Сабақтың мақсаттары



жүктеу 2,49 Mb.
бет9/17
Дата30.05.2018
өлшемі2,49 Mb.
#18493
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы Шығыс Еуропа елдері туралы жалпы қосымша материалдарды қолдана отырып түсіндірдім. Сонымен қатар, осы тақырып бойынша алған білімдерін тексеру үшін кесте қолдандым.

Үйге тапсырма: Қосымша деректер жинау, тест құрау. §25 оқу және кескін картаға Шығыс Еуропа елдерін салып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік –Батыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу ерекшеліктерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгерту.

2.Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарастарын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықаралық тәрбие үлгілерін қолдану, ұлтаралық сыйластықпен, өз ұлтын сүюге, құрылған ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер, қосымша жабдықтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік –Батыс Азия - Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік –Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак; Ауғанстан; Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахреин, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. Географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік –Батыс Азияға жатады.

Оңтүстік –Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады.

Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым.

Тау лы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгілуге ұшырайды. Сондықтан тау аралық аңғарлар қиыршық тастар мен үгінділерге толған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақта тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер байқалады. 1999 жылы Түркияда дүркін-дүркін қайталанып, күшті 7 баллға жеткен жер сілкінулер кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, қалалар қирады. Күшті жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанды.

Жер шарының теңіз деңгеінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз(-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиеттеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.

Мұнай-газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынан да өндіріледі.



Оңтүстік –Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта д.ж-гі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары п.б-н. Оңтүстік –Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің есігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары.

Жаңа сабақты бекіту:





Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта оқушыларға Оңтүстік-Батыс Азия елдері атты тақырыбымда білімге деген құшарлықтарын арттыруға, ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгертуге тырыстым. Сондай-ақ, бүгінгі сабақты бекіту үшін кестені пайдаланып, алған білімдерін тексердім.

Үйге тапсырма: §26 оқу. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:




Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

  • Оңтүстік-Батыс Азия елдері құрамына қандай мемлекеттер кіреді;

  • Оңтүстік-Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән;

  • Оңтүстік-Батыс Азияның әлемдік өркениетінің дамуындағы орны қандай;

  • Оңтүстік-Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары мен Үнді –Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның құрамына Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланака, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел- Үндістан, ал ең кішкентай елдер- Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.



Оңтүстік Азия

Оңтүстік –Шығыс Азия

Жер бедері өте күрделі. Мұнда Гималай таулары мен ойпатты жазықтар, үстірттер мен таулар көршілес орналасқан. Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп Декан таулы үстіртіне ұласады. Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.

Климактын қалыптастыруда аймақтың оңтүстіктегі орна мен Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа-райы сәуір мен мамыр аралығында жазғы муссонның алдында орнайды. Ауа температурасы +50º -қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Тар шөлі ең құрғақ, ыстық аудандар қатарына жатады. Халық саны көп және тығыз орналасқан. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік Азиядағы Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып есептелетін буддизмнің п.б. жері.



Құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней және Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала – мемлекет Сингапур да кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жекек аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген ява аралында тығыз қоныстанған.

Оңтүстік –Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустрия аралығындағы құрлықтық «көпір» болып табылады.

Аимақтың экватор мен субэкватор белдеулері аралығындағы орнына сәйкес, климаты муссондық сипаттан ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.

Оңтүстік –Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтарн, малайялықтар жатады.



Өсімдік шаруашылығындағы ең көп өсірілетін дақыл- күріш, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго. Көкөністер жыл бойы өсіріліп бірнеше рет өнім алынады.

Жңа сабақты бекіту:

Төмендегі сандарды тиістісіне жаз!

  • Оңтүстік Азия: ................................................(1,3,4,8,910)

  • Оңтүстік-Шығыс Азия: ..........................................(2,5,6,7)

1-Үндістан; 2-Тайланд; 3-Непал; 4-Шри-Ланка; 5-Малайзия; 6-Лаос; 7-Бруней; 8-Пәкістан; 9-Бангладеш; 10-Мальдив.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін жалпы түсінік бердім.

Үйге тапсырма: §27 – оқу. Кескін картаға түсіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:




Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

Жаң сабақты түсіндіру:

Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония, Корей Республикасы, КХДР енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігімен Монғолия орналасқан.

Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлік Биік Азия деп аталады. Оны жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы Қытай тілінде «Аспан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такла-Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді.

Климаттың шұғыл континентті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған қүлазыған шөлдер алып жатыр.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерге тау түзілу әлі де жүріп жатыр.

Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.

Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғаттың өзіндік басты белгілері бар.

Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млрд.250 млн-нан асып отыр.

Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Онда батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп Биік Азия тауларына ұласады. Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан (Қашғар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пай.қаз-ң қоры мен құрамы жөнінен д.ж-нен шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Ылғалы жеткілікті муссонды климат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Шығыс Қытай - елдің басты өнеркәсіпті ауданы. Мұнда ел халқының 90%-ы шоғырланған. Олардың басым көпшілігі қытайлар.



Қытай – ежелгі мәдениет пен өркениет елі ,мұнда әлемге әйгілі ұзындығы 4 000 км-ге жуық Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, императордың салтанатты сарайлары орналасқан. Сонымен қатар қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, қытай жібегі мен қолөнер туындылары д.ж-не әйгілі.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау