Бейне материалдарды қолдану оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады.Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Бейне материалды қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу бейнефильмдері - 10 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Бейне сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше бейне сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта мен информатика сабақтарын беруде көптеген Интернет ресурстарымен жұмыс барысында Camtasia Studio бағдарламасы көңіліме қонды. Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны оқушыларға ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтарымның әртүрлі бөліктерінде шағын бейнероликтер жасау арқылы сабағымды жаңа тәсілмен ұйымдастырдым. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, мұғалім түсіндіргенде оқушы өзі түсінбеген тұстарды қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтереді.
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау информатика сабақтарында оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында бейне материалдарды қолданудың маңызы зор және өзекті екенін көрсетіп отыр.
Ал ұстаздар ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдыланады. Сонымен қатар мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді.
Оқыту процесін жеделдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан маңызы зор:
Бейнефильмдер оқушылардың материалдарды жақсы меңгеруіне көмектеседі.
Бейнефильмдер оқытушыға оқу- тәрбие жұмысын өмір шындығын ажанастыруға мүмкіндік береді.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап, түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Бейне сабақтардың пәндердегі тиімділігі:
Достарыңызбен бөлісу: |