Тарихи аспект. Заманауи ғылымның даму деңгейі, өкінішке орай, Жер ғаламшары қашан қалыптасты және онда Адам қашан пайда болды деген сұраққа бір мәнді жауап бере алмайды. Түрлі деректер бойынша біздің ғаламшарымыздың жасы — бірден он миллиард жылға дейін. Адам, ақыл-есі бар тіршілік иесі (HomoSapiens) ретінде Жерде 1...10 млн жыл өмір сүруде деп есептеледі. Көптеген ғасырлар бойы адамзаттың тіршілігі өз дамуының бірнеше негізгі сатыларынан өтті, сонымен бірге бұл даму өте біркелкі емес түрде болды (2.В сурет). Бұл процесс экспонентті еске салады деп саналды – әрбір жаңа мыңжылдықта, ғасырда, онжылдықта адамзат екпіндей алға басады. Ғылыми білімдердің, жинақталған ақпараттың көлемі әлемде әрбір он жыл сайын екі еселенетіні белгілі.
Егер негіз ретінде адамзаттың ең аз жасын – бір миллион жылды алсақ және оны ұзындығы бір метр сызықтық кесінді түрінде елестетсек
-
Достарыңызбен бөлісу: |