32
қызығушылықтарын, белсенділігін, өзіндік зерттеу қабілеттерін арттыратын
әдіс - тәсілдер көбінесе назардан тыс қалады.
Ресурстық орталық окушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру
үшін, биология пәнінен практикалық жұмыстар негізінде оларды өз бетінше
зерттеу ж
ұмыстарына тарту қажет. Оқушылардың ғылыми зерттеуге
қызығушылығын қалыптастыру ғылыми ізденудің әдістерін меңгерту
мақсатыңда дәріс беретін оқушылармен әр түрлі тақырыпта жұмыс жүргізуге
болады.
Мәселен, «Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері» тақырыбы
бойынша зерттеу ж
ұмысын алайық. Бұл жұмыстың мақсаты бойынша
ресурстық орталық жағдайында сәндік, көгалдандырудың ауа тазалығына әсері,
өсімдіктердің адам өміріндегі мәнін ашу, оқушыларды еңбекке баулу, оларға
бөлме өсімдіктерін өсіру, күтіп-баптауды үйрету, қоректендіру тәсілдерін
меңгертіп, тыңайтқыштардың маңыздылығын түсіндірудің тиімді әдіс-
тәсілдерін анықтауға басты назар аударылады.
Зерттеу болжамы ретінде бөлме өсімдіктерін арнайы ұйымдастырылған
шартқа сәйкес өсіру, күту және зиянкестерден қорғау, аурудан емдеудің тиімді
тәсілдерін пайдалану арқылы ресурстық орталық оқушылары бойында
табиғатқа сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерін қалыптастыруға бейімдеуге
болады, сол сияқты бөлме өсімдіктерін күтудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертуге
қол жеткізуге болады.
Зерттеу міндеттері:
1.
Бөлме өсімдіктері туралы ғылыми әдебиеттерді жинақтау және оларға
шолу жасау;
2.
Бөлме өсімдіктерін егудің, өсірудің, зиянкестерден сақтандырудың
тиімді әдістерін айқындау;
3.
Ресурстық орталық жағдайында бөлме өсімдіктерін күтудің қолайлы
тәсілдерін анықтау.
Зерттеу жа
ңалығы.
Ресурстық орталық жағдайында арнайы
ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында алынған бөлме өсімдіктерін
егудің, күтудің және оның аурулары және зиянкестермен күресу іскерлігі мен
дағдысын оқушы бойында қалыптастыру шарттары айқындалады.
Тәжірибе барысы оқушының оқытудың пассивті обьектісінен
шығармашыл жеке тұлға әрекетіне өтуі оқушылардың танымдық әрекетін
ұйымдастыруда топтық формаларды қолданғанда ғана едәуір тиімді
шешілетіндігін көрсетті. Мұндай сабақтардың жалпы схемасы төмендегідей:
пән бойынша білім деңгейлері әр түрлі оқушылар үш төрт адамнан топтарға
бірігіп, мазмұны ұжым жұмысына есептелген тапсырмалар алады. Сабақ
соңында әр топша өз есептерін әзірлеп, жасалған жұмыстары туралы хабарлама
жасайды (10-сынып бойынша, практикалық жұмыстар).
Зерттеу тақырыптары әр алуан. Ең бастысы, жұмыстың балалардың өз
қалауларына, қызығушылықтарына жас ерекшеліктеріне, жеке және
интеллектуальдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі. Бақылау мен зерттеу үшін
жүйелі түрде уақтылы бақылауға мүмкіндігі бар, едәуір типтік және жергілікті
табиғи жағдайлардың негізгі сипаттарын айқын бейнелейтін нысандар мен
33
құбылыстар таңдап алынады. Олар оқушылардың биологиялық және
экологиялық ұғымдарын қалыптастыру және дамыту үшін, логикалық ойлауын,
танымдық қызығушылығын, тәжірибелік білім, білік дағдыларын жетілдіруде
оқу үрдісіне қолдануы мүмкін.
Ресурстық орталықтарда биология сабақтарында басқа пәндердің
сабақтарындағыдай әр түрлі практикалық жұмыстардың көмегімен
оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырады.
Осы барлы
қ жұмыстар айқындалған түрде, яғни жүйелі түрде
ұйымдастырылғанда ғана болымды нәтиже береді.
Оқыта үйрету ойындарын практикалық жұмыстарда ұйымдастыруға
мүмкіндік мол. Дидактикалық ойындарда міндетті т
үрде ойлау әрекетін
белсендіретін, қиындық тудыратындай танымдық тапсырмалар болуы шарт.
Ойын арқылы оқытуда қызықтыру, әзіл үйлесім табуы керек. Оқушылар өз
беттерімен викторина сұрақтарын тауып, экологиялық лото құрады, ойындарды
да өз беттерімен ойластырады. Бұл тапсырмалардың барлығы олардың пәнге
деген, биология ғылымына деген қызығушылықтарын оятады, практикалық
жұмыстарда өзіндік зерттеушілік дағдыларын дамыта түсуіне ықпал жасайды.
Сабақты практикалық жұмыстары арқылы ойын түрінде ұйымдастырудың
тиімділігі бірнеше тәсілдердің көмегімен қамтамасыз етіледі:
-
оқу материалдарын құрастыру және оларды ықшамдалған түрде ірі
блоктармен беру;
-
практикалық тапсырмалардың кешендік және шығармашылық сипаты;
-
оқушылардың білім, білік, дағдыларын жаңа жағдайда қолдануын талап
ететін дәстүрлі емес жағдаяттар туғызу;
-
оқушылардың өзінің оқу-таньмдық іс-әрекетін өздігінен жоспарлауының
қажеттілігі;
-
оқушыларға оқытудың барлық кезеңдерінде еркіндік, дербестік беру;
-
тақырыптың ақпараттық блоктарының мазмұны мен оқытудың
ұйымдастыру формаларын вариативті түрде беру.
Оқушылардың танымдық дербестігін біртіндеп дамыту барысында
бақылау-бағалау іс-әрекетінің тәжірибесі жинақталады өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі бағалау білік, дағдылары қол жеткен жетістіктерді мұғаліммен бірлесе
отырып талқылау, талдау, бағалау процесінде қалыптасады. Өз жетістігінің
деңгейін дұрыс, әділ бағалай білу машығы оқу материалын игерудің көлемі мен
тәсілін, күрделілігін оқушылардың саналы түрде таңдап алуына, өз таным
аумағын кеңіту және тереңдету үшін, шығармашылық үшін уақытты үнемді
пайдалана білуіне мүмкіндік береді. Оқытудың барлық кезеңдерінде өзін -өзі
бақылау, өзін-өзі бағалау, түптің түбінде, әрбір оқушының танымдық іс -
әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етеді. Оқу процесіндегі оқушылар мен
мұғалімнің өзара қарым- қатынасы бағыну-бағындыру қатынасы болудан
қалып, тепе-тендік, ынтымақтастық формасына айналады.
Биология пәнін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану
сабақтардың көрнекілік деңгейінің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді,
оқушылардың әрекетін белсендірудің мҥмкіндік деңгейін кеңейтеді, ал үздіксіз
кері байланыс о
қыту үрдісін жандандырып, оның дамуын арттырады,