17
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
•
үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
•
қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады.
Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми
көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және
өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу
үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі
ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін
талап етіп, оларды ойлау
ға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой
жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-
пікірлерін ты
ңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың
естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта
мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені
терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бұл әдіс
арқылы оқушы жеке жұмыс жасауға үйренеді. Баспа материалдарымен өз
бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс)
аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа
баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. ма
ғлұмат көзі туралы мәлімет.
Анықтамалар
статистикалық,
библиографиялық
(өмірбаяндық,
терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке
келтіру.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізуде
қолданылатын көрнекілік әдістер Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби «Оқытудың
18
негізгі әдісі – көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру,
әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда
оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық
құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілер мен оқушыларды
таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық
бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы
мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік
әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және
демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалы
қ құралдардан, кино -фильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар,
видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын
компьютерлерге ерекше к
өңіл бөлініп, мектептерде электронды -есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді
енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік
береді. Компьютерлер, к
өрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
•
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұныме н сәйкес
келуі;
• к
өрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті
мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен
айналысып, т
әжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік әдістер: зертханалық және практикалық жұмыстар.
Ресурстық орталықтарда биология пәнінен практикалық жұмыстар
ұйымдастыруда
оқушылардың
таным-белсенділігі
де
ңгейіне
қарай
топтастырылған әдістер (И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин).