Сабақтың мақсаты: Мәтіннің негізгі ойын анықтау



жүктеу 1,18 Mb.
Дата18.12.2017
өлшемі1,18 Mb.
#5028
түріСабақ

Ана тілі

4 сынып


Астана қаласы

Ә. Марғұлан атындағы № 40орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы


Тақырыбы: Кәдірбек Сегізбайұлы. Құмырсқалар.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтіннің негізгі ойын анықтау.

2. Оқушылардың мақал-мәтелдерді орынды қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.



3. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

Қолданған технология: Педагогикалық шеберхана

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ, білік және дағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, суреттер, интерактивті тақта

І. Индуктор


Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.


ІІ. Жеке құрастыру.

Балалар берілген сурет мағынасына қарай мақал-мәтел ойластырып, оның мағынасын ашу барысында жұмыс жасайды.



ІІІ. Әлеуметтік құрастық.

Әр бала өз ойын, шешімін ортаға салып, біріге талдап, бірлесіп нақты шешімге келеді.



ІV. Жарнамалау.

Әр оқушы өз жұмысын жарнамалап ортаға салады. Әр оқушының өз жұмысын тақтаға ілуге, дауыстап оқуға толық мүмкіндігі бар.



Данияр: Еңбек түбі – береке.

Еңбекті сүйіп өскен жан әр нәрсенің қадір-қасиетін түсінеді. Жалықпай еңбектенген адамның істеген ісі де, өмірі де берекелі, ысырапсыз болады.



Аружан: Ердің атын еңбек шығарады.

Өз еңбегінің арқасынды адам өзін әлемге әйгілі ете алады. Сондықтан тынбай еңбек етсең, даңққа бөленесің.



Аманжол: Еңбек етуді құмырсқадан үйрен.

Бұлай айтуымның себебі, құмырсқаны көрсімен көз алдыма еңбек келді. Ал кім еңбекқор деген сұрау болса, мен ол – құмырсқа дер едім. Аружан айтпақшы құмырсқа өз атағын еңбегімен иеленді.

Сурет бойынша жұмыс жасалып, балалардың ойы тыңдалады.


  • Жақсы. Суреттің негізгі ойы құмырсқа, еңбек жайында екен. Олай болса, мына жұмбақты шеше қойыңдар.

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол. (құмырсқа)



V. “Құмырсқалар” мәтіні оқушылармен тізбектей оқылады.

Мәтіннен көңілдеріңе не түйдіңдер?



  • Біз құмырсқалардың қиян-кескі қырқысуын, одан кейін әлсіздердің күш біріктіруі туралы білдік.

  • Табиғаттың қатал заңы күш біріктіру екенін аңғардық.

  • Осы мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімді қалай атар едіңдер?

  • Менің ойымша 3 бөлімге бөлген дұрыс секілді.

1. Ләйләнің еңбегі

2. Қан майдан.



3. Күш біріктіру.

V. Үзіліс.

Ең қызығы

Құмырсқаның бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай басы бар. Бұл бастың ішінде 1 миллиграмм да ми жоқ.
(Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.)

Сания: Менің есіме әжемнің Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді деген сөздері түсіп отыр.



Шыңғыс: Мына суретке қарап отырып, байлық байлық емес, бірлік – байлық деп түйіндеу орынды деп ойлаймын.

Аңсаған: Шіркін, татулыққа не жетсін!
VІ. Шығармашылық тапсырма.
Табиғаттың қатал заңы : Күштілер әлсіздерді жеңеді (Ләйләнің сыпырғышпен өз құмырсқаларын қорғауы жайында айтқызу)

Бұл да табиғаттың заңы: Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді (кішкентай құмырсқалардың күш біріктіргені жөнінде айтқызу)

Олай болса, Ләйләнің әкесінің сөздеріне сай, ынтымақ туралы, күш біріктіру туралы оқыған мақал-мәтелімізді еске түсіріп көрейік.

  • Күш – бірлікте

  • Адассаң көппен адас

  • Аз да бітер, көп те бітер,

Татулыққа не жетер?

  • Ұйымдасқан ұтады.

  • Татулық – табылмас бақыт.

  • Ынтымақ түбі – береке.

  • Ырыс алды –ынтымақ.


VІІ. Рефлексия.
бунақденелі еңбекқор
күшті

ұйымшыл


қанағатшыл иісшіл

пайдалы ақылды


Өте жақсы, балалар. Ендеше адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.
VІІІ. Үйге тапсырма.

Ләйләға мінездеме жазып келу.




жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау