« Қалың мал » романы

Сабақтың мақсаты : а) оқушының роман туралы түсінігін молайту,ой жинақтау;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау ,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : таблицалар, суреттер, кубик

Пәнаралық байланыс : тарих

І Ұйымдастыру

ІІ Кіріспе сөз:



  1. Мұғалім сөзі

  2. Шығарманың құрылымын талдау:

А) Шығарманың басталуы;

Ә) Оқиғаның дамуы;

Б) Оқиғаның шиеленісуі;

В) Оқиғаның шарықтау шегі;

Г) Оқиғаның шешімі.

Оқушылар баяндайды, талдайды.

ІІІ Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі. Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.

Тапсырма. Қызығушылықты ояту



«Топтастыру стратегиясы»

Тапсырма

Тапсырма жауабын толтыр

әдіс-тәсіл

1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің?




Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытынды айту.












Семантикалық картаны толтыр.

Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді.

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп,қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

шығармалар

Еңлік-Кебек
















Қозы Көрпеш-Баян сұлу
















Қалың мал
















Қалқаман-Мамыр
















Бақытсыз Жамал
















Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»

тапсырма

Әдіс-тәсіл

Тапсырма жауабын толтыр

А) Суреттеңіз

Образ жүйесін талда, басты кейіпкерді суреттеп беріңіз.

Ғайша, Қожаш, Итбай

Тұрлығұл




Ә) Салыстырыңыз. Венн диограммасын толтыр

Ортақ қасиеттері






Б) Зерттеңіз.

Тест жұмысын белгілеңіз.




  1. «Қалың мал» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

1. драма 2. проза 3. поэзия

2. «Е, Құдай! Менің де тілегімді беріп, байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!»

1. Тұрлығұл 2. Итбай 3. Байғазы

3. «Қалың мал» романы қай жылы басылды?

1. 1910 ж. 2. 1909 ж. 3. 1973 ж.



В) Қолданыңыз. Мәтіннен алынған үзіндіні рөлде ойнап бер.

Г) табыңыз

Романда қолданылған мақал-мәтелді тап.

Мақал-мәтелді жазыңыз













Ғ)Талқылаңыз

Пікір айтыңыз

Пікір жазыңыз




  1. Ғайшаны Тұрлығұлға берген Итбай қылығына не дер едің,қандай баға бересің?

  2. Сен Итбай орнында болсаң, қандай шешім қабылдар едің?

  3. Ғайша тағдырына кім кінәлі.






Ойтолғаныс сатысы.

  1. Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)

  2. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

  3. Өлең шығару.

Сабақты қорыту. Мұғалім сөзі. Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстыра отырып сөзжұмбақ шешкізу.

Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды бағалау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сәбит Дөнентаев

(1894-1933)
Сабақтың мақсаты : а) Сәбит Дөнентаевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар, хронологиялық таблица

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ елі қайта бір елдік, мемлекетшілдікке бет бұрған шақта әдебиетке араласқан көрнекті, белгілі өкілдердің бірі Сәбит Дөнентаев. С. Дөнентаев өз кезеңіндегі халық үнін, қазақ мұңын айта білген кеңес төңкерісіне дейін және кейін де қазақпен бірге болған қаламгер.

С. Дөнентаев 1894 жылы, бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының 4-ауылында, яғни Құркөл (қазіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылы) атты елді мекенде, шаруа үйінде дүниеге келген. Алғашқы білімді 1907-1908 жылдары Маралдыдағы Нұрғали атты молдадан төте оқиды, яғни жадидше білім алады, кейін 1911-1912 жылдары Павлодарда медреседе оқиды.



Осы кездерде С. Дөнентаев білімін өзі жетілдіріп, Абай, Ахмет, Міржақып еңбектерін оқып, татар әдебиетімен танысады. «Айқап» журналын үзбей оқып, орыс әдебиеті-нің де шығармаларын тірнектеп оқиды. Әсіресе А. Бай-тұрсынов, И.А. Крыловтың мысал жанрындағы еңбектері қызықтырады. Жанына сатираны жақын тартады.

1919-1920 жылдары ақын Семей, Павлодар арасында жүріп әр қызметті байқап көріп, 1924 жылы Семейге оралып, «Қазақ тілі» газеті редакциясында жұмысқа ор-наласады.

Семей XX ғасыр басында бүкіл қазақ зиялыларының басын қосқан рухани Мекке тәрізді болды. Бір Сәбит емес, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, Ә. Мар-ғұлан, ағайынды Сәтбаевтардың бәрін бауырына басқан.
Кітаппен жұмыс: Сәбит Дөнентаевтің өлеңдерін оқып , құрылысына қарай талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. С. Дөнентаев қазақ әдебиетіндегі ұлт мұңын қандай жолмен ,қандай сөздермен жеткізді?

  2. С.Дөнентаев «Уақ-түйек» кітабында нені басты мәселе деп алды?

  3. С.Дөнентаев және Алаш Орда арасындағы қатынастар туралы не айтасыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Сәбит туралы «Еленбей қалған елеулі бейне» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сәбит Дөнентаев

«Уақ-түйек» атты жыр жинағы

Сабақтың мақсаты : а) Сәбит Дөнентаевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар, хронологиялық таблица

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

С. Дөнентаевтың алғашқы жарық көрген тырнақалды туындысы 1913 жылы «Айқап» журналының 22-нөміріндегі «Қиялым» атты өлеңі. Осы алғашқы шығармасында С. Дөнентаев өзінің арманын, қиялын, тілегін көрсетті. Патшалы Ресейдің қарауындағы, езгідегі қазақтың жыршысы болсам деген ақынның ақ тілегі анық көрінеді.

Ақын «зарын, мұңын» жұртқа айтсам дейді. Бірақ айта алмайды. Өйткені қаршығадан қорқады. Сандуғаштың жолын тосар тұзақшыдан қорқады. С. Дөнентаев күреске бастап, аттандаған, аруақ шақырған, атойлаған ақын болған жоқ. Ол нені болса да еппен, баппен айтқанды, астармен жеткізгенді жөн көрді. Өнер тілін, өлең тілін сатираға, аллегорияға (пернелен айтуға), метонимияға (алмастыруға) ұластырып, алыстан орағытып әкелгенді дұрыс санады. Бұл, С. Дөнентаев лирикасының басты кредосы болды.

1915 жылы, Уфа қаласында 19 жастағы С. Дөнентаевтың «Уақ-түйек» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.


Өлеңдері:

«Қиялым», «Қазақтарға қарап», «Биік тау», « Соңғы сөз», «қайтып қарғыс алмайсың», «балалық» т.б

Мысал өлеңдері:

«Екі теке» , «Ауырған арыстан» , « Көзі тоймаған ит»


Кітаппен жұмыс: Сәбит Дөнентаевтің өлеңдерін оқып , құрылысына қарай талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. С. Дөнентаев қазақ әдебиетіндегі ұлт мұңын қандай жолмен ,қандай сөздермен жеткізді?

  2. С.Дөнентаев «Уақ-түйек» кітабында нені басты мәселе деп алды?

  3. С.Дөнентаев және Алаш Орда арасындағы қатынастар туралы не айтасыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Сәбит Дөнентаевтің өлеңдерін оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сәбит Дөнентаевтің мысал өлеңдері

Сабақтың мақсаты : а) Сәбит Дөнентаевтің мысал өлеңдерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, талдау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар, хронологиялық таблица

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Уақ-түйекке» ақынның көптеген мысал өлеңдері кірген. Бұнда Крыловтан,Тоқайдан аударма есебінде келген мысалдар да бар. Өмірдің көп қалтарысын С. Дөнентаев қазақ ұғымына лайықтап,қарапайым жұрт ұғар дәрежеде түсінікті тілмен айтып баяндайды. «Екі теке» мысалында бір-біріне жол бермеген текелерді мысалға келтіріп, ең дұрысы кішіпейілділік екенін, адамдар сондықтан сыйласқаны жөн деп ескертеді.


Екі теке Ауырған арыстан

Көзі тоймаған ит У жеген қасқырға


Кітаппен жұмыс: Сәбит Дөнентаевтің мысал өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Сәбит Дөнентаевтің мысал өлеңдерін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров

(1893-1920)

Сабақтың мақсаты:

а) С.Торайғыровтың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.

Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.


жүктеу 1,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау