Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
Дамытушылық: сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, «Мақал-мәтел» кітабы, қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өз досына немесе әдеби шығармадағы бір кейіпкерге тұрақты тіркестерді пайдалана отырып мінездеме жазу.
III. Өткен сабақты еске түсіру.
Лексика дегеніміз не?
Сөздің қандай мағыналары болады?
Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? Мысал келтір.
IV. Жаңа сабақ. Мақал-мәтелдер.
Тұрақты тіркестер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы. Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы анық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады.
Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Бірнеше мақал-мәтелдер плакатқа жазылып, тақтаға ілінген. Сол мақал-мәтелдерді оқып, түсіндіремін.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Еңбек түбі – береке.
Өнер – ердің қанаты.
Еріншектің ертеңі таусылмас.
V. Тапсырма бойынша жұмыс.
1 – тапсырма. Қима қағаздарға әр түрлі тақырыпта мақалдар жазып, тақырыпты ауыл-ауылға бөліп орналастырып, әр ауылға ат қою.
Мысалы:
Туған жер, Отан туралы.
Еңбек туралы.
Өнер-білім туралы.
Достық туралы.
Балалар өздері осы тақырыптар бойынша білетін мақал-мәтердерін әр қима қағаздарға жазады. Оларды аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады.
2 – тапсырма. Мақал-мәтелдердің екінші сыңарларын табу ойынын ойнату.
Қына тасқа бітеді, .....................................................................
Талаптыға ..................................................................................
Туған елдей, ел болмас, ...........................................................
Оқу – білім бұлағы, ....................................................................
Ұяда не көрсе, ............................................................................
Досы көпті жау алмайды, ..........................................................
Білекті бірді жығар, ....................................................................
3 – тапсырма. Адамның қасиеті туралы мақалдар тауып жазу.
Мысалы: «Жақсы адам – ел ырысы, жақсы жер – жанның тынысы».« Қарау адам күншіл, мекер адам міншіл».«Жақсы адамның өкпесі шай орамал кепкенше, жаман адамның өкпесі басы жерге тигенше».
4 – тапсырма. Мақал-мәтелдерге құралған ребустарды шешкізу.
5 – тапсырма. Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жазу.
Мысалы: «Күш - білімде».
«Үміт өлмейді».
«Оқу түбі - тоқу».
«Өнер – ердің қанаты».
«Жұмыстың жаманы жоқ».
«Өнерлі өрге жүзеді».
VI. Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Мақал дегеніміз не?
Мәтел дегеніміз не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай? Мысал келтір.
Мақал-мәтелдер қандай тақырыпта болады?
VII.Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
5 мақал, 5 мәтел жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |