Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет3/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

22

қолдануға жарамсыз болып қалады. Ал бірден қыздыру картоп ферменттерін ыдыратып, оның қарайып кетуін тоқтатады. Зарарсыздандыру ережесін қатаң сақтау керек. Ал зарарсыздандыру ережесі толық сақталмаса картоп бойында болатын кейбір микробтардың спорасы сақталып қалады да, кейіннен ортада өсіп, оны бүлдіреді.

Құрғаған шөп қайнатпасынан даярланған орта. Бұл үшін 100 г жоғары сапалы бұршақ тұқымдас өсімдіктерден даярланған пішенге 1 л су қосып 30 минут бойына қайнатады. Алынған қайнатпаны сүзеді, рН көрсеткішін анықтайды, оны керекті деңгейге жеткізеді де, қажетті тұздарды (К2НРО4) және қантты (1%) қосып, жақсылап араластырады да, пробиркаларға құйып автоклавта 0,5 атм. қысымда 30 минут бойына зарарсыздандырады.

Т о п ырақ сығындысы қосылған агар. Құрғақ топырақ алып, оны өсімдік қалдықтарынан, әйнек сынықтарынан, қатты түйірлерден, тастардан және басқа да қоспалардан тазарту керек. Топырақты кәрден тостағаншаға салып ұнтақтайды да саңылау диаметрі 1 мм елекпен елейді. Содан соң топырақты колбаға салып арақатынасы 1 : 5 немесе 1 :9 етіп дистилденген су құяды. Сығындыны 5—10 минут бойына шайқайды. Содан соң оған 1,5—2% агар қосады. Қоректік ортаны 120° С бір сағат бойына зарарсыздандырады. Бір-екі тәуліктен соң оны қайтадан зарарсыздандырады.

Сыра суслосын-және агарлы суслоны даярлау. Хмель салынбаған сыра заводынан алынған сыра суслосын 6—7° Баллингаға жеткенше су қосады да, көптеген микроорганизмдерді өсіруге қолданады. Катты қоректік орта дайындау үшін сыра суслосына 2% агар қосады. Автоклавта қайнатады. Сұйық сусло-ағарды салқындатса ол қатады. Сусло-агар, әсіресе сүт қышқылы бактерияларына және ашытқыларға тамаша қоректік орта болып есептеледі. Дайын сусло болмағанда солодты ортаны пайдаланады. Оны былай дайындайды: арпа дәнінің өскіні көрінгенше өсіреді де, оны 60—70°

С құрғатып, кофе диірменімен ұнтақтайды. Бұл үшін 1 литр суда 50° С дейін жылытады. Оған 250 г ұнтақ солодты араластыра отырып салады. Бұны 30 минут бойына қайтадан жылытпай қояды бірақ қоспа температурасын ене бойы 55—58° С деңгейінде үстап тұру қажет. Оқтын-оқтын сұйықтан үлгі алып оның құрамындағы крахмалды (иодты үлгі) анықтайды.

23

Иодты үлгі сұйықта крахмалдың мүлде жоқ екенін көрсетсе, суслоны сүзеді де 30 минут бойына 0,5 атм. қысыммен зарарсыздандырады.



Ашытқыларды өсіру үшін құрамында 6—8% қанты бар суслоны пайдаланады. Ал сүт қышқылы бактерияларына 8—12% қанты бар сусло керек. Сондықтан суслоны пайдаланудан бұрын оның құрамындағы қант мөлшерін анықтап алу керек.

Сүт қоректік ортасы. Сүтте гетеротрофты микроорганизмдер үшін қажетті қоректік заттардың бәрі де бар. Оның құрамында 4,5% қант, 5% белок, 1 % минерал қосылыстар және басқа да қосымша физиологиялық пайдалы коректік факторлар бар.

Қоректік орта ретінде әдетте майы алынған сүтті қолданады. Ол үшін

сүтті сепаратордан өткізеді де, біраз тұндырады, бөлгіш воронкалармен сүттен кілегейді бөліп тастайды. Қалдық майдан құтылу үшін көк сүтке

5% хлороформ қосады да біраз қойып, бөледі. Ал хлороформ қалдығы сүтті зарарсыздандырғанда ұшып кетеді де, бактериялар тіршілігіне нұқсан келтірмейді, сүт бу ағынында үш тәулік бойына зарарсыздандырылады немесе 0,5 атм. 110°С 30 минут бойына автоклавта зарарсыздандырылады. Бұдан жоғары температурада зарарсыздандырғанда қант карамелденіп, сүт қоңырқай тартады.

Сүтті агар, сүт пен агарды қосып зарарсыздандырғанда казеиннің үлпілдек тұнбасы жиналады. Сондықтан сүтті және сулы агарды бөлек-бөлек зарарсыздандырады. Сүтті агар ортасын жасау үшін сүттің бір бөлігін 1—5 бөлік 3% балқытылған агармен тазалықты қатаң сақтай отырып, қосып араластырады.

Ашытқылар ортасы (ашытқылар суы деп атайды). 50—100 г құрғақ ашытқыны бір литр сумен араластырады да 10 минут қайнатады, қағаз сүзгішпен сүзеді де бу ағынында жарты сағаттан үш күн бойына зарарсыздандырады.

Ашытқылар автолизаты, 200 г престелген (қатырылған) ашытқыны бір литр суға езеді де, оған 2 г Nа2НРО4, INаОН (рН-6,1) ерітіндісін және

5 мл хлороформды қосып 37°С екі тәулік ұстайды да рН-7,4 жеткізеді, 30 минут қайнатады, кағаз сүзгімен сүзіп, ыдыстарға бөліп кұйып, 115° С-да жарты сағаттай зарарсыздандырады.

24

Ашытқылар экстракты (сығындысы). 1 кг поестелген ашытқыны бір литр суға езеді де, қоспаны бір сағат қайнатады. Ерітіндіні қағаз сүзгіден өткізеді де 115°С 15 минут зарарсыздандырады.

Синтетикалық қоректік орталар. Микроорганизмдердің белгілі бір тобын немесе түрін бөліп алып өсіруге арналған. Мәселен, клетчатканы анаэробты жағдайда ыдыратушыларды бөліп алу үшін Омелянский қоректік ортасы, микроскоптық саңырауқұлақтарға арнап әдейі қоспадан жасалған орталарды қолданады.

Омелянский ортасы: О

(NH4) 3PO 4 -------1,0г,

К3 РО4 --------1,0г,

МgSO4 ---------0,5 г,

NaCI ---------ізі ғана болады,

СаСО ---------20,0 г,

сүзгіш қағаз --------бірнеше тілімі,

айдалған су -----------1000,0 мл.



Чапек ортасы:

глюкоза (сахароза) -----------30,0 г,

NANO3 ----------2 0 г,

КН2РО4 ----------1,0г,

МgSO4 -----------0,5 г.

КСІ -----------0,5 г,

FeSO4 -----------0,01 г,

құбыр суы -----------1000,0 мл.

Чапектің қатты қоректік ортасын дайындау үшін сұйық ортаға 2—4% агар косады.

Дифференциалды - диагностикалық о р т а л а р. Микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін зерттеу мен кейбір микробтарды таза күйінде бөліп алуға арналған. Бұл орталарда -микробтардын ферменттерінің әсерінен белоктар мен көмірсуларда, тотығу-тотықсыздану реакциялары жүретіні белгілі. Әр микроорганизмнің қоректік ортадағы белгілі бір зат-тарды ыдырататын ферменттерін зерттей отырып, олардың жүйелілік жағдайларын анықтауға мүмкіндік туады. Бұған құрамында көмірсулары бар сұйық Гисса ортасы, индикаторлар бар қатты Эндо, Левин, Плоскирев және т. б. қоректік орталары жатады.

Гисса ортасы. рН — 7, 1, 1 % -ті пептон суына 0,5—0,6% тиісті көмірсуды (глюкоза, сахароза, лактоза, мальтоза, маннит және т. б.) және 0,5%. Андрэдэ индикаторын (0,5 г қышқыл фуксин IN NаОН—100 мл-де) қосады.

25

Ортаны 4—5 мл-ден түбінде шыныдан жасалған қалытқы салынған зарарсыздандырылған пробиркаларға құяды. Ортаны бір тәулік ішінде 2—3 рет 30 минут сайын бу ағынында немесе 0,5 атм. 30 минут бойына бумен бір-ақ рет зарарсыздандырады. Сұйық ортаның орнына көбінесе Гисстің 0,3—0,5% агар-агары және РВ индикаторы бар жартылай сұйық ортасын пайдаланады. Қоректік ортада көмірсулар ашығанда ферменттер әсерінен орта түсі өзгереді, ал СОг түзілгенде қалтқы ішінде газ жиналады.



Э н д о о р т а с ы. 100 мл зарарсыздандырылған, балқытылған ет-пептонды агарға 5 мл суда ерітілген және қайнатылған 1 г лактозаны қосады. Бұған агарға қосар алдынан 10% натрий сульфаты мен түссіздендірілген, қаныққан спиртті ерітіндінің 1 мл қосады.

Ортаны жақсы араластырып Петри табақшасына құяды да термостатта құрғатып алады. Лактозаны қышқыл түзе ыдыратушы бактериялар (Васt СоІі) қызыл колониялар түзе еседі, ал лактозаны ыдыратушылар түссіз колонияға жиналады.

Қоректік ортаның қышқылдық (рН) дәрежесін анықтау. Микроорганизмдер тіршілігі орта қышқылдығының шекті көрсеткіштері деңгейіндс ғана тіршілік ете алады. Ортаның активті қышқылдығы оның құрамындағы сутегі ионының санына байланысты. Бейтарап ортада, яғни сутегі ионының (Н+) са-ны гидроксил тобына (ОН~) тең болғанда, рН-7, ал сілтілі ортада рН 7-ден көбірек, қышқылды ортада азырақ болады. Микроорганизмдерді өсірер алдынан оған арналған қоректік ортаның

рН көрсеткішін анықтап алуға тура келеді. Оны заводтарда шығарылатын потенциометр аспабымен жүзеге асыруға болады. рН анықтау техникасы потенциометрмен коса жіберілетін арнаулы нусқауда толық, түсінікті

тілмен баяндалған.

6. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЫДЫСТАР МЕН ОРТАЛАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ



Зарарсыздандыру дегеніміз қоректік орталарда, субстраттарда материалдарда, ыдыстарда, аспаптарда және лабораториядағы басқа да заттардағы микроорганизмдерді толық жою. Зарарсыздандыруды бірнеше тәсілдермен жүзеге асыруға болады және коректік ортамен, түрлі аспаптармен, ыдыстармен жұмыс істегенде бұл әдіс ең негізгі шарт болып табылады.

26

Іс жүзінде микробиологияда зарарсыздандырудың барлық әдістері де колданылады. Бірақ көбінесе тәжірибеде химиялық және физикалық зарарсыздандыру көбірек таралған.

Химиялық зарарсыздандыру — химиялық заттардың микроорганизмдерге тигізетін жойқын әсеріне негізделген. Оны вакциналарды, сары суларды және баска да биопрепараттарды әр түрлі антисептиктермен консервілегенде (хлороформ, хинозол, мертиолат және т. б.) қолданады. Химиялық заттарды сыртқы ортаны: жұмыс орнын, бөлмелерді, жұмыс киімдерін, қолдағы тіршілік ететін ауру қоздырғыш микробтарды құрту мақсатында қолданады. Бұндайды дезинфекциялау деп атайды.

Дезинфещиялау үшін фенолдың 3—5%-ті сулы ерітіндісі, формалиннің 0,5—2%-ті ерітіндісі, хлорлы әктің 10%-ті ерітіндісі, хлораминнің, иодтың, сулема және т. б. 0,5—3%-ті ерітіндісін қолданады.

Зарарсыздандырудың физикалык әдісіне: жоғары температурамен, ультракүлгін сәулемен, радиоактивті сәулелермен, ультра-дыбыспен зарарсыздандыру, арнаулы бактериялық сүзгілерден өткізіп, салқын тә-сілмен зарарсыздандыру жатады.

Жоғары температурамен зарарсыздандыру. Ең көп тараған физикалық әдіс. Бұл микробиологиялық аспаптарды жанарғы шамының жалынына қару, заттарды қайнату, кұрғақ ыстық ауамен, шамадан тыс температурасы бар буды қысымымен ұштастырумен және бу ағынында ұстаумен жүзеге асалы.

Ж а л ы н д а қ а р у зарарсыздандырудың ең шап-шаң және сенімді әдісі. Бұл әдіспен бактериологиялық ілмешектерді, инелерді, пинцеттерді заттық әйнектерді, пастер пипеткаларын және т. б. ұсақ аспаптарды зарар-сыздандырады. Бұл үшін зарарсыздандырылатын заттарды спиртовка жалынына бірнеше рет қарып алады. Қыздырған кезде микробтармен олардың споралары өртеніп өледі. Бірақ ескеретін жай: аспаптарды өне-

бойы жалынға қарығанда олар бүлінеді, ал шыны заттар жарылып сынады немесе балқып өз пішінін жоғалтады. Бұның өзі осы әдісті үнемі қолдана беруге шектейді.

Қайнату — инелерді, шприцтерді, хирургиялық аспаптарды зарарсыздандырудың жай тәсілі: оны арнаулы зарарсыздандырғыш аспапта 10—15 минуттай мезгіл шамасында жүзеге асырады.

27

Суға I—2% сода қосып қайнатудың зарарсыздандыру әсерін арттырып, судың кермектілігін жояды. Бұның өзі металдан жасалған аспаптарды таттанудан сақтайды. Бұл тәсіл заттарды толық зарарсыздандыра алмайды. Өйткені кейбір бациллалардың споралары және клостридийлары қайнатуға төзімді келеді.

Құрғақ ыстықпен зарар с ы з д а н д ы р у. Бұл тәсілмен әдетте шыны ыдыстарды зарарсыздандырады. Бұнда пробиркаларды, колбаларды алдын ала мақтамен тығындайды. Зарарсыздандырылған заттарға қайтадан ауа микробтары жұқпауы үшін оларды қағазға орап зарарсыздандырады, ол қағазды жұмыс жасаудың алдында ғана ашады.

Пипеткаларды ені 2,5—3 см жалпақ қағазға орайды. Пипеткалардың ауызға алып соратын жағына алдын ала кішкене мақта тығып қояды. Петри табақшасын квадрат пішінді қағазға орайды. Осылай даярланған ыдыстарды алдын ала 160—170°С дейін қыздыратын құрғатқыш шкафтарда 2 сағаттай ұстайды. Осындай жағдайда бактериялар клеткалары ғана емес, олардың споралары да қырылып кетеді. Құрғатқыш шкафтар температурасын 175° С шамасынан асырмау ұсынылады, өйткені температура жоғарылағанда мақта тығын күйіп, қоңырқай тартады, орам қағаздар опырылып сыньш кетеді.

Бу ағынында зарарсыздандыру. Бөлшектеп зарарсыздандыру немесе тиндализациялау. Бу ағынында зарарсыздандыруды Қох аппаратында жүр-гізеді. Бұнда зарарсыздандырылатын материалға белгілі бір мерзім ішінде ыстық бумен бірнеше рет әсер етеді. Әрине бұны автоклавтарда жүргізуге болады. Бұл әдіс көбінесе зарарсыздандырылатын материал 100° С және одан да жоғары температурада өз қасиетін жоятын болса ғана қолданылады. Бұған құрамында кейбір көмірсулары бар қоректік орталар - (Гисс

ортасы, Сүт, ЕПЖ т. б. жатады. Сондықтан да бұларды Кох аппаратында 30 минуттай үш күндей зарарсыздандырады. Әрбір рет 30 минут зарарсыздандырылғаннан кейін қоректік ортаны аппараттан шығарып алып термостатқа немесе жылы болса бөлмеге қоялы. Сонда жылы жерде микроб споралары өсіп өнеді. Екінші рет зарарсыздандыруды қайталағанда вегетативтік клеткалар тағы да қырылып кетеді. Бұл әдісті бөлшектеп за-рарсыздандыру немесе тиндализациялау деп атайды.



28

Тиндализация әдісін Тиндаль ұсынған болатын. Бұнда зарарсыздандырылатын материалды термореттеушісі бар су моншасында 60—65° С бір сағаттан бес күн бойына немесе 70—80° С үш күн бойына жүргізеді. Әрбір қыздыру аралығында зарарсыздандырылып отырған

материалды споралардан вегетативті формалар өсіп шығуы үшін 25° С термостатқа қойып отырады. Негізінен тиндализациялау әдісін құрамында белогы көп қоректік ортаны ұрықсыздандыру мақсатында қолданады.

Бу қысымымен зарарсыздандыру. Бұны автоклавта жүргізеді. Бұның өзі сопақша екі қазаннан тұрады. Сыртқысын су-бу камерасы деп, ал ішкісін зарарсыздандырушы камера деп атайды. Ішкі камераға зарарсыздандырылатын материал орнатылады. Осы камераның жоғарғы жағында сыртқы камерадан бу келетін кішкене тесік бар. Автоклав кақпағы ешбір саңылаусыз берік етіп жабылады. Автоклавта қысымды және температураны оның жұмыс істеу кезінде көрсетіп тұратын манометрмен, термометрмен жабдықталған. Автоклавпен жұмыс істеушілер арнайы нұс-қаулармен қамтамасыз етіледі және оларды үйрететін арнаулы орындар бар.

Сүзу арқылы зарарсыздандыру. Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен зарарсыздандыруға болмайды. Өйткені олардың құрамы мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сұйық орталарды микробтар

өте алмайтын саңылауы бар арнаулы бактериялық сүзгіштерден өткізеді. Вирустар бактериялық сүзгіштерден өтіп кетеді. Бұндай сүзгіштерді ультрасүзгіштер деп атап жүр. Оларды саңылауы тым кішкене бактерияларды ұстап қалатын материалдардан (коалин, асбест, нитроцеллюлоза және т. б.) жасайды.

Асбест сүзгіш (Зейтц сүзгіші). Бұл қалындығы 3—5 мм және диаметрі 35 және 140 мм көлемі кішкене немесе үлкен сұйықтарды сүзуге арналған асбест пластинкалар. Бұл сүзгіштерді қолданар алдында аспаптарға бекітіп, солармен бірге зарарсыздандырады. Асбест сүзгіштері бір рет қолдануға ғана жарайды.

Мембраналы ультрасүзгіштер. Бұл диаметрі 35 мм және қалыңдығы 0,1 мм органикалық зат— нитроклетчаткадан жасалған ақ дискі. Пайдалану ал-Дынан мембраналы сүзгіштерді де қайнату арқылы зарарсыздандырып алу керек. Ол үшін сүзгіні температурасы 50—60° С жылытылған суға салады. Одан соң суды 30 минуттай қайнатады. Бұнда суды 2—3 рет



29

ауыстыру қажет. Мембраналы сүзгіштерді де, арнаулы сүзгіштерді де арнаулы сүзуші аспапқа (Зейтц аспабы) орнатады.

Сүзу барысында сүзгідегі қысымның өзгеруіне байланысты сұйық сүзгі саңылауынан өтеді де, микробтар сүзгі бетінде қалып қояды.

7. МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН



КӨМІРТЕГІ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСКЕ

ҰШЫРАУЫ

Табиғатта кездесетін құрамында көміртегі қосылыстары бар органикалық заттар азотты органикалықзаттар сияқты микробиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Олардан аралық заттар түзіледі, ал кейде ең ақырғы өнім СО2 мен суға ыдырайды. Көміртегі қосылыстарының ыдырауына қатысатын микроорганизмдердін түрлік құрамы белокты заттарды ыдыратушы микроорганизмдер тобына қарағанда біршама айырмашылығы болады. Органикалық заттар минералданғанда пайда болған көмір қышқыл газының бір бөлігін автотрофты және хемосинтездеуші микроорганизмдер пайдаланады, ал қалған біраз бөлігі фотосинтез кезінде өсімдіктер сіңіру үшін атмосфераға тарайды.

Көміртегі қосылыстарының ішінде оңай және шап-шаң минералданушылары — қанттар мен крахмал. Пектин, клетчатка,

лигнин және май сияқты көміртегінің біраз мөлшері бар заттарды микроорганизмдер оңай ыдырата бермейді. Әрине осы көрсетілген өзгерістердің ең ақырғы өнімі ретінде бөлінетін заттар көміртегінің табиғаттағы айналымына қосылады. Бұл процесте аэрация жағдайының мәні зор. Аэробты жағдайда көміртегі бар органикалық заттар әжептәуір ыдырап, ең соңғы өнім, яғни көмір қышқыл газы мен су түзіледі.

С6Н12О6 + 6О2 = 6СО2 + 6Н2О + 2822 кДж

Бұнда энергия толық босап шығады да, оны тыныс алу деп атайды.

Ал анаэробты жағдайда, яғни оттегі тапшы болғанда органикалық заттардағы көміртегі қосылыстары ашу процесі бағытында өтеді.

Сонда ортада аралық өнімдер: спирттер (этил, бутил т. б.) және әр түрлі қышқылдар (сүт, май, сірке, янтарь пропион, т. б.),газ тәріздес заттар: сутегі және көмір қышқыл газы пайда болады. Аэробты жағдайға қарағанда бұнда бөлінетін

30

қуаттың мөлшері де тым аз болады. Микроорганйзмдер көмегімен табиғатта жүретін ашу процесі адам баласының тұрмысында кеңінен қолданылады. Бұл процесс нан пісіру, сыра қайнату, шарап жасау, көкөністерді ашыту, сүрлем салу, сүттен түрлі сүт тағамдарын даярлауда, талшықты өсімдіктерден жіп тіндерін өндірудің негізі болып саналады.

Микроорганизмдер қоздыратын жоғарыдағы көрсетілгендей әр түрлі процестерді зерттеу үшін С. Н. Виноградский ұсынған элективті (талғамды) культураларды пайдаланған қолайлы.

а) спиртті ашу процесі

Спиртті ашу дегеніміз микроорганизмдер көмегімен анаэробты жағдайда көмірсулардың этил спирті мен көмір қышқыл газына дейін ыдырауьш айтады. Ашудың аралық өнімдері фосфоглицерин, пирожүзім қышқылдары және сірке альдегиді, ал қосымша заттар ретінде глицерин, янтарь қышқылы және сивуш майлары түзіледі. Бұл заттарда амил,

бутил және басқа спирттер, сірке, май, т. б. қышқылдар және эфир бар.

Спиртті ашу процесін ашытқылар мен бактериялардың кейбір түрлері (Sагсіпа Vіпtrісиlі т. б.) және мукор саңырауқұлақтарының өкілдері қоздырады. дегенмен бұл процесте ашытқылардың маңызы ерекше.

Спирттік ашытқылар ішінде мәдени (Sассһагоmисеs еlірsоіdеиs және Sассһотусеs сегеvіsіае) және табиғн тағы ашытқылар (Тогиlа, Місоdегmа), сонымен бірге кейбір зең саңырауқұлақтар да (Мисог) және бактериялар бар.

Мәдени ашытқылар таза, тағы дрожжылардан бөлініп алынған, өндірістік қасиеті жоғары болады. Мәселен, сыра қайнатуда қолданылатын ашытқы сыраны мөлдірлендіреді, оған ұнамды иіс, дәм берсе, шарап ашытқылары — спирт мөлшерін арттырады, ал жүзім ашытқылары ерекше сапа түзеді, нан ашытқысы шап-шаң көбейіп, көп мөлшерде СО2 бөліп, қамырдың қопсуын арттырып, тағамның дәмін жақсартады.

Жалпы тағы табиғи ашытқылар мен зең саңырау-құлақтарының ашытушылық қасиеті төмен, көптеген қажетсіз қосымша өнімдер түзеді.



Sассһагоmусеs сегеvіsіае — спирт ашуын қуатты жүргізетін қоздырғыш. Сопақша және жұмыртқа тәрізді бір клеткалы микроорганизм. Бүршіктену мен қарапайьш жынысты жолмен көбейеді. Жынысты жолмен

31





5-сурет. Ашытқылар (А) және оларда аскоспоралардың (Б) түзілуі.

көбейгенде клетка ішінде шар тәрізді спора пайда болады.

Sассһагоmусеs роmЬе — клеткасы таяқша тәрізді. Олар екі-екіден өзара ұрықтанады да, одан зигота пайда брлады. Өсе келе зиготадан ішінде төрт спорасы бар қалта түзіледі. Спора эллипс тәрізді, сыртқы қабаты тегіс келеді (5-сурет). Спирт ашу процесін қуатты қолдайды.

Спирт ашыту ашытқыларының өзі беттік және түптік делініп екіге ажы- ратылады. Беттік ашытқылар жоғары температрада (25—28° С) оттегі бар жерде өніп өседі. Ашу кезінде көп газ түзіліп орта көпіріп ылайланады. Ыдыс түбіне мақта сияқты ұлпа тұнба түседі. Ал түптік ашытқылар көмірсуларды төменгі температурада (10—15° С) ашытады. Газ түзіуі өте баяу. Ашу процесі біткеннен соң ашытқы тұнбаға түседі де, сұйық мөлдірленеді.

Көпшілік ашытқылар моносахаридтерді жақсы ашытады. Ал дисахаридтер тек моносахаридтерге ыдырағанда барып тіршілік ете бастайды. Ал полисахаридтерді (крахмал) және декстринді ашытудан бұрын солодтың (өсірілген арпадан алынады) көмегімен гидролиздейді. Ал древесинамен клетчатканы алдын ала арнаулы әдістермен гидролиздеп алу қажет. Спирт ашу процесі қышқыл (рН 4,0—4,5) ортада біршама жақсы жүреді.

Тәжірибе жүргізу. Сыйымдылығы 250 мл колбаға 50 мл 20%-ті қант ерітіндісін және 1 г нан ашытқысын 10 мл сахароза ерітіндісіне (20%) өзіп салады. Ашытқыларды сабақ басталардан бір сағат бұрын езіп, жылы жерге қою керек. Сонда оның белсенділігі артады. Колбаға имек шыны түтік орнатады да, оның шетін бариті бар пробиркаға кигізіп қояды (6-сурет). Ішінде ашитын сұйығы бар колбаны су моншасына орналастырады, әлсін-әлсін қыздырып, монша температурасын 35—40° С шамасында ұстап тұрады. Бірнеше минуттан

32

соң бариті бар пробиркаға газ көпіршіктері жинала бастайды. Біраздан соң газ түзілуі жиілене түседі. Осы кезден бастап ашу өнімі көмірқышқыл газы бөлінін жатқаны белгілі болады. Ал барит суы көмір қышқыл газымен реакцияға түсіп ВаСОз түзіп, лайланады. Дәл осы тәжірибеде спирт жиналуын көрсету қиын. Ашитын сұйығымен колбаны мақта ты-ғынымен жауып, келесі сабаққа дейін қалдырады. Келесі сабақта одан спиртті анықтауға болады. Қолбадан 2—3 мл



6-сурет. Спиртті ашуды қоздырғыштарды жинақтау культурасы.

ға болады. Қолоадан 2—3мл сұйықтықты алып, оған калий бихроматы түйірін және бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, қоспаны спиртовка жалынында қыздырады. Бұнда хромның тотығу әсерінен сұйық жасыл түске боялады. Бөлініп жатқан сірке альдегидінің ерекше исі болады. Сонымен оны анықтайды.

К2Сг207 + 4Н24+ЗС2Н5ОН—>

К2Сг2 (SО4) 4 + ЗСНзСНО + 7Н2О

Енді спиртті аппаратта айдау әдісімен анықтайды.

Ішінде ашитын сұйық бар колбаны тығындайды. Тығынға ұзын (40—50 см) шыны түтікті орнатады. Колбаны ішіндегі сұйық бірқалыпты қайнағанға дейін қыздырады. Сонда шыны түтіктің сыртқы ұшынан спирт буы бөліне бастайды. Дәл сол жерге жанып тұрған шырпыны ұстаса спирт біткен соң ол өшіп қалады. Сұйықты қатты қайнату керек. Олай болмаса сұйық шыны түтіктен ытқып шығып жалынды өшіріп тастайды. Спиртті анықтаудын басқа жолы да бар: Ол иодоформ реакциясы.

Бұл үшін колбадағы сұйықты салқында тұндырады немесе қағаз сүзгімен сүзеді. Одан пипеткамен 5 мл алып пробиркаға құйып NаОН

10%-ті ерітіндісімен шамалы сілтілейді. Лакмуспентек тексереді. Пробирканы су моншасында 60° С температуда-да 1—2 түйір кристалл иодты (0,1 г) салып қыздырады. Ортада этил спирті болса NаОН бар жерде иодоформ түзіледі. Ол сары түсті тұнбаға түседі. Сонда иодоформ реакциясы төмендегіше болып белгіленеді:

33

СН3СН2ОН + І2 = СНаСНО + 2НІ



СН3 СНО+3І2=CI3CHO+3HI,

3 CHO+ Na OH=CHI3+HCO O Na

Бұнда басқа да заттар: ацетон және сірке альдегиді дәл осындай реакция беретінін ескеру керек.

Материалдар мен құрал-ж а б д ы қ т а р. Сыйымдылығы 250 мл колбалар, сахароза, нан ашытқылары, өлшегіш цилиндрлер, тығындар және иілген шыны түтіктер, су моншасы, электр плиткасы, барит суы, пробиркалар, спиртовка, концентрлі күкірт қышқылы, тік ұзын шыны түтік өткізілген тығындар, К2Сг207.

Спирттік микроорганизмдерге ең қолайлы орта жүзім қанты мен ашытқы суы. Бірақта бұдан басқа да орта жақсы нәтиже беретінін ұмытпау керек. Оның құрамы төмендегіше:

сахароза — 150 г,

пептон — 5 г

КзРО4 - 3 г,

МgSо4 — і г,

айдалған


су — 1000 мл.

Лабораториялық жағдайда ашытқылар өсіру үшін мынадай орталарды қолданған пайдалы:

Ганзен о р т а с ы: Глюкоза немесе мальтоза — 50 г, пептон — 10 г, КН2РО4—3 г, МgSО4-7Н2О—2—5 г. Дистилденген су— 1000 мл.

Аммоний тұзы бар Геннеберг ортасы: Құрақ қанты—150 г, NН4Н2РО4 — 2 г, КН2РО4 —5 г, МgSО4-7Н2О — 2 г, СаСОз — 5 г, дистилденген су — 1000 мл.

Геннеберг ортасы. Құрақ қанты—150 г, аспарагин — 3 г, немесе пептон — 5 г, КН2РО4 — 5 г, МgSО4-7Н2О — 2 г, СаСО3 — 5 г, дистилденген су — 1000 мл.

Мейер о р т а с ы. Ет сығындысы өте аз мөлшерде, глюкоза—15 г, К2НРО4 — 5 г, МgSО4-7Н2О — 5 г, СаНРО4 — 0,5 г, NН4КО3 — 0,75 г, дистилденген су — 1000 мл.

Гайдук ортасы. Құрақ қанты—100 г, аспарагин —2,5 г, КН2РО4— 1 г, М£5О4-7Н2О — 0,3 г, құбыр суы— 1000 мл.

Әрине табиғи орталарға қарағанда (синтетикалық) жасанды орталарда ашытқылар нашар өседі. Бұл орталарда ашытқылар өсуіне аса қажетті



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау