21
табиғат құбылыстарын бақылау, баяндамалар оқу, технологиялық процестерді
жетілдіру туралы ұсыныстар айту, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді талдау, т.б.
Ойын - оқыту әдісі. Ресурстық орталық жағдайында биология пәнінен
практикалық жұмыстарды жүргізу барысында қолданылатын ойындардың
түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына
дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер
ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да,
еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген
теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы
бала өзін -өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу
теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К. Крус
тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л. Рубинштейн еңбекке
дайындайтын ойындарының те орияларын жасады. Ойын туралы
қазіргі
көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың
қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге
бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын
арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді,
ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады.
Оқушылар биологиялық құбылыстардың, микроскоптан көрген жасуша
құрлысының сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Ойын түр інде болатын саяхат, электрлендірілген викториналар ар
қылы
белгілі бір ауданның жануарлар дүниесі оқылады.
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық
есептер білім береді ж
әне оқушыларды ынталандырады.
«
Ағашты кім тез
отырғызады» ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар
ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық
өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір
міндет қойылады , осы міндетті шешу
үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың
ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға
береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы
ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы
ұсыныстар таңдалып алынады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді
қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып
оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр
түрлі әдістерді қолдану қажет.
Биологиялық таным мен оқытудың әдіснамалық проблемаларын қою –
педагогикалық шығармашылыққа жаңа серпіліс беріп, оқу тәрбие үрдісінің
құрлымына, мазмұны мен мақсаттарын қайта толғауға сөйтіп биологияны
ғылым ретінде, пән ретінде жаңаша қарауға мүмкіндік береді.
22
Әдіснама (методология) - құрылым жөніндегі ілім және барлық әрекет
түрлерін логикалық ұйымдастыру, оның ішінде оқу ісін ұйымдастыру
турасындағы ілім. Әдіснама оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттары мен мазмұнын
реттеп түзетуге, биологияны оқытудың қажетті әдістері мен формаларын іздеп
табуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде биология мен педагогиканың әдіснамасы
жасалған. Енді осы материалдарды меңгеріп, оны биология пәнінен
практикалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесінде іске асыру қажет.
Ресурстық орталықтарда биология пәнінен зертханалық және практикалық
сабақтар өткізудің практикалық әдістері төмендегідей кезеңдерден өтеді:
Жұмыс мақсатына негізделген сұрақ қою;
Техникалық және ұйымдастыру нұсқаулығы;
Жұмысты орындау (тәжірибені айқындау, байқау, жасау);
Нәтижелерді бекіту (жұмысты орындаумен қатар жүргізіледі);
Қойылған сұраққа жауап беретін қортындылар жасау;
Орындалған жұмыс туралы есеп немесе хабарлама.
23
2
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
өткізудің тиімді тәсілдері
Биология пәнін ен зертханалық және практикалық сабақтарды оқыту
барысында оқушылардың ойларын дамыту үшін әр түрлі әдіс тәсілдерді
сабақта пайдалану тиімділігін көрсетеді. Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа
технологиялардың тиімді әдіс тәсілдерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре
отырып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты
міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса,
бала білімінің де даму деңгейі төмендейді. Осының бәрі бір күннің ісәрекеті
емес, оған уақыт керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелеріні
ң мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,
педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен қарауға
мүмкіндік береді.
Биология бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта
буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы
баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді
әдісін жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын
оқуға көшу, мұғаліммен оқушының субъектіге түсіп ынтымақтастықта болуын
қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған
азаматтандыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күйінің
дамуына шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады.
Осы тұрғыда көптеген жобалар оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлес
қосады. Мәселен, ресурстық орталықтарда биология пәнінен өткізілетін
зертханалық және практикалық сабақтарда сын тұрғысынан ойлау жобасы
арқылы стратегияларды пайдаланып оқушының ізденушілік, зерттеушілік
әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Осы орайда, А
қмола облысы,
Шортанды ауданы, Шортанды кетіндегі № 3 орта мектебінің биология пәнінің
мұғалімі Айят Цэрма «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
жобасының стратегияларын сабақта қолданудағы тәжірибесін ұсынамыз.
Оқушы жүрегіне жол тауып оның білімге деген құштарлығын арттырып,
өзін өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара
ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға деген қабілетін зерттей отырып, тұлғаның
негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Ұзтаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс бірлігін
қатар дамытуы қажет. Бұл жердегі басты тұлға оқушы, ал мұғалім
жетелеуші, бағыттаушы болып табылады. Осы әрекетте ынтымақтастық
болмайынша оқытудың нәтижесі болмайды [4].
Биология пәнін ресурстық орталықтарда зертханалық және практикалық
сабақтарды оқушыға меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде
оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің тиімді
жолдарын, тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Зертханалық және
практикалық сабақтардың мақсаты оқушылардың қызығуын арттырып