Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата01.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#2566
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

15 

атайды.  Осыған  сәйк ес  бірінші  жа

ғдайда  оқушылар  заттарды  бақылап, 

фактілерді  есінде  са

қтайды,  мұғалімнің  түсіндіргенін  тыңдайды  және  ой 

елегінен өткізеді,  ақпараттық  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Бұл  жерде  оқу  әдісі 

репродуктивтік,  дәлірек  айтсақ  жаңа  ережені  оқушылар  дайын  күйі нде 

меңгереді  (оқушылар  фактілерді  талдап,  ережелер  шығармайды).  Егер  оқыту 

әдісі  хабарлау  әдісі  болса,  оқудың  негізгі  тәсілі  жаттау,  оқушылардың  үлгі 

бойынша  жұмыс  істеуі.  Мұндай  оқу  әдісін  шартты  түрде  орындаушылық  деп 

атаймыз.  

Сондықтан  оқушының  кітаппен  жұмысы  оқу  әрекетінің  тәсілі  болып 

табылады.  Эвристикалық  әдісті  қолданғанда  мәселелік  деңгей  (оқушылардың 

белсенділігі)  ед

әуір  көтеріледі,  эвристикалық  әңгімелерге  танымдық 

(логикалық)  есептер  және  проблемалық  тапсырмалар  қосылады.  Оқушылар 

мұғалімнің көмегімен «жаңалық» ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен 

жұмыс  істейді.  Зерттеу  әдісін  қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  тәжірибелік 

сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап 

оларды өз  бетімен  талдау  және  қортындылау,  өз   ойын  дәлелдеуге  керекті 

материалдарды  жинау,  т.б.)  береді.  Оқушылар  оларды  өз  бетімен  орындайды, 

бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.  

Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтар өткізу кезінде оқыту 

әдістерін  тандау  әдетте  сабаққа  оқу  материалының  мазмұнын  таңдаған  кезде 

жүреді.  Ол  дидактикалық  мақсатқа,  оқушылардың  білім  деңгейіне  мұғалімнің 

өзінің дайындық деңгейіне байланысты.  

Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. Міржақып Дулатов Оқытудың 

баяндау, әңгіме,  түсіндіру  әдістеріне  ерекше  мән  беріп,  «баланы  толық  жауап 

беруге әдеттендіру  керек »,  -  дейді.  Сөйтіп,  оқытушы  көркемдеп  оқытудың 

жаңаша  жолдарын  ұсынып,  мұғалімдерден  соны  іс-әрекеттерді  талап  етеді. 

«

Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық», - 



дейді.  

Сөздік  әдісі  ресурстық  орталықтарда  биология  пәнінен  практикалық 

жұмыстар  ұйымдастырудың  барлық  сатыларында  қолданылып,  әңгіменің 

сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін 

оған кейбір талаптар қойылады. Олар:  

• 

әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;  



• 

әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;  

•  ой  пікірді

ң  дұрыстығын  дәлелдейтін  жарқын  және  нанымды 

мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;  

• 

әңгіменің жүйелілігі болуы керек;  



• 

әңгіменің әсерлілігі;  

• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;  

• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.  

Түсіндіру  –  жеке ұғым,  құбылыстарды,  құралдар,  көрнекі  құралдардың 

жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, Ресурстық орталықтарда 

биология  п

әнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарда  жаңа 

тақырыптарды  өтер  алдында  оқушыларға  терминдік  сөздердің  мағынасын 

түсіндіріледі.  Мұғалім  оқушыларға  таныс  емес  құралдарды  немесе  басқа 




16 

көрнекі  құралдарды  сабаққа  алып  келіп,  жаңа  материалды  түсіндірмес  бұрын 

оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде 

жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде 

де қолданылады.  

Биологиялық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және 

қоғам  құбылыстарының  түбірлі  себептерін  және  салдарын  ашу  кезінде 

түсіндіру әдісі жиі қолданылады.  

Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:  

• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;  

• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;  

• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;  

• жүйелілік.  

Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең 

қолданылады.  Бірақ  орта  және  жоғары  сатыларда  оқу  материалының 

күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс 

кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.  

Әңгімелесу  –  оқытудың  диалогтық  әдісі,  мұғалім  оқушыларға  мұқият 

ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын 

меңгеруіне  жағдай  жасап,  бұрын  оқылған  материалдарды  қалай  меңгергенін 

тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде 

қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.  

Оқу  материалының  мазмұны,  оқушылардың  шығармашылық  танымдық 

қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері 

бар. Олар: кіріспе, немесе практикалық сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа 

білімді қалыптастыру  (сократ,  эвристикалық),  жинақтаушы,  жүйелеуші  және 

бекітуші әңгімелер  арқылы  оқушылардың  іс -әрекеттің  жаңа  түріне,  жаңа 

білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.  

Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны 

білім  алу әдістеріне,  мұғалім  қойған  сұрақтарға  өз  бетімен  жауап  беруге 

үйретеді.  Эвристикалық  әңгімелесу  барысында  мұғалім  оқушылардың  білімі 

мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын 

жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып 

жаңа білім алады.  

Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, 

оны қолдану   тәсілдерін  жүйелеуге  бағытталған.  Оқушы  өз  білімін  жаңа  оқу 

және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.  

Әңгімелесу  барысында  мұғалім  сұрақты  бір  оқушыға  (жеке  әңгімелесу) 

немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі  - 

оқушымен  әңгімелесу.  Оны  сыныппен,  о

қушылардың  жеке  топтарымен 

өткізуге  болады,  әсіресе  жоғары  сынып  оқушылары  өз  пікірлерін  айтып, 

сұрақтар  қойып,  мұғалім  ұсынған  тақырыпты  талқылайды.  Әңгімелесудің 

нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.  

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:  

• ес пен тілді дамытуы;  

• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;  



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау