Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет8/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

12-сурет. Сұйылтуды даярлау схемасы мен қатты қоректік ортаға

топырақ суспензиясын себу.

топырақ Эшби орталарына себеді. Саңырауқұлақтар мен ашытқыларды бөлу және санау үшін СА (суслоагарды) немесе түрі өзгертілген Чапек ортасын пайдаланады.

Су моншасында балқытылған қоректік ортаны, зарарсыздандыру ережесін сақтай отырып Петри табақшасына қалыңдығын 0,5—0,8 см етіп құяды. Әрбір сұйылтуға осындай Петри табақшасының 3—5 даярлайды. Орта қатқаннан соң оның жабынынан судың тамшыларын жоғалту үшін Петри табақшасын 60— 70° С температурасы бар термостатқа кептіреді.

Жабын әйнекке топырақ үлгісінің нөмірін, себу мерзімін, сұйылту дәрежесін және тәжірибенің қайталау санын жазып қояды.

Топырақ микроорганизмдерін бөліп алу үшін топырақ суспензиясын қоректік ортаның бетіне себеді. Алдымен пипеткамен бір мл сұйылтылған суспензия алынады. Әр сұйылтуды қоректік ортаға енгізер алдында зарарсыздандырылған жаңа пипетка және шпатель алынуы тиіс.

Зарарсыздандырылған пипеткамен тиісті сұйылтудан 1 мл топырақ суспензиясын алып Петри табақшасындағы қатты қоректік ортаның дәлдеп ортасына құяды. Шпательмен осы тамшыны агар бетіне жақсылап

78

жаяды. Топырақ суспензиясын себу үщін әдетте 6,1— Р,2 мл микропипеткаларды қолданады. Себілген Петри табақшасын қақпағын төмен қаратып, 28—37° С термостатқа қояды. Петри табақшасындағы бактериялар колониясын 3—5, саңырауқұлақтар мен ашытқыларды 5—7, актиномицет-терді 7—15 тәуліктен кейін санайды. Егерде Петри табақшасынан 50—200 колония бактериялар мен актиномицеттер, 30—50 колония саңырауқұлақтар табылса ең нақты нәтиже деп есептейді.

Петри табақшасындағы микроорганизмдер колонияларын санау. Бұл үшін Петри табақшасының табанын тушь немесе сиямен бірнеше сектор немесе сегментке бөледі. Егер де қоректік орта мөлдір болса колонияларды табақша астынан түсіп тұратын жарық сәулесімен санайды. Ал егерде орта мөлдір болмай шықса микроорганизмдер колониясын агардың бет жағынан санайды. Саналған колонияларды сиямен нүкте салу арқылы белгілеп қояды. Өте май-да колонияларды үлкейтетін шыны — лупамен санайды. Тиісті сұйылтудан себілген Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясын есептеп, табақшадағы колониялар санының орта көрсеткішін анықтайды да оны 1 г құрғақ топыраққа шағады:

Бұнда: а—1 г құрғақ топырақтағы микроорганизмдер клеткаларының саны; б — Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орта саны; в — тиісті сұйылту; г — пипеткадағы 1 мл сұйықтағы тамшы саны; д — анализге алынған топырақ салмағы. Осымен сатар бұл анализ кезінде топырақ ылғалдығын анықтайды.

Материалдар мен құр а л-ж а б д ы қ т а р: Петри табақшасы, ішінде агары бар пробиркалар, саңылау диаметрі 0,25 мм сүзгі, кәрден тостағаншасы спиртовка, скальпель, аналитикалық таразы, заттық әйнек, ұстара, пробирка, микроскоп, зерттелетін топырақ, резина қолғап.

Өзіндік құрамы бар қоректік орталар кемегімен топырақта кездесетін микроорганизмдер топтарын анықтауға болады және бұл жөнінен келтірілген топырақтарда толық жақсы баяндалған.

79

13. ТОПРАҚ МИКРООРГАНИЗДЕРІН

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЗЕРТТЕУ

а) топырақ мекендеушілерін зерттеу

Табиғатта таралған микроорганизмдер берекетсіз емес, қайта өзара, белгілі-бір байланыста тіршілікетеді. Топырақтың типіне байланысты микроорганизмдердің орналасуында белгілі бір заңдылық болады. Ал микроорганизмдерді зерттеудің жалпы қолданылып жүрген әдістері пайдаланылса топырақ горизонттарында таралған олардың топтарының барлығын бірдей зерттеуге мүмкіндік болмайды. Міне бұл жағдайды болдырмай микробтар биоценозын толық зерттеу үшін бірнеше әдістер қолданылады.

“Әйнекте қаптап өсу” (Н. Г. Холодныйдың әдісі). Бұл үшін топырақты ептептіледі. Оның бір қабырғасын тегістейді. Тазартылған, зарарсыздан-дырылған заттық әйнекті сол қабырғаға өте тығыздап жапсырады да қазғанда шыққан топырақпен жарықты жақсылап көмеді. Әйнек

орналасқан жердің үстіне қазық қағып белгі қояды. Ылғал жеткілікті болса заттық әйнек бетіне топырақ ерітіндісіндегі органикалық және бейорганика-лық заттар жабысып қалады. Топырақ ерітіндісімен бірге әйнекке әртүрлі микроорганизмдер де жабысады да, онда тіршілік етеді. Сөйтіп әйнек бетінде осы топыраққа тән микробтар қауымы қалыптасады. 3—4 жұма өткеннен

соң әйнекті қазып алады. Әйнекті ауада кептіріп, шілтердің жалынында фиксациялайды. Егерде әйнек бетінде топырақтын, ірі түйірлері жабысса, оларды ептеп жуып алып тастайды. Бұдан соң препаратты фуксинмен, эритрозинмен немесе басқа да бояулармен бояп, кептіріп, микроскоппен қарайды. Бұл әдіс микробтардың сол табиғи жағдайдағы күйін байқататын микробтар құрамын көруге мүмкіндік береді.

б) топырақтағы микробтар ценозын Б. В. Перфильев

және Д. Р. Габенің әдісі арқылы зерттеу

Табиғи жағдайда микроорганизмдер негізінен топырақ түйірлерінен тұратын капиллярларда өніп өседі. Б. В. Перфильев пен Д. Р. Габе дәл осындай аспап — педископты құрастырды. (13-сурет) Ол жұқа шатырлы бес жолды капилляр ұяшықтардан тұрады. Олардың барлығы әйнек қорапта орналасқан. Бұндай қорапқа 5—7 ұяшықты орналастыруға болады.



80 Қармағыш қорап ұзындығы 70 мм, ені 8— 11 мм, табаны жалпақ 45° бұ-рыштап ептеп жасалған әйнек аспапта орналасқан. Капилляр каналдар өсі қармағыш өсіне перпендикуляр болуы тиіс.

Педископтарды нөмірлейді. Эйнекке цифрларды тушпен жазып, үстіне БФ-2 желімін жағып, 170° С температурасы бар құрғатқыш шкафқа салады. Сонда желім-жарғақ су өткізбейтін болады.





13-сурет. Қарапайым консттрукциялы капиллярлы

педископ: 1—ұяшықтары тік бағытта орналасқан;

2 — ұяшықтары көлбеу бағытта орналасқан.

Бірнеше педископты Петри табақшасына салып, табақшаны қағазға

орап құрғақ ыстықпен зарарсыздандырады. Қопсытылған топырақта педископты эңай орнатуға болады. Ал тығыз қатаңдау топырақты алдымен үшы өткір металл ойғышпен педископ сиятындай етіп тіліп, содан соң орналастырады.

30 күннен кейін педископты шығарып алады да, сыртын топырақтан тазартады, капилляр каналдарға өніп өскен микроорганизмдерді микроскоппен қарайды. Педископтағы микробтарды фиксациялап, бояйды. Фиксация үшін 2%-ті осьмий қышқылы бар Петри табақшасына педиекопты 10 минуттай үстайды немесе 40% -ті формалин ерітіндісінің буымен өңдейді. Эритрозинмен бояп, стакандағы сумен жуады. Педископ ұяшықтарын канада бальзамының көмегімен жұқа шыны пластинкаға салады да, арнаулы ұстағышпен микроскоптың крестелген үстеліне орнатады. Капиллярдың каналына кедр майын енгізеді де, иммерсиялы объектив арқылы микроскоппен қарайды.

в) С. Н. Виноградский әдісі бойынша гумус

заттарының ыдырауына қатысатын микроорганизмдер-

дің автохтонды тобын анықтау

Жергілікті автохтонды микроорганизмдер топтарын топырақтан тауып, зерттеу үшін С. Н. Виноградский хлоры жоқ, қайнатылған көміртегі мен азоты жоқ минералды ортамен қанықтырылған гель пластинкаларын қолдануды ұсынды. (қоспалар есебімен 200 мл дистилденген суға арналған г есебімен):



81

К2НРО4 ...1,0 FеSО4 ...0,01,

МgSО4 ...0,5 Мп2(SО4) 3 ...0,01

NaC1 ... 0,5

Петри табақшасына 3—5 мл қоректік орта құйып оған гуматты қосады. Ортаны беті жалтырағанша буландырады да, оның бетіне 40—50 топырақ түйірін немесе буландыру алдында топырақ суспензиясын жасап қосады. Бұл үшін әр табақшаға 8—10 мг а — гуматын қосқан жақсы нәтиже береді. Егерде гуматты көміртегінің көзі ретінде пайдаланса микроорганизмдер колониясы ірі болып шығады. Бұндайда минерал қоректік ортаға әр табақшаға шағып 14 мг-нан азот көзі ретінде КNОз қосады. Гуматы бар гель пластинкасын ылғал камераға 25—28° С жылыда 40—50 күндей, кейде одан-да көбірек мерзімге ұстайды. Топырақ түйірінің айналасындағы гуматта ерекше қоңыр колониялар түзіледі, олар гель қабатына таралып сіңеді немесе түсі қызғылт немесе ақ барқыт тәрізді жұқа қатпар тәрізді колониялар

пайда болады (Васtоdегmа аlЬа және Васtоdегта гозеа колониялары). Қатпар колониялардың біразы проактиномицеттер және микобактериялар екенін зерттеулер дәлелдеді. Қоңыр колонияның біразы микромоноспоралар түзеді. Бұларды агарлы нитратта жеке бөліп алып өсіруге болады.



г) Е. 3. Теппер әдісімен гумус заттарының ыдырауына

қатысатын микроорганизмдердітабу

Гумус, яғни топырақ қарашірігі бірнеше фракциядан тұрады. Сол фракциялардың әр қайсысына өзінше ерекше қасиеті бар, микроорганизмдер әсер етеді. Міне микроорганизмдердің осы тобын анықтау үшін 25 г топырақ үлгісін азоты мен көміртегі жоқ Виноградскийдің минералды ортасына қанықтырылған гель пластинкасына салады. Топырақты Nа — гуматының әлсіз ерітіндісімен ылғалдайды. Ал гуматтың 1 мл-де не бары 0,5 мг көміртегі болуы шарт. Гуматтың бір бөлігі гельге сіңеді.

Табақшаларды 25—28° С ылғалды камерада 50—60 тәулік және одан

да көбірек мерзімге ұстайды. Егер де топырақ үлгісінде гуматты ыдырататын ерекше микроорганизмдер болса, олар топырақ түйірінің бетіндеқоңыр колониялар түзеді немесе колониялары жұқа барқыт тәрізді қатпар пайда болады. Қоңыр колониялар кейде гельге де ене алады. Бұндай колонияларды нитратты агарда жеке бөліп алуға болады.



82

д) Ризосфералық және тамыр айналасындағы

микроорганизмдерді Е. 3. Теппер әдісімен зерттеу

Өсімдік тамырлары айналасындағы топырақта орналасқан микроорганизмдерді ризосфера микроорганизмдері деп атайды. Олардың басым көпшілігі тамыр бетінде шоғырланған. Олар тамырдан бөлінген заттармен қоректенеді. Қоректік зат ретінде көбінесе өлген клеткалар эпидермисі мен тамыр қылшықтары пайдаланылады. Ризосферада негізінен топырақта кездесетін микроорганизмдер болады, көбінесе онда спора түзетін Рsеиdоmопаs туысы мен микобактериялар кездеседі. Бір жағынан тамырдан бөлінген заттарды және олардың қалдығын ыдырата отырып, ризосфера микроорганизмдері санитарлық роль атқарады. Органикалық заттарды минералдандыру арқылы олар өсімдіктерге қажетті элементтермен қамтамасыз етеді. Кейбір ризосфера микроорганизмдері өсуді қолдаушы заттар мен витаминдерді түзе отырып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Олардың бірқатарының денитрификациялаушы қасиеті болғандықтан топырақ азотының шығынға ұшырауына қолайлы жағдай жасайды.

Ризосфера микроорганизмдерін зерттеу үшін топырақтың бір бүтін кесегін қазып алады. Зарарсыздандырылған пинцетпен өсімдік тамырын оған жабысқан топырақтан әбден тазартады. Өсімдіктің тамырынан жас тамырдың бір бөлігін таңдап кесіп алады да сағаттық әйнекке 1 г өлшеп салады. Бұны ішінде зарарсыздандырылған 99 мл дистилденген суға зарарсызданырылған пинцетпен алып салады да 2 минуттай шайқайды. Содан соң металл ілмешекпен жаңағы өсімдік тамырын іліп алып, ішінде 99 мл зарарсыздандырылған дистилденген суда колбаға салады да 2 минуттай тағы да шайқайды. Содан соң өсімдік тамырын № 3, 4, 5, 6, 7 ішінде суы

бар колбаларға салып 2 минуттай шайқап ұстайды. № 6 және 7 колбалардағы суға зарарсыздандырудан бұрын 3—5 г алдын ала жақсы жуылған кварц құмын қосады. Құм тамырға жабысқан микробтарды одан бөліп шығаруға көмектеседі.

Ризосфералық және тамыр айналасындағы микробтарды мөлшерлік және сапалық жағынан тексеру үшін әрбір колбадан зарарсыздандырылған микропипеткагмен шайынды судан 0,05 мл алып Петри табақшасындағы ЕПА немесе КАА (крахмалды аммиакты агар) себеді. Себуді 3—5 рет қайталайды. Зарарсыздандыру

83

ережесіне сай себілген сұйықтын, тамшысын қоректік орта бетіне шпательмен біршама тегіс етіп жаяды.

Себілген Петри табақшасын температурасы 28-— 30° С термостатқа орналастырады. 3—5 күннен кейін өсіп шыққан колонияларды қарап, сипаттап жазады. Олардан жұғындылар жасап микроскоппен қарайды, морфологиялық белгілеріне назар аударып, ризосфера және тамыр айналасындағы микроорганизмдердің туыстық құрамын анықтайды. Жуудың дәрежесі көбейген сайын спора түзуші бактериялардың саны азаяды да Рsеиdоmопаs туысына жататын бактериялардың және микобактериялардың майда колонияларының саны арта түседі.

Тамыр айналасындағы микроорганизмдер санын анықтау үшін 2—6 колбалардағы суспензияларды араластырып, одан пробиркаға бірнеше рет сүйылтуды жүзеге асырады. Олардың әрбір сұйылту дәрежесінің бір мл алып ішінде қоректік ортасы бар Петри табақшасына сеуіп, 3—5 тәулікке 28—30° С термостатқа ұстайды. Параллель жасалған Петри табақшасында өсіп шыққан колонняларды санап, олардың орта есебін шығарады. Петри табақшасындағы колониялар санын 20-ға, сосын сұйылту дәрежесіне және 600-ге көбейтеді де, 1 г топырақтағы микророганизмдер санын есептеп шы-ғарады.

Материалдар мен құрал-жабдықтар: Өсімдігі бар топырақтың тұтас бір кесегі, сағаттық әйнек, қайшылар, таразы, әр түрлі өлшегіштер, ішінде

99 мл зарарсыздандырылған дистилденген суы бар 250 мл-лік колбалар, сымнан жасалған қармақтар, микропипеткалар, шпательдер, лупа, микроскоп, Петри табақшалары, ЕПА, немесе КАА қоректік орталары, мик-роб колонияларын санайтын есепшот, зарарсыздандырылған дистилденген суы бар колбалар, пробиркалар, 10 және 1, 2 мл пипеткалар, 0,1—0,2 мл микропипеткалар.

Өсімдіктің тамыр айналасындағы микроорганизмдерін өсіру үшін зерттеудің бағыты мен койылған міндетіне байланысты қоректік орталардың бірнеше түрлерін қолдануға болады. Лабораториялық жағдайда мынадай қоректік орталарды пайдалануға болады: 1. Глюкозасы (1 л ортаға 5—10 г) бар ет-пептонды агар. Кох әдісімен бөлшектеп зарарсыздандырады.

84

2. Чапектің жасанды ортасы — актиномицеттерге арналған.



3. Крахмалды-аммиакты агар,

  1. Боннер қоректік ортасы (1 л дистилденген суда г есебімен);

Са(NO3) 2-4Н2О ....0,23,

КNО3 ....0,001,

МgSО4-7Н2О ...0,036,

КСІ .... 0,065,

К2НРО4 ....0,012,

Ғе2(SО4) 3 ....0,002,

глюкоза … 20,0,

агар ….10—15

К о х қайнатқышында бөлшектеп зарарсыздандырады.

М. В. Федоровтың зерттеуіне қарағанда құрамында көміртегінің көзі ретінде органикалық қышқыл тұздары, азот көзі ретінде минерал азот пен аспарагин ортасы бар қоректік орталар жақсы нәтиже береді.

Орта құрамы (1 л дистилденген суға г есебімен):

аммиакқышқылды ... 2,0—3,0, натрий

аспарагин ...0,5—1,0,

КNO3 ...0,5,

К2НРО4 ...0,5—1,0,

Са3(РО4)2 ...0,5,

МgSО3 ...0,5,

FеSО4 ...0,1, '

агар ... 15—20.

14. ДӘННІҢ “ЭПИФИТ” МОРФОЛОГИЯСЫН

АНЫҚТАУ

Дән сыртында микроорганизмдердің бірқатар түрі тіршілік етеді. Олардың біразы ризосферадан, қалғандары шаң-тозаң мен насекомдар арқылы келіп түседі. Сол сияқты дәнде де кейбір “эпифит” микробтар тіршілік етеді. Эпифит микроорганизмдердің басым көпшілігі — спора түзбейтін бактериялар. Бацилдар мен саңырауқұлақтар бұларға қарағанда азырақ. Бактериялар Рsеиdоmопаs туысына жатады. Олардың ішінде басымы Рзеиd һегЬісоіа қоректік ортада алтын түстес сары колониялар түзеді. Өнгіштігі төмендеген дәндерде спора түзетін бактериялар мен саңырауқұлақтар басым болады. Эпифит микроорганизмдерді табу үшін са-

85

ғаттық әйнекке 5 г тұқым орналастырады. Одан соң оны ішінде 50 мл зарарсыздандырылған түтік суы бар колбаға көшіреді және оған бірнеше грамм зарарсыздандырылған құмды қосады. Оны 10 минуттай шайқайды да бірнеше сұйылтулар (10-2, 10-3, ІО"4, 10~5, 10~6) даярлайды. Әр сұйылтудан алып ЕПА бетіне себеді. 3—5 күннен кейін Петри табақшасындағы колонияларды санап, олардың дәннін бір грамындағы санын есептеп шығарады. Микроб культураларының жүйелілігін анықтау үшін олар таза күйінде бөліп алады.



Материалдар мен құрал-жабдықтар: Дәннің орта үлгісі, зарарсыздандырылған шыны ыдыс, сағаттық әйнек, металл қасықтар, пинцеттер, таразылар және оның өлшегіштері, сыйымдылығы 50 мл колбалар, зарарсыздандырылған құбыр суы және зарарсыздандырылған

құм, сыйымдылығы 1 мл колбалар, Петри табақшасы, колбаға қиғаштап қатырылған ЕПА, микроскоптар және микроорганизмдерден препарат даярлауға арналған құлдар, микробтарды есептейін есепшот.

15. ТОПЫРАҚТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІПН АНЫҚТАУ

Топырақтың биологиялық активтігін анықтауды

Е. Н. Мишуситиннің және басқаларының полотно матасымен іске асырады. Топырақта жылжымалы азот мөлшері көп болған сайын ондағы клетчатканың тотығуы солғұрлым екпінді жүреді. Целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдер клетчатканы ыдырата отырып, ортаға амин қышқылдарын бөлетіні анықталды. Сонда полотно матаның клетчаткасы ыдыраған жеріне 0,5%-ті нингидрин ертіндісімен өндегенде микробтар шоғырланып көп өскен жерінде көкшіл дақтар пайда болады. Бұл амин қышқылдарының нингидринмен реакциясы болып есептеледі. Тәжірибе жасау үшін ауданы 10 x15 см әйнекті жақсылап жуады да зығыр полотносына орап тігеді. Содан соң зарарсыздандырылған күрекпен және зарарсыздандырылған пышақпен тереңдігін 55 см етіп топырақты тіледі. Тіліктің тегіс бетіне полотноға ораған әйнекті орналастырады, ал қарама-қарсы жағына топырақ төгіп, нығаздап тастайды. Полотно' топырақ бетінен 2—3 см төменіректе орналастырылады. Бұл жерге белгі қойылады. 20—30 күннен соң әй-

86

некті қазып алады, полотноны кептіреді, топырақ түйірлерінен ептеп тазартады. Амин қышқылдарын анықтау үшін полотноны ацетонда даярланған нингидриннің 0,5% ертіндісімен өңдейді. Топырақ горизонтының белгілі бір бөлігіне салынған полотноның ауданын кесіп алады,

полотноны сумен жуады да қалдықты өлшейді. Дәл осындай ауданды полотноны бақылау вариантынан да алады. Сейтіп полотноның ыдырау дәрежесін анықтайды. Бұл тәсілді топырақтың микробиологиялық активтігін анықтау үшін агрономиялық практикада кеңінен қолданады.

Топырақтың микробиологиялық активтігін анықтаудық басқа да жолдары бар. Мәселен, бұған көмір қышқыл газының бөлінуін Варбург аппаратында анықтау жатады. Әрине бұл жоғарыда келтірілген әдіске қарағанда күрделілеу. Ол лабораториялық жағдайда ғана іске асырылады.

Топырақтың аммонификацияланушы : а к т и в т і г і н анықтау. 2 мм-дей саңылауы бар зарарсыздандырылған електен 100 г жаңадан алынған топырақты сеуіп, 250 мл зарарсыздандырылған эрленмейер колбасына салады. Топыраққа аммонификация жүруі үшін құрамында 11 % азоты бар 1 % қан ұнын немесе 1% пектинді, болмаса 1—2% бұршақ ұнын қосады. Топырақ ылғалдығын оның ылғал сыйымдылығына шаққанда 50—60% жеткізеді. Колбаларды мақтамен тығындап 28~30° С термостатта ұстайды.

7 күн еткен соң тәжірибе және бақылау вариантындағы топырақтарды тексеруге кіріседі. Бұл үшін араласқан топырақтан 3—5 г алады да 250

мл эрленмейер колбасына салады, оған 100 мл IN КСІ немесе NаСІ ерітінді-сін құяды. Содан соң оны сүзгімен сүзеді. Бұл жұмысты Несслер реактивімен аммиак толық жойылғанға дейін жүргізеді. Енді IN КСІ бар топырақ сығындысын белгілі бір деңгейге жеткізеді де одан 50 мл алады. Аммиакты азотты анықтауға арналған аппаратпен айдау арқылы алады. Суытқыш шынылардан өткен бу сұйыққа айналады, оны ішінде индикаторы бар

0,1 N Н24 ертіндісіне араластырады. Қышқылдың қалдығы метил қызыл индикаторы бар 0,1 N сілтімен титрлейді. Сонда 1 мл нейтралданған 0,1N күкірт қышқылы 1,7 мг аммиак мөлшеріне тең болады. Бұны Конвей та-бақшасы әдісі арқылы да анықтауға болады.

Топырақтың нитрификациялану активтігін аныктау.

87

Саңылауы 2 мм болатын елек арқылы еленген топырақ үлгісінен 100 г өлшеп алып, оны сыйымдылығы 250 мл зарарсыздандырылған эрленмейер колбасына салады. Топырақты оның ылғал сыйымдылығының 65%-етіп ылғалдайды да, 0,1 г (NН4) 24 және 0,2 г СаСО3 қосып араластырады, мақтамен тығындайды, өлшейді, содан соң температурасы 27—28° С термостатқа қояды. Бақылау вариантында күкірт қышқыл аммоний қосылмайды. Топырақ ылғалдығы тәжірибе барысында өзгермей бірқалыпты болуы тиіс. Бұл үшін жеті күн сайын колбаларды өлшейді және зарарсыз-дандырылған дистилденген су құйып, бастапқы деңгейге жеткізіп отырады. Тәжірибе аяқталғаннан соң тәжірибе және бақылау вариантынан нитраттар мөлшерін Грандваль-Ляжу әдісі бойынша анықтайды.

16. АУА ЖӘНЕ СУ МИКРОФЛОРАСЫН ЗЕРТТЕУ

Ауа микрофлорасын сипаттау. Ауа микроорганизмдер өніп өсуі үшін қолайсыз орта деп есептеледі. Онда қоректік заттар және қажетті мөлшерде ылғал жоқ, күн сәулесінің ультракүлгін белігі оларға жойқын әсер

етеді. Сондықтан болса керек ауа микрофлорасы саны жағынан аз да, көп-шілігі кездейсоқ өкілдер. Микрофлораның түрлік құрамы сол зерттелетін территорияның жағдайына байланысты. Микроорганизмдер ауаға топырақтан ұшқан шаң-тозаңдармен түрлі өсімдіктерден, жануарлар мен адамдардан тарайды. Жел кетерген шаң-тозаң, дем алғанда, жөтелгенде бөлінетін ылғалдын тамшылары микробтарды өзімен бірге ауаға көтереді. Атмосфераның жермен жанасқан бөлігінде микробтар мол болады. Сонымен бірге қалалы жердің ауасында да олар жеткілікті. Мәселен, Москваның 500 м биіктігіндегі ауаның бір текше метрінде 2000—3000 микроб болса, бір шақырымдағы биіктіктегі ауада — 1500, 2000 м биікте бар-жоғы 500 микроб клеткасы табылған. Кейде тіпті атмосфераның өте жоғары қабатынан да (33000 м) бацилдердің және зең саңырауқұлақтардың споралары кездесетіні анықталған. Ауылдық жерден қашықтаған сайын оның ауасында да микробтар азая бастайды. Қыс кезінде топырақ беті қарға кемулі болғандықтан оның үстіндегі ауада да микробтар аз, ал жазда, әсіресе куаңшылық жылдары, шаң-тозаң молаюымен байланысты олар көптеп кездесетіні анықталды.

88

Сонымен бірге адамдар, жан-жануарлар кеп жиылған жерлердің ауасы да және ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микробтар өте көп болады. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 мыңға жуық микроорганизмдер кездеседі. Кейбір ауру қоздыратын микробтар бөлме ауасына таралса тыныс алу жолдары арқылы басқа адамдарды да зақымдай-тыны белгілі.

Ауа микробтарының басым көпшілігі сапрофиттер. Сонымен бірге олардың ішінде адам, жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері де болуы ықтимал.

Ауадағы микробтарды анықтау үшін бірнеше әдістер ұсынылған. Олардың ішінде тек жалпы саны ғана емес микробтардың түрін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер де бар. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей ауа микрофлорасын толық зерттеп шығуға мүмкіндік береді деп

айту қиын.

Кохтың шөгу әдісі. Ең қарапайым тәсіл. Ол бір түйір шаң-тозаң немесе ұсақ тамшылардың өз салмағының әсерінен Петри табақшасындағы агар бетіне қонуына негізделген.



Жұмыс барысы. Зарарсыздандыру талабын ескере отырып Петри табақшасына балқытылған ет-пептонды агарды жұқа қабатпен жайып, құяды. Петри табақшасын тегіс үстел бетінде ептеп дөңгеленте айналдырып, табақша түбіне агардың біркелкі жайылып қатуын қадағалайды. Петри табақшасы қақпағының сыртына тәжірибе вариантын жазып қояды.

Бұдан соң ауа микробын қармау үшін Петри табақшасын бөлмеге қойып, қақпағын ашылған күйінде ол жердің ластану дәрежесіне қарай 10 минуттан, бір сағатқа дейін қалдырады. Тәжірибе дәптеріне бұның уақытын белгілеп қою шарт. Уақыт мерзімі біткеннен сон, табақша қақпағын жауып, оны 37° С температурасы бар термостатқа орналастырады. Одан соң табақшаны алып 25° С температураға ауыстырады. Бұндағы мақсат төменгі температурада өніп өсетін микробтардың дамуына жағдай туғызу. Тәжірибе екі рет қайта-

ланады.

Тәжірибе уақыты біткеннен кейін табақшадағы сол , мерзім ішінде өсіп шыққан микробтар колониясын санайды. Әдетте сапрофит микробтардан



ет-пептонды қоректік ортада әр түрлі коккалар, соның ішінде сары сарцина споралары бар таяқшалар және әр түрлі зең саңырауқұлақтар өсетінін анықтауға болады. Петри табақшасында өскен микробтардың 1 шаршы

89

децимет аудандағы өскен колониясын санайды. Мына- төмендегі таблицада тәжірибе варианттарындағы микробтар санының шамамен алынған үлгісі келтірілген. Ол жалпы микробтар таралуының көрінісі ретінде қаралуы



тиіс. Мәселен, ауа тыныш кезде бес минут ішінде 100 см2 ауданға қонатын микробтар саны, шамамен 10 метр ауадағы микробтар санына тең болатыны белгілі. Петри табақшасындағы қоректік орта ауданын есептеп, ондағы

өсіп шыққан микробтар колониясының санын біліп бір текше метр ауадағы микробтардың санын анықтауға болады. Мәселен, диаметрі 10 см Петри та-бақшасындағы қоректік ортада бактериялардың 25 кодониясы өсіп шықты дейік. Онда қоректік орта ауданы лг 2 тең.

3,14X5 г=78,5см2


Тексерілген орьшдар

тәжірибе уақыты, мин.

Агар пластинка бетінің I дм 2 мнкробтар коло-ниясы

 

 

 


бактериялар

сақырауқу-

Оқу лабораториясы Лекция оқылатын бөлме

Оқу корпусынын кори-доры

Гардероб

Институт бағы Институт ауласы



І0

10

5



5

20

20



16,2

52,7


91,9

141,2

5,6

12,7

2.7

4,6

6,0

12,4

0

1.3

Егерде 78,5 шаршы сантиметр ауданда бес минут ішінде 25 микроб клеткасы шөксе, онда осы уақыт ішінде 100 шаршы сантиметр ауданға шөгетін микроб саны:

Сонымен көлемі 10 литр ауадан 5 минут ішінде 100 минут ішінде 100 шаршы сантиметр ауданға бактериялардың 32 клеткасы шөгеді екен. Ал 1 текше метрдегі микробтар санын анықтау үшін пропорция құрамыз:



Олай болса 1 текше метр ауада 3200 бактерия болады.



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау