Өтелетін артықшылығы бар акциялар – бұл эмитенттің таңдауы бойынша сатып алынатын және айналыстан шығарылатын акциялар.
Айырбасталатын артықшылығы бар акцияар – бұл акционерлердің еркі бойынша жай акцияға ауыстырылатын акциялар.
Кумулятивті акциялар – артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтер жинақталып отырады және жай акцияның дивидендтерін төлегенге дейін өтелетін акциялар.
Мерзімі ұзартылған дивидендтер – кумулятивті акциялар бойынша өткен жылдан қалған жинақталған төленбеген дивидендтер.
Меншікті сатып алынған акциялар – компанияның еркін нарықта сатып алынған акциялары.Ол баланста контрпассивті шот болып табылады және капитал сомасын азайтады.
Баланста меншікті капитал бөліміне төмендегідей операциялар өз ықпалын тигізеді:
бағалы қағаздарды шығару;
дивидендтерді жариялау мен төлеу;
меншікті сатып алынған акцияларды сату және сатып алу.
Акционерлік қоғамда меншік бірлігі акция болып табылады. Акционерлік қоғамның жарғысында шығаруға рұқсат берілген акциялардың ең жоғарғы саны көрсетіледі. Әдетте қоғамды құрған кезге қарағанда рұқсат көбірек алынады. Бұл қоғамға келешекте қосымша акция шығаруға мүмкіндік береді.
Акциялар шығарылған және циркуляцияланған (айналыстағы) болып бөлінеді. Шығарылған акциялар – бұл сатылған және басқа да әдіспен өткізілген акциялар.
Егер кәсіпорын акцияны қайта сатып алатын болса және қайтармаса, онда ол айналыстағы акцияға жатпайды. Акцияларды шығаруға рұқсат алған кезде еш бухгалтерлік жазба берілмейді. Егер рұқсаттың алынғаны формальді түрде қажет болса:
Дт шығарылмаған жай немесе артықшылықты акциялар
Кт шығаруға берілген рұқсат
Акцияларды атаулы құны бойынша шығарған кезде; жазылым арқылы
Дт Алынуға тиісті жазылым
Кт Жазылым бойынша жай акция
Ақшаның түсуіне қарай:
Дт Ақша
Кт Алынуға тиісті жазылым
Дт Жазылым бойынша жай акция
Кт Жай акция
Егер келешекте компанияның перспективасы жақсы деп саналса, қоғам басшылары қосымша акцияларды шығара алады және құнын көтеруі мүмкін. Бұл әдетте акцияның нарықтық құны атаулы құнынан жоғары болғанда жүзеге асырылады.
Мысалы, компания 1 000 жай акцияны 12 доллардан сатты. Атаулы құны 10 доллар.
Дт Ақша 12 000
Кт жай акция 10 000
Кт эмиссиялық табыс 2 000
Кейбір жағдайларды компания акциялады мүлікке немесе қызметке айырбастайды. Есептің халықаралық стандартына сәйкес мұндай операциялар активтің нарықтық құны немесе акцияның нарықтық құны бойынша көрсетіледі.
Мысалы: АҚ «Альфа» құрылған кезде деректорлар кеңесі 100 акцияны ұйымдастырумен байланысты шығындарғы төлеуді ұйғарды. Акцияның нарықтық құны осы сәтте анықталмаған. Бірақ компания осыған ұқсас тапсырыстар бойынша 1 500 ш б төлеген.
Дт Ұйымдастыру шығындары 1 500
Кт Жай акция 1 000
Кт Қосымша төленген капитал 500
Екі жылдан кейін компания 1 000 акцияны жер теліміне ауыстырды.Ауыстыру кезінде акцияның нарықтық құны 16 доллар болды. Жер бағасы белгісіз.
Дт Жер 16 000
Кт Жай акция 1 000
Кт Қосымша төленген капитал 6 000
Акционерлік қоғамның әкімшілігі мен оның қызметкерлері арасындағы қызметкерлерге жеңілдікпен берілетін акцияларға байланысты өзара келісім – опцион.
Дивидендтер – акционерлер арасында бөлінуге тиісті бөлінбеген пайданың бір бөлігі.
Дивидендтерді төлеумен байланысты үш негізгі күн бар:
дивидендтерді жариялау күні
акция иелерін тіркеу күні
дивидендтерді төлеу күні
Біріншісі дивидендтерді төлеу туралы директорлар кеңесімен шешілуі.
Екінші мерзім акция иелерін анықтау үшін жасалады.
Үшіншісі нақты дивидендтерді акционерлерге төлеу.
Мысалы: Директорлар кеңесі дивидендтерді 56 000 сомасында төлеу туралы шешім қабылдады. 21 ақпан күні дивидендтерді төлеуді жариялау, 31 наурызда төлеу, ал тіркеу 10 наурызда жүзеге асырылады .
Дт Бөлінбеген пайда 56 000
Кт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000
10 наурызда жазба берілмейді
31наурыз
Дт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000
Кт Бөлінбеген пайда 56 000
Акцияларды қайта сатып алу:
АҚ акцияның жалпы санын азайту мақсатында акцияның бір бөлігін сатып алады, солай жарғылық капиталды азайтады.
Мысал: «Альфа» кәсіпорны 20 000 акцияны номиналдық құны бойынша сатып алды:
Дт Қайта алынған капитал 200 000
Кт Ақша 200 000
Егер нақты құн номиналды құнға тең болса:
Дт Ақша
Кт Қайта алынған капитал
Егер нақты құн номиналды құннан төмен болса:
Дт Ақша
Дт Бөлінбеген пайда
Кт Қайта алынған капитал
Егер нақты құн номиналды құннан жоғары болса:
Дт Ақша
Кт Қайта алынған капитал
Кт Төленген кпитал
Резервтік капитал операциялық қызметтен болатын залалды жабу үшін қолданылады.
Дт Бөлінбеген пайда
Кт Резервтік капитал
Бөлінбеген пайда деп акционерлер арасында дивиденд ретінде бөлінбеген меншікті капиталдың бір бөлігін айтады.Төленген капиталмен бірге бөлінбеген пайда активтерді алу көзі болып табылады. «Бөлінбеген пайда» шотының қалдығы компанияның қызмет етіп жатқан барлық уақыты ішінде жинақталған таза пайдадан залалды, дивидендтер бойынша төлемдерді және шығарылған акционерлік капиталға реинвестицияланған пайданы шегергенде қалатын соманы білдіреді. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның активі болып табылмайды және оның бар болуы пайда алынған операциялар бойынша кәсіпорын активтерінің ұлғайғандығын көрсетеді.
«Бөлінбеген пайда» шотында дебеттік қалдық та болуы мүмкін (бөлінбеген пайданың «дефициті», яғни жетіспеушілігі) де ол шаруашылық қызметтен алынған пайдадан залалдар мен төленген дивидендтердің басым болғанын білдіреді. Бөлінбеген пайданың «дефициті» баланстың «Меншікті капитал» бөлімінде бейнеленіп, капиталдың жалпы сомасынан шегеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |