Сабаќтыњ маќсаты: Токарлыќ статокта ж±мыс істеу



жүктеу 53,63 Kb.
Дата03.03.2018
өлшемі53,63 Kb.
#11047
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: Токарлық станокта жұмыс істеу.
Сабақтың мақсыты:

Білімділік: оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой - өрісін, технологиялық шеберлігін, дағдысын, сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ынта – ықыласын, икемділігін, қабілетін дамыту. Тұрмысқа қажетті бұйым жасау.

Сабақтың көрнекіліктері: технологиялық карта, жасалған бұйымдар, ағаш түрлері.
Құрал жабдықтар: СТД – 120м станогы, токарьлық тістер, өлшегіш құралдар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет, эстетика, сызу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, тест, түсіндіру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың бөлімдерін тексеру.

  3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

  4. Технологиялық кезен.

  5. Аяқтау кезеңі.

  6. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

  2. Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

а) Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрап білу.


  1. СТД – 120м станогы қандай жұмыстарды атқарады?

  • Айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау және оларды токарь станогына салып жонып егеу үшін қажет.

  1. Ағаш өндейтін СТД-120М үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі қандай?

Бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізі болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы және артқы қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станоктық жұмыс механизмдері кесу аймағын құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен жабылып тұрады.

3. Шпиндельдің тетіктерінің түрлері қанша және не жұмыс атқарады?

Шанышқы, патрон, тығырықтан тұрады. Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдің саптама тетіктері пайдаланылады.

4. Бұл станоктың басқа станоктардан айырмашылығы неде? Басқа станоктар кеседі, бұрғылайды, сүргілейді. Бұл станок тек ағаштарды жону – қыру жұмыстарын атқаруға пайдаланады.

ә) Тест сұрақтарына жауап беру.

Ағаш:


1. Токарь станогы

а) Сүргілейді

ә) Жонады

б) Теседі.


2. Жұмсақ ағаш:

а) Қайың

ә) Емен

б) Балқарағай


3. Дайындалған ағаш материалды не арқылы бекітеді?

а) Пресс


ә) Корпус

б) қыспақ тетік


4. Қатты ағаш:

а) Емен

ә) Шырша

б) Терек
б) Оқушылардың жауаптары бағаланады.

Жаңа сабақ.

а) Біз өткен сабақта СТД-120М станогының негізгі бөлімдерімен, оны орындау тәсілдерімен таныстық.

ә) Бүгінгісабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын.

б) Сабақты халық қолөнері арқылы байланыстыру мақсатында, ежелгі қолөнері және қазіргі жаңа технологиямен ұштастыра салыстырып өтемін.

Мысалы, ата-бабаларымыз тобылғыдан тоқыған бірнеше затты көрсетіп, оның ішіндегі тұрмысқа қажетті болған сүзгі мен ұсталар шотпен шауып жасаған ағаш күректі көрсетемін. Міне, осылардың қазіргі заман технологиясында сүзгіні тот баспайтын сым темірден, сүзгі сабымен ағаш күректің сабын түзу етіп, ағаш токарь станогында әдемілеп тегістеп шығарған. Күрекің бас жағы болса фанерден жасалғандығын көрсетемін. Қазір ағаш өңдеу механикаланған құрал – сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электірлік және пневматикалық ажарлау аспаптпры бар.

в) Ағаш шеберлігі және оның тарихына түсінік беру.

Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен әзірленген. Өз маусымында кескен, мезгілінде кептірген. Әрбір ұста өзіне керекті құрал – жабдықтарды өздеріне ыңғайлы етіп жасаған. (Плакаттағы құрал-саймандарды көрсетемін). Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп төртке бөлген.

г) Ағаштың сан алуан түрі бар.

Қазақстан Республикасы – көлденеңі үш мың шақырымнан, ені екі мың шықырымнан асатын ұлан-ғайыр жер. Ағаш байлығы жағынан Қазақстан ТМД көлемінде Россиямен иықтас. Ағаш еліміздің солтүстік далалы аймақтарында қайыңды шоқ орман, Ертім, Тобыл өзендері саласы мен Сарыарқада қарағайлы орман, шөлейтті аймақтық өзен аңғарларында жиде тоғай, тораңғыл тоғай, ал Алтай өңірі мен Іле Алатау жоталарын да шыршалы, қарағайлы, самырмынды орман түрінде ұшырасады. Ағаштың неше алуан түрі ақындардың шипалы аузына да ілінген, Ілияс Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» атты жинағын енген «Жер түгі» деген өлеңінде ақиық, асқақ ақын:

(Оқушылар айтады)


«Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз – ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, жөке, ырғай арша,

Ақсасық, қызыл қайың, барша шынар.

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,

үйеңкі, ырғай, балғын, тораңғылар.

Сарыағаш, қой қарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, байырқұрттар,

Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,

Сықылды ағаштардың талайы бар»,-


Бұл өлеңде ақын отыздан астам ағаш түрін өз жырына арқау етеді.
Оқушылар:

ж) Ауданымыз бен ауылымызда өсетін ағаш түрлерін айтып толықтырады.

з) Мектебіміздің шеберханасындағы оқушылардың ағаш токарь станогынан шыққан бұйымдарды көрсету.

и) Ағашты әрлеу және нырықтық экономика.Шеберлер үйкелеп жалтыратпаған. Көбінен ағаштың өз реңін, өндік өрнегін сақтаған.

Жалпы алғанда, жасандылықтан табиғилықты артық көрген. Жоса, қына, томар бояу тәрізді табиғи бояғыштарды қолданған.

Ағашты бояп коркемдеуден басқа лактау, эмальдау, жалатпалау тәрізді тәсілдері бар. Ағаштың өнің өзгерту, ылғалға шыдамдылығын арттыру үшін марилка тәрізді дайын бояғыштарды ішінара майлы бояуды қолдануға болады. Сонымен қатар темпера бояуын да қолдануға болады.


Технологиялық кезен:

Ағаш өндейтін токарь станогын жұмысқа әзірлеу және оның жұмысын басқару.


Жұмыстың мақсаты:

Ағаш өндейтін токарь станогын жұмысқа әзірлеудін және оның жұмысын басқарудын тәсілдерімен танысу.


Қауіпсіздік ережелері:

1. Станок орнатылған негізгі тіректе және басқада бөлшектерінде өңдеуге дайындалған бөлшектердің айналуына кедерні келтіретін заттардың болмауы.

2. Кескіш аспаптың жақсы қайралған және жарамды болуың қамтамасыз ету.

3. Арнаулы жұмыс киімдерінің жинақы да ыңғайлы болуы.

4. Жұсмыс кезінде қорғағыш көзілдірік киген дұрыс немесе қорғайтын, бақылап шолатың экранның мұқият жауып қою.

5. Электр қуатына қосылатын жерлердің сенімді жұмыс істейтінін тексеру.

6. Жұмыс барысында станокты қол мен тежеп тоқтатуға, өлшеуге, майлауға, ақауларын түзеуге тимым салынады.

7. Ағаш матералдарында еш қандай жарық, бұтақ көздері, шіріген қиғаш қабаттар кездеспегені дұрыс.

8. Еденге ризина төселген болуы керек.
Жаңа сабақты қорыту:

1. Токарь станоктарында ағаш материялдар өндеудің қандай түрлері орындалады?

2. СТД-120М токарь станогының құрылысы қандай?

3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?

Практикалық жұмыс:

Майшам қойғыш жасау технологиялық карта бойынша.


Үйге тапсырма беру:
Баға қою:
жүктеу 53,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау