Сабақтан кейінгі мектеп: ОҚушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру әдістемелік ұсыныстар


  Оқушылардың  сабақтан  тыс  кездегі  бос  уақытын  ұйымдастыру



жүктеу 330,44 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата31.05.2018
өлшемі330,44 Kb.
#18549
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1  Оқушылардың  сабақтан  тыс  кездегі  бос  уақытын  ұйымдастыру 

бойынша қазақстандық және шетелдік тәжірибені зерттеу  

 

Бүгінгі мектеп – бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элементтері 

болып саналатын күрделі жүйе.  

Балалармен  жұмыс  жасау  барысында  біз  оқу-тәрбие  процесінің  бірлігіне 

сүйенеміз.  

Оқушылардың  бос  уақытын  ұйымдастырудың  қазақстандық  тәжірибесі 

көрсеткендей,  мектептер  өздерінің  тәрбие  жұмысында  сабақтан  тыс  қызметке 

ерекше көңіл бөледі.  

Сабақтан  тыс  жұмыс  –  бұл  тәрбиелеуші  ұйымдардың  тіршілік  әрекетін 

сыныптық-топтық  ұйымдастырудан  бөлек  жүзеге  асыратын  әлеуметтік 

тәрбиені ұйымдастыру формасы.  

Сабақтан  тыс  қызмет  оқушылардың  сабақ  барысындағы  әрекеті  сияқты 

негізгі  білім  беру  бағдарламаларын  игеру  нәтижесіне  қол  жеткізуге 

бағытталған. Алайда, бірінші кезекте – бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу. 

Бұл  сабақтан  тыс  қызметтің  ерекшелігін  анықтап  беру  барысында 

оқушылардың  өзін-өзі  дамыту  дайындығы  мен  қабілетін,  оқу  мен  таным 

уәждемелерін, оқушылардың құндылық бағдарларын, әлеуметтік біліктіліктерін 

қалыптастырады.  

 

Сабақтан оқудан тыс қызметке өту:  



 

 

Қазақстан  Республикасындағы  сабақтан  тыс  қызметтің  жағдайын 



қарастырғанда  мектептен  тыс  білімді  ұйымдастыруға  ерекше  көңіл 

бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік-

эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар 

мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми-

техникалық  шығармашылығын  ұйымдастыру,  дене  шынықтыру-сауықтыру 

және  спорттық-бұқаралық  жұмыстар.  Соңғы  жылдары  балаларға  қосымша 

білім  беру  жүйесінде  әлеуметтік-педагогикалық  бағыттағы  бірлестіктердің 

дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін 

түзету  мен  дамытуға,  көшбасшылық  қасиеттерін  дамытуға,  балалар  мен 

жасөспірімдердің  бос  уақытын  ұйымдастыруға  бағдарланады.  Бұл  қызмет 

өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік 

береді [2].  




Шетелдік  тәжірибені  талдау  көрсеткендей,  мектепте  сабақтан  тыс 

қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік-

құндылықтық  қатынас,  бос  уақыттық-сауықтыру,  көркем  шығармашылық, 

әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану.  

Сондай-ақ, жүйе құраушы ретінде келесі қызмет түрлері анықталады:  

1.  Танымдық  қызмет  –  оқушының  дүниетанымын  кеңейтеді,  білімге 

құмарлығын  және  білімі  мен  зияткерлігін  дамыту  қажеттілігін 

қалыптастырады;  

2. 

Көркемдік қызмет – дүниені эстетикалық сезінуді, әсемдікке қажеттілік, 



көркем ойлау мен нәзік эмоционалды қатынасты дамытады;  

3. 


Спорттық қызмет – салауатты өмір салтына, дене сұлулығы мен өмірдің 

жоғары гигиенасына жағдай жасайды;  

4. 

Қоғамдық  пайдалы  жұмыс  түріндегі  еңбек  қызметі  –  оған  деген  оң 



қатынас  адамдық  болмыстың,  адамдарға  деген  қатынастың,  өзіне  деген 

қатынастың көрсеткіші болып табылады;  

5. 

Құндылықты-бағдарлы  қызмет  –  әлемнің  жалпыадамзаттық  және 



әлеуметтік  құндылықтарын  ұтымды  ұғынуға,  әлемге  жекелей  қатыстықты 

сезінуге бағытталады;  

6. 

Туристік-өлкетанушылық  қызмет  –  туған  өңірдің  тарихын,  мектеп 



тарихын тануға бағытталған.  

Ресейлік  ғалым  Л.П.  Бутенконың  пікірінше,  елімізде  балалардың  бос 

уақытын  ұйымдастырудың  өркениетті  жүйесін  ұйымдастыруға  бағдарлануда 

Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн.  

Қазіргі  уақытта  Батыс  Еуропа  елдерінде  көптеген  «интеграцияланған» 

мекемелер  бар,  олардың  арасынан  кең  тарағаны  –  мектеп  немесе  лицейлерге 

негізделген  түрі.  Мысалы,  Чехия  мен  Словакияда  мектеп  базасында  пайда 

болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі 

жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады.  

Мемлекеттік  ағылшын  мектептеріндегі  маңызды  сәт  –  аға  ұрпақ 

өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік-

мәдени  қызметпен  толықтыру  болып  отыр.  Әлеуметтік-мәдени  мекемелердің 

тұратын  ортамен  «бірігіп  кету»  процесі  бір  ғимаратта  немесе  қатар  тұрған 

құрылыс  кешенінде  орналасқан  балалар  бірлестіктері  санының  өсуімен  қатар 

жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған 

жекелеген мекемелер кең таралуда [3].  

Өркениетті  адамзат  әрбір  баланың  жеке  абыройын,  оның  жеке  өмірге, 

демалу  мен  бос  уақытқа,  «қуаныш  пен  достыққа»  деген  құқығын  құрметтеуі 

керек.  Бала  еркін  және  мәдени  өмірге  араласуы,  өнермен  айналысуы  керек. 

Ересектердің  заманауи  қоғамы  әрбір  балаға  бос  уақыты  болу  құқығын 

қамтамасыз етуге, өзіндік даму жолын таңдау мүмкіндігін беруге міндетті.  

 

 



 






Білім  беру  ұйымдарында  оқушылардың  сабақтан  тыс  кездегі  бос 

уақытын ұйымдастыруын талдау  

 

Сыныптан тыс жұмыстарға келесі талаптар қойылады:  

– 

сыныптан  тыс  сабақтар  оқушылардың  білімдерін  тереңдете  және 



кеңейте  отырып,  олардың  зейінін  оқу  бағдарламасының  негізгі  мазмұнынан 

бөлуі тиіс емес;  

– 

сабақ пен сыныптан тыс сабақтардың оқу-тәрбие жұмыстарының тығыз 



байланысы  болуы  қажет.  Алайда,  сыныптан  тыс  жұмыс  оқу  жұмысының 

қарапайым ғана жалғасы болып қалмауы керек;  

– 

оқушыларға  оқу  үшін  ұсынылатын  материал  қолжетімді,  олардың 



жасына, даму деңгейіне сәйкес болуы керек;  

– 

сыныптан  тыс  сабақтардың  мазмұны  мен  оларды  ұйымдастыру 



формалары оқушыларға үнемі қызық болуы қажет;  

– 

жеке,  топтық  және  ұжымдық  жұмыстың  терең  байланысы  жүзеге 



асырылуы керек;  

– 

жұмыстың  еріктілігі  мен  оны  орындау  міндеттілігі  үйлесімді  болуы 



қажет.  

Оқушы  тұлғасын,  оқушылардың  игерген  білім,  біліктіліктері  мен 

қабілеттерін шынайы өмірде қолдану дайындығын дамыту үшін, практикалық 

міндеттерді шешу үшін, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру үшін пәндер 

бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылған.  

Оқушылар  үйірмелер  мен  секцияларға  қатыса  отырып,  жетекшінің  жеке 

жұмысының  арқасында  өз  құрдастарының  ортасына  бейімделеді,  материалды 

терең зерделеу мүмкіндігін алады. Сабақтар кезінде жетекшілер жасөспірімнің 

рухани  дамуында  үлкен  рөл  атқаратын  ұйымдастырушылық,  шығармашылық, 

музыкалық қабілеттерін ашуға тырысады.  

Сабақтан  тыс  жұмыстың  барлық  жүйесі  тәрбие,  білім  беру,  даму  мен 

денсаулық  сақтауды  біртұтас  процеске  біріктіруі,  сол  сияқты  заттардың 

құрылымдық  және  мазмұндық  сабақтастығын  қамтамасыз  етуі,  мектептің 

міндеттері  мен  мақсаттарының  ерекшеліген  көрсетуі,  тұлғаның  жеке 

шығармашылық  қызығушылықтарын  жүзеге  асыру  үшін  икемді  жүйе  құру 

қызметін  атқаруы  тиіс.  Сабақтан  тыс  жұмыс  маңызды  міндетті  шешеді  – 

мектептің  мәдени  кеңістігін  кеңейтеді.  Оқушының  бұл  саладағы  мәдени 

құндылықтармен  танысуы  оның  жеке  мүддесіне,  оның  микросоциумына 

байланысты болады.  

Қазіргі  кезде  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  қызметті 

ұйымдастырудың  әрқайсысының  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  жалпы 

принциптері  дайындалды  және  қалыптасты.  Оқушылармен  сыныптан  тыс 

уақыттағы  сабақтардың  түрлері  мен  бағыттарын  анықтаудағы  еріктілік  –  осы 

сабақтардың  ерекшелігін  анықтайтын  анағұрлым  ортақ  принцип  болып 

табылады.  

Басты  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  сабақтан  тыс  қызметті  гуманистік, 

жүйелік,  синергетикалық,  іс-әрекеттік  сияқты  әдіснамалық  тәсілдер  негізінде 

және келесі принциптерге сәйкес құру қажет:  




жүктеу 330,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау