107-106 -105 -104 -103 -102 -101 -10°
Жылдар (логарифмдік шкала)
В сурет. Адамзаттың дамуының теңсіздігі (логарифмдік масштабпен) онда тек соңғы бірнеше миллиметрлер (уақыт бойынша – мыңжылдықтар) белсенді мәдени, ғылыми және техникалық дамуға сәйкес келеді. Осы төрт-бес мыңжылдықтар бойы мәдениетті адам қалыптасты. Осы бірнеше миллиметрге әр түрлі халықтардың философиясының, өнері мен діндерінің тууы мен дамуы; көптеген соғыстар мен төңкерістер; ұлы ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар (мысыр пирамидасының тұрғызылуы, дөңгелекті, шахматты, оқ дәріні, жазуды және т.б. ойлап табу) сыйды.Қарастыру үшін соңғы бірнеше ғасырлар (соңғы миллиметрдің бөліктері) ерекше қызықты, себебі, дәл осы уақыт аралығында электрді зерттеумен және қолданумен байланысты ғылымда, техника мен өндірісте маңызды өзгерістер болды. Осы жылдары электротехника мен электр өлшеуіш техника пайда болды және сосын кеңнен таралды тарихи дамудың осы сатысында электротехникалық адам қалыптасты.Табиғатта электр және магнетизмнің көрініс беруі ежелден белгілі болды. Адам, әрине, атмосфералық электрлік разрядтарды – найзағайларды байқады, жануарлар әлеміндегі электрлік зарядтар әсерлерін бақылады; үйкеліспен кейбір заттардың қасиеттерін олар басқаларды тартатындай етіп өзгертуге болатыны байқалды; кейде темірді тартатын табиғи магниттерді тартты. Дегенмен электрлік және магниттік құбылыстарды шындап зерттеу мен практикада қолдану салыстырмалы түрде таяуда – осыдан миллиметрдің бірнеше ондаған үлесі бұрын басталды.XVIII ғ. көптеген елдердің зерттеушілерінің электр мен магнетизмнің әр түрлі көрініс беруіне белсенді қызығушылықтың басталған ғасыры және салдары ретінде оларды зерттеуге қажетті әдістер мен өлшеу құралдарының екпінді даму ғасыры деп аталуы мүмкін. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлерінің бірі М.В.Ломоносов Ресейде электр құбылыстарын зерттеудің негізін қалаушы, бірінші электр теориясының авторы болып саналады. Электрлік өлшеу XVIIIғ. ортасынан бастау алады. Ресейлік академик Г. В. Рихман және оның әріптесі М. В. Ломоносов электрлік өлшеуді алғашқы жасағандар болды. XVIII ғ. 40-шы ж.ж. атмосфералық электр аумағындағы зерттеулер нәтижесінде олар әлемде бірінші рет электр күшін өлшейтін аспапты жасады, онда электрлік шаманың – атмосфералық электр зарядының шамасына сандық баға берді. Бұл аспаптар қазіргі мектеп электроскоптарын еске түсірді, бірақ есептеуші құрылғысы-шкаласы мен көрсеткіші (жылжымалы электроды –бағыттамасы) болды.XVIII ғ. ортасынан XIX ғ. аяғына дейін электр мен магнетизмді зерттеу мен практикада қолдану ісінде негізгі жаңалықтар мен нақты әзірлемелер жасалды, болашақтағы электротехника мен электрлік өлшемдердің негізі қаланды. XVIIIғ. аяғы мен XIXғ. Басында әр түрлі елдердің ғалымдары мұқият зерттеулер мен көптеген эксперименттер жасады. Ағылшын физигі Д.П.Джоулдің, француз инженері Ш.О.Кулонның, италиялық анатомия профессоры Л.Гальванидің, ағылшын ғалымы М. Фарадейдің жұмыстары электр мен магнетизмнің мүмкіндіктері мен негізгі заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік берді. Үздіксіз электр тогының алғашқы («Вольт бағанын») итальяндыққа профессоры А.Вольт жасады. А.М.Ампер зерттеу практикасын «электр тогы» терминін және«электр тогының бағыты» ұғымын енгізді. Неміс физигі Г. С. Ом XIX ғ. бірінші үштен бірінде электр тізбегінің негізгі заңдылықтарын кернеудің тізбектегі токқа және оның кедергісіне тәуелділігін экспериментте дәлелдеді және теориялық негіздеді. Берлин университетінің профессоры Г. Р. Кирхгоф 1845 ж. тармақталған электр тізбектері үшін негізгі заңдарды тұжырымдады.Электр және магнетизм, электротехника, электрлік өлшеулердің қалыптасуы туралы әлемдік ғылымға орыс ғалымдары баға жетпес үлес қосты. Академик Э.Х. Ленц электротехника саласында (электромагниттік индукция құбылысы, электр машиналарының қайтымдылық принципі, өткізгіш арқылы ағатын токтың жылулық көрініс беру эффекті және т.б.) бірқатар негіз қалаушы жаңалықтар ашты. Физика профессоры академик В.В. Петров жасаған электр разрядтарының заңдылықтарын теориялық және экспериментте зерттеу электрді жарықтандыру, сондай-ақ металдарды балқыту мен дәнекерлеу үшін іс жүзінде қолдану мүмкіндігін алғаш рет көрсетуге және дәлелдеуге мүмкіндік берді.
XIXғ. екінші жартысы электрлік өлшеу әдістері мен құралдарын шындап дамыту қажеттілігіне алып келген электр энергиясын өндірісте қолдануға қызығушылықтың артуымен әйгілі болды. Сол уақытта орыстың атақты электротехнигі М.О.Доливо-Добровольский электромагниттік, электро динамикалық және индукциялық жүйелерді өлшейтін аспаптар әзірледі және жасады, яғни, амперметрлердің, вольтметрлердің, ваттметрдің, фазометрдің бүгінде ең бұқаралық түрлерін жасаудың іргетасын қалады. М.О.Доливо-Добровольскйдің арқасында электротехникада айнымалы ток кең таралды. Ол практикаға үш фазалы электр тізбектерін енгізді, алғашқы үш фазалы электр қозғалтқыш әзірледі. Көрнекті физик А. Г. Столетовтың магниттік өлшеулер саласындағы, академик Б. С.Якобидің ( ресей ғылымына өмірінің қырыққа жуық жылын арнаған шетелдіктің) электр тізбектерінің кедергісін өлшеу саласындағы жұмыстары осы бағыттың әрі қарай дамуын қамтамасыз етті.
XVIII ғ. бойы негізінен статикалық өлшеулерге арналған электромеханикалық өлшеу аспаптарының бағыты қалыптасты. XIX ғ. алғашқы динамикалық өлшеу құралдары – өздігінен жазатын аспаптар пайда болды. Электронды вакуумдық лампаның және электронды-сәулелік түтіктің ойлап табылуынан (XIX соңы — XX ғ. басы) электрондық техниканың дамуы басталады. Ұзақ жылдар бойы көптеген зерттеушілер үшін динамикалық өлшеудің негізгі құралы болған алғашқы электронды-сәулелік осциллографтар жасалады.Электр өлшеу техникасының екпінді дамуы осы бағыттың метрологиялық негіздерін әзірлеудің электрлік өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету қажеттілігіне объективті және сөзсіз алып келді.XIXғ. аяғына дейін әлемнің түрлі елдерінде және адам әрекетінің түрлі салаларында бірдей физикалық шамаларды бағалау үшін көптеген түрлі бірліктер қолданылды: шақырымдар, милялар, сажындар, әртүрлі футтар, ярдтар, аршындар; көптеген фунттар, өлшемдер, унциялар, мысқалдар; Фаренгейт, Реомюр және Цельсий градустары және т.б. Еуропада XVIII ғ. аяғында өлшемдері бойынша бірнеше ондаған әр түрлі футтар (ұзындық бірлігі), ондаған әр түрлі мильдер, жүзден аса әр түрлі фунттар (масса бірлігі). Сонымен қатар, бөлшектік және еселік бірліктерде біркелкілік болмады.Ұқсас жағдай сол кездегі жас электр өлшейтін техникада да болды. Салыстырмалы түрде таяу уақытта, 1880 ж. электрлік өлшеулердің әлемдік тәжірибесінде электр тогының бес әр түрлі бірліктері, электр қозғаушы күштің (ЭҚК) және кернеудің сегіз бірлігі қолданылғанын, ал электрлік кедергі бірліктері – он бес болғанын елестету қиынға соғады. Осылардың бәрі, әрине, түрлі елдердің зерттеушілері мен ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің бағыттары арасындағы өзара түсінісуге айтарлықтай кедергі жасады; электротехника мен электр өлшеуіш техниканың қалыпты дамуына кедергі келтірді. Жедел электрлік шамалардың бірыңғай жүйесіне өту қажет болды, ол 1881ж. Парижде өткен электр бойынша Бірінші Халықаралық конгресте жасалды. XIX XX ғғ. аралығында көрнекті орыс ғалымы, отандық метрологияның негізін қалаушы Д.И. Менделеевтің атсалысуымен Санкт-Петербургте өлшемдер мен салмақтардың басты палатасында электр өлшеуіш аспаптарды тексеруге арналған бөлім құрылды. Бұл оқиға Ресейде электрлік өлшеулер стандарттауы мен метрологиясының тыңғылықты дамуының бастауы болды. XXғ. басының өзінде орыс ғалымдары мен инженерлері ом мен вольттың алғашқы эталондарын жасауға кірісті.суретте электр өлшеуіш техниканың даму қарқынын және оның заманауи деңгейін шешуші түрде анықтаған, XX ғ.-дағы адамзаттың негізгі технологиялық жетістіктері көрсетілген.Тағы да XIX ғ. аяғында алғашқы электрондық вакуумдық құрылғылар– лампалар пайда болды. 1897 ж. Ресейде М.А. Шателен электронды-сәулелік түтікті жасап шығарды, ол электронды-сәулелік осциллограф жасауға мүмкіндік берді. Сол жылдары М.А.Шателен электрлік өлшеулер бойынша алғашқы оқу құралын жазды.XXғ. бірінші жартысы электр өлшеуіш аспаптардың белсенді әзірленуімен әйгілі болды. Практикаға электронды вольтметр, осциллограф, генератор өлшеулері жылдам енгізіледі. Осы жылдар сигналдарды түрлендірудің цифрлық әдістеріне қызығушылықтың артуымен, алғашқы цифрлық өлшеу аспаптарының пайда болуымен сипатталады. Цифрлық әдістер өлшеу құралдарының қозғалмалы бөлшектерінен бас тартуға мүмкіндік берді, және сонымен қатар, басқа да маңызды артықшылықтары болды. Транзисторды жасап шығару (1948 ж.) және оны әзірлемелерде қолдану өлшеу құралдарының өлшемдерін, массасын, тұтыну қуатын бағасын бірден төмендетуге, олардың негізгі сипаттамалары мен сенімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік берді. Алғашқы интегралдық схема (микросхема) 1961-ші ж. пайда болды. 1971 ж. бірінші микропроцессор — бағдарламалайтын қызметтері бар үлкен интегралдық сұлба әзірленді. Микропроцессор заманауи есептеуіш машинаның және өлшеу техникасының іргетасы, көптеген электрондық жүйелердің, басқару жүйелері мен тұрмыстық техниканың негізі болып табылады.
|
45 мин
|
5
|
Бекiту кезеңі./ Закрепление материала.
Электр өлшеу аспаптарына не жатады?
Электрөлшеуіш аспаптың шартты белгілері?
Дәнекерлеу дегеніміз?
Батырып дәнекерлеу
Канифоль ? ( шыны тәрізді, ашық-сары түсті қатты зат).
Флюс дегеніміз?
Флюс түрлері ?
Дәнекерлеу ?
Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы ?
Ток пен кернеуді өлшеу?
Кедергілерді өлшеу?
|
10 мин
|
6
|
Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі.
Домашнее задание, подведение итогов урока.
Осы жазылған дәрісті толығымен оқып келу
|
5 мин
|
Дәнекерлеу дегеніміз? ( қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру).
Батырып дәнекерлеу? ( компоненттері ілмелі платаны ыдыстағы балқыған дәнекер бетімен жанасқанша төмендетіп, белгілі уақыт өткенше ұстап тұрып дәнекерлеу).
Канифоль ? ( шыны тәрізді, ашық-сары түсті қатты зат).
Флюс дегеніміз? (домна пешінің шихтасына бос жыныстардың балқу температурасын төмендету және күл мен күкіртті қожтүрінде ығыстыру үшін қосылатын минералды заттар).
Флюс түрлері ? (араластырылғaн флюс, балқытылғaн флюс, керамикалық флюс, қақталған флюс ,пемзотүрлі флюс , пісіру флюсі, шыны түрлі флюс).
Дәнекерлеу ? ( жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі).
Достарыңызбен бөлісу: |