Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет9/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

90



14-сурет. Кротов аппаратының жалпы көрінісі.

Ауа микробын анықтаудың Кротов ұсынған әдісі де бар. Ол тексерілетін ауа ағынының жапсыра-соғу әсеріне негізделген. Аппараттың жалпы көрінісі 14-суретте келтірілген. Ал онымен жұмыс істеу ережесі аппаратпен бірге жіберілетін нұсқауда егжей-тегжейлі баяндалған. Бұнда микробтар саны бір-текше метрдегі көлемде анықталады. Бұл аппараттың, әсіресе, шаң-тозаңдағы микробтар санын есептегенде өте жақсы нәтиже береді.

Материалдар мен құр а л-ж а б д ы қ т а р: Зарарсыздандырылған Петри табақшасы, ет-пептонды агар (пробиркада), су моншасы, спиртовка, тушь, электр плитасы, термостат, микроскоп және препараттар жасауға арналған керекті заттар, Кротов аппараты.

Су микрофлорасын тексеру: Әр түрлі су қоймаларының сулары

көптеген микроорганизмдердің : (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайым және т. б.) тіршілік ететін табағи ортасы болып есептеледі. Судағы микроорганизмдердің дамуын көрсететін негізгі фактор — ондағы қоректік заттардық мөлшері деп есептеуіміз керек. Су неғұрлым органикалық заттарға бай болса, онда солғұрлым микробтар да көп болады. Суда микробтардың өніп өсуіне қарап оның тазалық дәрежесін де анықтауға болады.

Әр түрлі топырақ сапрофиттері мен суда тіршілік етуге бейімделген ерекше микроорганизмдер, сонымен бірге түрлі ауру қоздырғыш микробтарда тіршілікетуі мүмкін.

91

Түрлі жұқпалы аурулардың таралуы қоздырғыштардың ауру адаммен жануарлар бөліп шығаратын заттарымен бірге келіп түсуіне байланысты. Бұлардың ішінде энтеробактериялар (іш сүзегі, салмонеллалар, дизентерия таяқшасы т. б.), оба вибриондары, бруцеллалар, туляремия және туберкулез таяқшалары, патоген лептоспиралар, полиомиелит вирустары, гепатит, жұқпалы конъюктивит), шошқалардың африкалық обасын қоздырғыштар аса қауіпті. Бұл микробтар суда өне бойы тіршілік ете бермейді. Белгілі бір қолайсыз жағдайлар әсерімен суға түскен микробтар біраздан кейін қырылып қальш судың өздігінен тазаруы мүмкін. Әрине сол азғантай уақыт ішінде бұл микробтар орны толмас зиян келтіруі де ықтимал. Сондықтан су адамдар, жануарлар және өсімдіктер арасында инфекцияны жапдай таратушы фактор болуы мүмкін. Санитарлық тұрғыдан қарағанда тек патогендік микробтар бар су ғана емес, сапрофит бактериялар көп жиналған су да аса қауіпті болып саналады. Оның себебі бактериялары көп сулардың өзінде түрлі органикалық заттар да мол болады. Сонымен бірге құрамында микробы көп суларды өнеркәсіпте пайдалану қауіпті. Мәселен, май, сыр және басқа да тағамдық заттарды өндіруде бұндай суды қолдану ол өнімдерде түрлі микробтардың



көбейіп кетіп, тағамның сапасын төмендетуге әкеледі. Сондықтан халықтың денсаулығын қорғау мақсатында су және бөгендердің санитарлық-гигиеналық жағдайын мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынды.

Судың 1 миллилитрінде сапрофит микрооргнизмдер саны бірнешеден бірнеше миллионға дейін барады. Жер асты суларына қарағанда жер беті суларында, ал су асты балшықтарда ашық суларға қарағанда микробтар көп. Су асты балшығында аэроб және анаэроб бактериялар, солардың ішінде клетчатка ыдыратушы, аммонификациялаушы және нитрификациялаушы бактериялар, күкірт бактериялары, темір бактериялары кездеседі.

Судың бактериологиялық жолмен тексергенде, оның белгілі бір көлемін қатты қоректік ортаға себеді. Су бактерияларын бірден санау әдісі өте сирек қолданылады. Дегенмен бұл әдіс дәлдігі жағынан басқа әдістерден едәуір артық.

Суды бактериологиялық тәсілмен тексеруді, оның бір мл микробтардың жалпы санын, судың нәжістермен ластануын, яғни санитарлық көрсеткішін



92

анықтау, суда түрлі патоген микробтар және олардың бөлетін уларын, бактериофагтарды анықтау мақсатында жүзеге асырады.



Суды тексеру. Қатты қоректік орта ретінде ет-пептонды агарды пайдаланады. Тексеру мақсатында ашық бөгеннен және құбыр суынан 5—10 мл зарарсыздандырылған пробиркаға немесе колбаға құйып алады да зарарсыздандырылған мақта тығынымен тығындайды. Тәжірибелік үлгіні 4° С температурада үш сағаттай сақтайды. Микроорганизмдер санын анықтағанда тексерілетін суды сұйылту қажет. Бұны былай жүргізеді ішінде 9 мл зарарсыздандырылған суы бар бірнеше пробиркаларды дайындайды. Пробиркаларды нөмірлейді. Зарарсыздандырылған пипеткамен тексерілетін судың бір миллилитрін алып ішінде 9 мл зарарсыздандырылған суы бар пробиркаға құяды. Бұл жұмысты спиртовка жалынында жүргізу шарт. Сонда сұйылту 1 : 10 болады. Пробирка ішіндегі суды сол пипеткамен үрлеп араластырады да, жаңа зарарсыздандырылған пипеткамен оның 1 мл алып № 2 пробиркаға құяды, сонда сұйылту 1 : 100 тең болады. Жұмысты осылай ете отырып, жалпы сұйылту санын № 10 пробиркаға дейін жеткізеді. Жалпы ашық сулардың сұйылтуын 1 : 1000 кем жасамау керек. Соңғы, яғни бұл жағдайда № 3 пробиркадан зарарсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып Петри табақшасына тамызады да, үстіне су моншасында балқытылған ет-пептонды агардың (ЕПА) 10 мл құйып, табақшаны жауып, тегіс жерде шайқай отырып, біркелкі етіп қатырады. Тексерілген суда алдын ала қатырылып дайындалған агар бетіне тамызып, зарарсыздандырылған шпательмен жаюға болады. Табақшаны жауып, сыртына тиісті тәжірибені жазып 22—25° С термостатқа қояды. Тәжірибе үш рет қайталануы тиіс.

4—5 тәуліктен соң Петри табақшасындағы ескен бактериялар колониясын санап, оның 1 мл судағы санын анықтайды. Жалпы қала маңындағы судың 1 мл 460000, ал тоған суының бір миллилитрінде 1 350000 микроб кездесетіні анықталды.

1 мл тексерілген судағы бактернялар санын анықтау үшін екі параллель Петри табақшасындағы колониясын санап, сол тостағанша сыртында жазылған сұйылту дәрежесіне көбейтеді. Мәселен, сұйылту дәрежесі

1 : 100 1 мл Петри табақшасына құйылған тексеруге арналған суда орта



93

есеппен 160 колония өсіп шықты дейік. Сонда тексерілмекші 1 мл суда 160X100=16000 бактерия болғаны.

Материалдар мен құ р а л-ж а б д ы қ т а р: Микроскоп, ішінде ЕПА

бар зарарсыздандырылған пробиркалар, зарарсыздандырылған Петри табақшалары, зарарсыздандырылған 1 мл-лік пипеткалар, ішінде 9 мл зарарсыздандырылған суы бар пробиркалар, су моншасы, электроплитка, термометр, құбыр суы (колбада немесе пробиркада), ашық жерден алынған, су спиртовка, сіріңке, зарарсыздандырылған шыны шпательдер, микробиологиялық ілмешектер, заттық әйнектер, бояулар, тушь.

Судағы ішек таяқшасын және оның индексін а н ы қ т а у. Суда ішек таяқшасы бактерияларының кездесуі, судың түрлі нәжістермен ластануынан болады. Ішек таяқшасының өзі сапрофит микроорганизм болғанымен оның кездесуі суда турлі ауру қоздырғыш микроорганизмдердің өсіп-өнгендігін байқатады. Оларға сүзек, парасүзек, дезинтерия, оба т. б. жатады. Сондықтан ішек таяқшасының титрі мен индексінің көрсеткіші арқылы судың санитарлық сапасын анықтайды.

Судың ең азғана көлемінде ішек таяқшасының бір клеткасы кездессе оның титрі деп есептеледі. Мәселен, 500 мл суда ішек таяқшасының бір клеткасы кездессе, ол судың коли-титрі 500-ге тең болады. Ал коли-индекс деп судың 1 литрінде ішек таяқшасының санын айтады. Жоғарыда келтірілген мысалда коли-индекс 2-ге тең.

Коли-титр мен Коли-индексті арнаулы практикум кезінде анықтайды. Міне енді осы жұмыстың атқарылу әдісінің екі түріне тоқталып өтейік.

Мембранды сүзгіш әдісі. Бұл әдіспен түтік және артезиан құдығының суларын тексереді. Сүзгіні ыстық суға (50—60° С) салып 15 минуттан үш рет қайнатады. Әр ретте суды ауыстырып тұрады.

Сүзгіні зарарсыздандырылған Зейц аппаратында орналастырады да су қысымды сораппен зерттелетін суды сүзеді 15-сурет. Тазалық дәрежесіне байланысты сүзілетін судың мөлшері 300—500 мл шамасында болғаны жөн. Сүзіп болғаннан соң сүзгіні зарарсыздандырылған пинцетпен ішінде Эндо коректік ортасы бар Петри табақшасына салады. Табақшаны " 430 С температурасы бар термостатқа бір тәулікке қояды да, одан соң өскен

94

бактериялар колониясын тексереді. Бұл ортада ішек таяқшасының колониясы металша жарқырап тұрады, ал оның айналасы бактериялардың қышқыл түзуіне байланысты қызыл түске боялады.



Колониялардың бірнешеуін жұғынды жасап Грам әдісімен бояйды. Ішек таяқшасы Грам теріс. Эндо қоректік ортасын жасау үшін мынадай заттарды алады:

ЕПА .... 100 мл,

химиялық таза лактоза .....1г,

негізгі фуксиннін қа-

ныққан спиртті ерітін-

дісі ....2—Змл,

сульфат натрийдің

10%-ті сулы ерітіндісі .... 10 мл,



орта рН ....7,4—7,5

15-сурет. Зейцтің бактериялық сүзгісі.

Бактериялардың дәл ішек таяқшасы екенін анықтау үшін пробиркадағы Эйкман ортасын қолданады. Оны да 43° С температурада бір тәулікке қалдырады. Бұнда ішек таяқшасын ортаны лайландырады да ете көп мөл-шерде газ беледі. Эйкман ортасын былайша дайындайды (1 л дистилденген суда г есебімен):

пептон ...10,

NаСІ ...5,

глюкоза ...5,

орта рН ...7,4—7,6

Ортаны қайнатып, сүзіп, оған глюкоза қосады. Агарды балқытып, одан соң 70° С дейін салқындатып лактоза қосады. Зарарсыздандырылған пробиркаға 1 мл фуксин ерітіндісін және онда солғын қызыл түс пайда болғанша натрий сульфатының ерітіндісін косады. Алынған ерітіндіні ыстық агарға құяды, жақсылап араластырады, зарарсыздандыру тәртібін сақтай

95

отырып Петри табақшасына құяды. Қатқан орта түссіз болуы керек және оны тәжірибе жасалатын күні дайындайды. Осы ортада өсіп шыққан колониялар бойынша коли-титрді анықтайды. Мәселен, сүзгі арқылы 300 мл су сүзілсе, одан қоректік ортада ішек таяқшасына тән бір-ақ колония есіп шықты делік. Сонда Коли-титр 300: 1=300-ге, ал Коли-индекс'- 1000 : 300 = 3,3-ке тең болғаны.



Екінші әдіс:Екі сатылы ашу деп аталады. Бұл әдіспен жұмыс жасағанда тексеруге алынатын су көлемі оның ластану дәрежесімен анықталады. Алынған суды зарарсыздандырылған сумен бірнеше ондаған есе сұйылтады. Сұйылту әдісі жоғарыда келтірілген. 10 мл Эйкман ортасына әр сұйылтудан 1 мл судан қосады да 43° С температурада термостатта 7 сағаттай үстайды. Содан кейін барлық пробиркадан розолды-дифференциалды агарга (РДА) себеді. РДА былайша даярланады: (1 л дистилденген суда г есебімен):

агар ... 15,0,

өт ... 50 мл,

глюкоза ... 1,0,

лактоза ... 10,0

Ортаға 2 мл бромтимол көктің спиртті ерітіндісін 2 мл және розол қышқылының 5% спиртті ерітіндісінін 2 мл қосады.

Эйкман ортасын және РДА тиндализациялау тәсілімен зарарсыз-дандырады. Эйкман ортасы құйылған пробиркадағы материалды ілмешекпен алып, конденсацияланған суда өзеді, пробиркадағы РДА ортасынын қалың қабатына инемен тесіп, себеді. Дәл осындай етіп қиғаштала қатырылған

РДА ортасына иректей сыза себеді. Пробиркаларды 37° С температурада термостатта бір тәулік ұстайды да, тексереді. Ішек таяқшасы бар жерде конденсацияланған су көбіктенеді, сарғаяды, РДА агарында тәулік ішінде газ көпіршіктері пайда болады.

Коли-титр және Коли-индексті төмендегі кестемен анықтайды. Бұнда 1 мл судың бастапқы көлемімен 0,001 сұйылту дәрежесіне байланысты көрсеткіштер келтірілген.

96

 



1 мл

0,1 мл

0,01 мл

0,001 мл

Коли-индекс

Коли-титр



_

_



900

1









900

1





+

__

900

1



+

2

__

950

1





+

+

1800

0,5



+





1900

0,5



+

+



2200

0,4

+

_

_

+

2300

0,4



+

_

+

2800

0,3

+



+

_

9200

0,1

+

. —

+

+

9400

0,1

+

_

+




18000

0,05

+

+




+

23000

0,04

+

+





96000

0,01

+

+

+

+

238000

0,004

+

+

+

1

238000

0,004

Материалдар мен құрал-жабдықтар: № 3 мембраналық сүзгілер. Зейц аппараты, су ағынды I сорап, ішінде Эндо ортасы бар Петри табақшалары, спиртовка, пробиркалар, электр плиткасы, пробиркадағы зарарсыздандырылған су, Эйкман ортасы, пробиркадгғы розолды-дифференциалды агар (тіке және қиғаштай қатырылған), микробиологиялық ілмешектер.

17. БАКТЕРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР

Бактериялық тыңайтқыштар. Азотобактердің, түйнек бактерияларының, фосфор бактерияларының физиологиясын және биологиясын зерттеуде қол жеткен бірқатар табыстар бактериялы жер тыңайтқыш препараттарды, яғни бактериялы тыңайтқыштарды жасауға көмектесті.

Бактериялық тыңайтқыштар азот тұтушы, фосфорды минералдаушы микроорганизмдердің белсенді штамдарының таза тобынан тұрады. Осындай микроорганизмдерден жасалған препараттар тиісті ауыл шаруашылық өсімдіктерінің тұқымдарына жұқтырылады. Сонда олар тамыр айналасында, тамырдың ішінде тіршілік етіп, сол өсімдіктерге кажетті азот және басқа да биологиялық активті заттармен қамтамасыз етіп, олардың дамуын жақсартады, сөйтіп өнімділікті арттырады.

97

Сонымен бірге олар топырақтағы бірқатар ауру қоздырғыш микробтар мен саңырауқұлақтарға жойқын әсер етіп, олардың тіршілігін тежейді немесе жойып жібереді.



Қазіргі кезде егіншілікте қолдануға ұсынылған препараттар: нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин және АМБ (автохтонды микрофлора “Б”)' де аталатын бактериялы тыңайтқыштар.

Нитрагин — арнаулы қоректік ортада өсіріліп топырақ немесе шымтезек пен араластырылған түйнек бактерияларының таза культуралары. Нитрагинді жасау үшін активті түйнектерден белінген, арнаулы қоректік орталарда есірілген, көбейтілген түйнек бактерияларының әртүрлі түрге жататын өкілдері қолданылады. Осылай есірілген түйнек бактерияларын топырақ немесе сол сияқты органикалық затпен қосып араластырады. Осы қосылатын затқа байланысты топырақты және торфты немесе бактериялар өздері құрғатылып қолданылса құрғақ нитрагин деп ажыратады.

Нитрагинді өндіру үшін құнарлы, органикалық заттары мол, рН 6,0-дан төмен емес топырақтарды таңдап алып, жарты литрлік сүт бөтелкесіне салады да 2 атм. қысыммен 2 сағаттай зарарсыздандырады. Осымен қатар таза түйнек бактерияларын бұршақ немесе лобия дәндерінен қайнатпа жасап, оған қант қосып, сонда өсіреді. Зарарсыздандырылған шөлмектегі топыраққа бактериялардың осы культураларын қосып, 4—6 күндей 20—25° С температурада термостатта ұстайды. Содан соң нитрагиннің 1 п-да қанша түйнек бактериялары барлығын анықтайды да, шелмектерді ауа бармай-тындай етіп жауып, сыртына қандай өсімдікке арналған және жарамдылық мерзімі жазылған этикетканы жапсырады.

Стандарт бойынша соя, люпиндер (бөрі бұршақ) үшін 1 г дайын нитрагинде 70 млн, ал жоңышқа, бұршақ, сиыр жоңышқа, беде т. б. үшін 300 млн. түйнек бактериялары болуы тиіс.

Нитрагинді бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тұқымын себер алдында өңдеуге қолданады. Бұл үшін күн түспейтін жерде, таза жерге немесе брезентке өсімдік тұқымдарын төгеді. Осы тұқымдар мөлшеріне

есептеп нитрагин алып оны 1 литр суға әрбір 140—180 кг тұқымдарға (бұршақ, лобия, люпин) және 40—50 кг ұсақ тұқымдарға (жоңышқа, беде, люпин және т. б.) есептеп бір литр суға езеді. Осы ерітіндімен тұқымды



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау