Сабаќтыѕ жоспары (теория) 15


Сабақтың барысы/ Ход урока



жүктеу 186 Kb.
бет3/7
Дата26.04.2020
өлшемі186 Kb.
#29983
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7
04.04 лекция ЭТ

Сабақтың барысы/ Ход урока




Сабақтың кезеңдері /Этапы урока

Уақыты/ Время

1

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, білім алушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу/



2 мин

2

Мақсат қою кезеңі.Дәріске өту жоспары.

1.Электрлік өлшеулер және аспаптар.Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы .

2.Ток пен кернеуді өлшеу.

3. Кедергілерді өлшеу.

4.Электрлік және электрлік емес шамаларды электрлік өлшеу.

5.Тарихи аспект.



1.Электрлік өлшеулер және аспаптар

Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы .

Электр аппараттарын пайдаланғанда токты, кернеуді, кедергіні, қуатты, жиілікті, электр энергиясының шығымын өлшеуге тура келеді, Ол үшін әртүрлі электр өлшеуіш аспаптарын қолданады.



Өлшеу дегеніміз - арнайы техникалық құралдар көмегімен физикалық шамалардың мәнін анықтау.

Өлщеуіш аспаптардың жұмыс істеу принциптерін, олардың атқаратын міндетіне байланыссыз, былай түсіндіруге болады: электр тогы аспап аркылы жүріп айналдыру моментін туғызады, айналдыру моментінің әсерімен спираль серіппесінің 2 қарсы әрекетін жеңеді, қозғалатын бөлік бұрьшына бұрылады (4.1 - сурет). Бұл жерде нұсқама тіл 3 шкала 4 бойы мен қозғала отырып өлшенетін шаманы көрсетеді. Аспапты ажыратқаннан соң айналдыру моменті жоғалады, қозғалатын бөлік серіппенің серпімділігінің салдарынан алғашқы орнына қайта оралады.



Пайдалану жағдайына байланысты аспаптың қозғалатын бөлігі тез тынышталуы керек. Бұл ауалы немесе магниттік тыныштандырғышымен іске асырылады. Ауалы тыныштандырғышта (4.2,а- сурет) қозғалатын бөлігін тежеу үшін тыныштаңдырғыш камерасындағы ауаны сығу немесе сирету салдарын пайдаланса, магниттік тыныштандырғышында магниттік тежеу принципін пайдаланады (4.2, б-сурет).
 

4.1-сурет Электр өлшеуіш аспаптың 4.2-сурет. Тыныштандырғыш құрылысы:

қозғалмайтын бөлігінің құрылысы 1-ауалы тыныштандырғыш камерасы,

2-поршень, 3-тұрақты магнит


Физикалық шаманың мәні - физикалық шаманың мәнін қабылданған өлшем бірлігі түріндегі сан түрінде бағалау.

Тікелей өлшеу - тікелей тәжірибе барысында физикалық шаманың мәнін өлшеу.

Жанама өлшеу - тікелей өлшенетін физикалың шама мен қажетті өлшенетін шаманың өзара тәуелділігін қолдана отырып өлшеу тәсілі.

Өлшеу қцралдары - өлшеуге арналған нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар.

Өлшеу аспабы - өлшеу ақпарат сигналын қабылдауға ыңғайлы пішінге түрлендіретін өлшеу құралы.

Абсолют дәл аспаптар болмайтындыктаң, аспап көрсетулерінін. нағыз өлшенетін шамадан айырмашылығы болады. Аспаптардын көрсетуі мен өлшенетін параметрдің нақты мәнінің айырмашылығы абсолют кателігі деп аталады.

Абсолют қателігінің өлшенетін параметрдің нақты мөлшеріне қатынасы аспаптың салыстырмалы қателігі деп аталады үсал = == ().


жүктеу 186 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау