-
Сынақхат түрлері
|
Мазмұндама түрлері
|
Шығарма түрлері
|
|
|
|
- бақылау сынақхаты;
|
- дайын мәтін бойынша;
|
- оқыған, естіген әңгіме бойынша
|
- сөздік сынақхаты;
|
- сурет бойынша;
|
- саяхат бойынша;
|
- көру сынақхаты;
|
- диафильм бойынша;
|
- өнер саласы (сурет, кино, театр) бойынша;
|
- терме сынақхаты;
|
- аяқталмаған мәтін бойынша;
|
- өз іс-әрекеті (ойын, еңбек т.б. бойынша).
|
- өздік сынақхаты;
|
- тірек сөздер бойынша.
|
|
- үндемес сынақхаты;
|
|
|
- ескерту сынақхаты;
|
|
|
- конкурстық сынақхат;
|
|
|
- графикалық сынақхат;
|
|
|
- шығармашылық сынақхат.
|
|
|
Жазба жұмыстарының көлемі
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Жұмыс түрлері
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
Бақылау сынақхаты
|
--
|
25-30 сөз
|
30-35
|
35-40
|
40-50
|
50-65
|
65-70
|
75-80
|
Сөздік сынақхат
|
5-8 сөз
|
8-12 сөз
|
12-15 сөз
|
15-20 сөз
|
Мазмұндама
|
20-30 сөз
|
30-50 сөз
|
50-70 сөз
|
70-90 сөз
|
Шығарма
|
20-30 сөз
|
30-60 сөз
|
60-130 сөз
|
130-180 сөз
|
Оқу сапасы
-
1. Дұрыс оқу:
|
- сөз ішінен әріпті, жеке буынды, сөзді қалдырмай оқу;
|
|
- кей буынды не жеке сөзді қайталамай оқу;
|
|
- орфоэпиялық талаптарға сай оқу;
|
|
- сөздердің мағынасына қарай лайықты дұрыс ырғағын сақтау.
|
|
|
2. Түсініп оқу:
|
- сөз мәнін ұғынып оқу;
|
|
- сөйлемдегі сөздердің байланысын айырып оқу;
|
|
- ауыспалы мағыналы сөздерді дауыс ырғағымен оқу.
|
|
|
3. Мәнерлеп оқу:
|
- ой екпінін дұрыс қойып оқу;
|
|
- кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу.
|
|
|
4. Шапшаң оқу.
|
|
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Жұмыс түрлері
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І жарты жылдық
|
ІІ жарты жылдық
|
І
жарты жылдық
|
ІІ
жарты жылдық
|
Дауыстап оқу
|
--
|
25-30 сөз
|
40-50 сөз
|
55-60 сөз
|
60-70 сөз
|
75-80 сөз
|
80-90 сөз
|
90-100 сөз
|
Іштей оқу
|
|
10 сөз артық
|
20-30 сөз артық
|
50 сөз артық
|
Жаттау
|
8-10 өлең
|
12-15 өлең
|
15 өлең
|
15 өлең
|
Оқу жылы аяғындағы сөздік қоры
|
2-3 мыңдай
|
4-5 мыңдай
|
7-8 мыңдай
|
11-12 мыңдай
|
БАҒАЛАУ
Жазба жұмысын бағалағанда, қатенің саны және оның ауыр-жеңілдігі назарға алынады. Грамматикалық тапсырмасы бар сын жұмысына екі баға қойылады.
1. Мәтінді көшіріп жазу жұмысына мұғалім сынақхаттан гөрі қатаңырақ талап қояды.
Бағалануы:
“5” – мүлтіксіз таза, қатесіз көшірілген жұмысқа;
“4” – 1, 2 түзетуі немесе 1 қатесі бар жұмысқа;
“3” – 2, 3 қате жіберсе;
“2” – 5 немесе одан көп қатесі бар жұмысқа қойылады.
2. Сынақхатты бағалау:
“5” – қатесі жоқ жұмыс үшін;
“4” – 1, 2 қате жіберілген жұмыс үшін;
“3” – 3, 5 қате жіберген жұмыс үшін;
“2” – 5 немесе одан да көп қате жіберген жұмыс үшін.
3. Грамматикалық тапсырманы бағалау:
“5” – қатесіз толық орындалған тапсырма үшін;
“4” – 1 қатесі бар, толық орындалған;
“3” – тапсырма толық орындалмағаны үшін;
“2” – мүлде орындалмаған тапсырма үшін.
4. Мазмұндаманы бағалауда мына мәселелерді есте сақтау керек:
а) мазмұны;
ә) мәтіннің құрылымы;
б) сөйлемнің құрылымы;
в) мәтіннің тілі;
г) орфографиялық және пунктуациялық білімділік.
Мазмұндама былай бағаланады:
“5” – толық мазмұндалған, қатесіз жазылған жұмысқа;
“4” – толық мазмұндалған, 1, 2 орфографиялық немесе пунктуациялық қатесі бар жұмысқа;
“3” – мазмұны толық берілмеген, 3, 5 қатесі бар жұмысқа;
“2” – мазмұны берілмеген, сөйлемдері дұрыс құрылмаған, 5-тен көп қатесі бар жұмысқа қойылады.
5. Тест жұмысының бағалануы:
“Жоғары” – барлық тапсырма дұрыс және толық орындалған;
“Орташа” – аздаған кемшілігі бар жұмысқа;
“Төмен” – кей тапсырмалары орындалған.
Қазақ тілі пәнінде жүргізілетін
жазба жұмыстарының түрлері: көшіріп жазу;
сын жұмыстары;
мазмұндама;
шығарма;
тест.
Көшіріп жазу – сынақхат сияқты орфографиялық, пунктуациялық дағдыларды тексеру.
Сынақхат – орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы. Бақылау сынақхаты әр тоқсанның, ал сынақхаттың басқа түрлері күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі.
Мазмүндаманың мақсаты – мәтін мазмұнының негізгі кезеңдерін қалдырмай, сөйлемдерді дұрыс құрастырып, қажет сөздерді орнымен пайдаланып, мәтінді сауатты да, түсінікті жазып, синтаксистік ережеге сай орындай білу.
Шығарма – оқушының ой туындысы, тақырып көлеміндегі түсінігі, жаза білу дағдысы.
Тест – жұмысы әр оқушыға арналып жасалған жекелеген карточка арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.
Бақылау диктанты
|
1 жарты жылдық
|
жыл аяғында
|
1-сынып --------------
2-сынып 30-35 сөз
3-сынып 40-50 сөз
4-сынып 65-70 сөз
|
25-30 сөз
35-40 сөз
50-65 сөз
75-80 сөз
|
Сөздік диктанты. Мазмұндаманың сөз саны
|
1 жарты жылдық
|
2 жарты жылдық
|
1-сынып 5-8 сөз
2-сынып 8-12 сөз
3-сынып 12-15 сөз
4-сынып 15-20 сөз
|
20-30 сөз
30-50 сөз
50-70 сөз
70-90 сөз
|
Минутына сөз оқу
|
1 жарты жылдық
|
2 жарты жылдық
|
1-сынып 25-30 сөз
2-сынып 40-50 сөз
3-сынып 60-70 сөз
4-сынып 80-90 сөз
|
35-40 сөз
55-60 сөз
75-80 сөз
90-100 сөз
|
Тест 20-25 мин. уақыт алу керек.
Баланың интеллектуалды дамуы
20% - 1-ші жыл – тоқсанда
50% - 4 жылда
80% - 8 жылда
92% - 13 жылда
Тест жауаптарын бағалау.
< 50% - “2”
50% - 80% - “3”
80% - 90% - “4”
90% - 100% - “5”
Тапсырма көлемі 8-12 жауаптық 6 вариантымен және 18-20 тапсырма жауаптық 3 вариантымен.
Бақылау жұмысына даярлық және оны өткізу
Бақылау жұмысының жоспарын жасамас бұрын әрбір мұғалім оқушының география пәндері бойынша білім деңгейін, нақты алған білімін ескере отырып, қойылатын тапсырма деңгейін анықтап алып жасайды. Мұғалім күнтізбе жоспарына бақылау жұмысын алдын ала енгізуге тиісті. Сондықтан, бақылау жұмысын қашан алатынын алдын ала оқушыларға ескертуі керек, себебі оқушы өтілген тақырыптарға қайталап дайындалуы керек. Бақылау жұмысын өткізер алдында мұғалім оқушыларға қалай жазылуы керктігін түсіндіруі керек, әсіресе Ү-ҮІ сыныптар үшін.
Ұстаз алдын ала парта үстіндегі кітапты, дәптерді, портфельді жинатып қояды да, карточканы (таратпа материал) шахмат тақтасына ұқсатып тарқатуы керек, сонда оқушылар бір-бірінен көшірмейді.
Мұғалім бақылау жұмысын алғаннан кейін тездетіп тексеріп оқушыларға көрсетуі керек, әйтпесе оқушының география пәніне деген қызығушылығы кемиді.
Бақылау жұмысын талдау мұғалімге оқушылардың білім деңгейін байқауға мүмкіндік береді. Бақылау жұмысында оқушылардың жіберген қатесі сабақты тереңірек үйретуге итермелейді, сондықтан оқушылар бақылау жұмысында жіберген қатесін мойындайды, жібермеуге дағдыланады. Бақылау жұмысын бағалауда мұғалім мынаны ескеруі қажет: өтілген тақырыпты игеруі, қатесі бар ма, дәптерді қалай болса солай жазды ма – соны анықтау керек.
Бақылау жұмысын тексерудегі баға балл санын есептегенде мазмұнына, география түсініктері мен терминдерді меңгеруі жолдарына қарау керек.
Бақылау жұмысын 96% пен 100% аралығында орындағандарға “5”.
76% пен 95% аралығында “4”.
50% пен 75% аралығында “3”.
20% пен 50% аралығында “2”.
20% төмен болса, “1” деген баға қойылуы тиіс. Ауруға байланысты бақылау жұмысын жазбаған оқушылар сынақ (зачет) жұмысы кезінде тапсыруы тиіс. Екінші рет бақылау жұмысын жазғанда мұғалім нашар қабылданған тарауларды қайталауын оқушыларға түсіндіреді. Сонымен қатар, қажет деген оқушыларға консультация өткізуі керек. Мұндай консультацияда оқушыларға жеке-жеке тапсырма берген дұрыс, себебі мұғалім оқушының 1-ші бақылау жұмысында жіберген қателігін 2-ші бақылауда жіберетінін, я жібермейтінін анықтайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы
Оқытудың методикасы
1. Тақырыптық-күнтізбелік жоспардың схемасын құрастыру үшін қажетті жауапты көрсет.
а) сабақтың тақырыптық нөмірі; в) сабақтың тақырыбы; с) үй жұмысы;
д) бақылау жұмысының түрлері; е) сабақ сұрайтын оқушылардың аты-жөндері.
2. Оқушының жаңа тақырыпты бөлім бойынша меңгеруге қажеттісін анықта.
а) назар аудару, ұйымдастыру; в) алған білімдерін бекіту;
с) жаңа тақырыпты түсіндіру; е) оқушылардың жүйелеуі және қорытындылауы.
3. Сабақты ұйымдастыру түрін көрсетіңіз.
а) жеке жұмыс; в) фронтал жұмыс; с) ұжымдық жұмыс; д) топтық жұмыс.
4. Сабақтың жоғарғы жетістігіне себебін тигізетін мүмкіндіктер:
а) ойластырылған сабақ жоспары; в) сабақтың үстінде өзін емін-еркін сезіну;
с) мұғалімдердің әуесқой әңгімелері; д) оқытудың біркелкі әдістері.
5. Ауызша толық жауап алу әдісін белгілеңіз.
а) әңгіме; в) әңгімелеу; с) экскурсия; д) құралдар қолдану.
6. Іс жүзінде өтілетін сабақтың әдістемесін анықтаңыз.
а) жаттығулар; в) сарамандық жұмыс; с) бақылау жұмысы; д) түсіндіру.
7. Өтілетін сабақ түрлерін көрсетіңіз.
а) білімділік, біліктілік; в) қайталау сабағы; с) лекция сабағы;
д) бақылау жұмысы; е) сынақ сабағы.
8. Сабаққа тазалық сақтау тұрғысынан (гигиеналық) қойылатын талаптар.
а) ми және ойлау қабілетіне күш түсірмеу; в) ауаның бірқалыпты режимі;
с) сынып жиһаздарының оқушылар бойына сәйкестігі;
д) түрлі сабақтардың алмасуы; е) оқу мақсаттарын айқын тұжырымдау.
9. Дәстүрлі емес түрде өтетін сабақтың түрін көрсетіңіз.
а) әңгімелеу сабағы; в) сынақ сабағы; с) рөлдік іскерлік ойын;
д) саяхатқа шығу сабағы.
10. Педагогтар қолданатын жаңа технологиялық әдістерді көрсетіңіз.
а) дәстүрлі оқыту; в) модульдік оқыту; с) дамыта оқыту; д) бағдарламалық оқыту.
Психология
1. Төменгі сынып оқушыларының негізгі іс-әрекетін қалыптастырудың түрлері.
а) сюжетті ойын; в) оқу; с) жеке оқыту.
2. Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас саласында кең тараған тиімді түрі.
а) бала - ересек; в) бала мен бала; с) бала мен ойыншық.
3. Төменгі сынып оқушыларының біліктілігін арттыратын себеп.
а) ұрыстан алшақтау; в) ата-анасын ренжіткісі келмейді; с) танымдық қызығушылық.
4. Бірінші сынып оқушысының дүниетанымдық қабілетін арттыруда назар
аударатын жағдай.
а) қалыптаспаған; в) қалыптасқан; с) айнымалы.
5. Бастауыш сынып оқушыларында есте сақтау қабілетінің қайсысы меңгеріледі?
а) есту; в) сезу (эмоциялық); с) ойлау қабілеті.
6. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің қайсысы басым?
а) бейнелі; в) көрнекілік арқылы; с) абстрактілі.
7. Бастауыш сынып оқушысының қажетті оқу нәтижесін алу түрлері.
а) өз бетінше ақпаратты ала білу;
в) ақпаратты алудағы оқу жүйесінің көлемі;
с) алған білімін күнделікті өмірде қолдану.
8. Бағалаудың қай түрі баланың жеке дамуына кері әсер етеді?
а) өте жоғары; в) нақты; с) төменгі.
9. Бастауыш сынып оқушыларының оқудағы мақсаты неде?
а) жақсы баға алу; в) оқу нәтижесінде; с) оқу барысында.
10. Оқу жылының алдындағы бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқы.
а) толық қалыптасқан; в) қалыптасу кезеңінде; с) қалыптаспаған.
Математика
1. Компьютер қандай есептеу жүйесін қолданады?
а) ондық; в) екеулік; с) жетеулік.
2. Бір нәрсені біршама түзу ұқсатып түзу немесе нүкте арқылы көрсету.
а) стилизация; в) ассиметрия; с) симметрия.
3. Киіз үйдің үлгісін дайындауда қандай геометриялық пішінді таңдайсыз?
а) параллелепипед; в) сабақтың тақырыбы; с) үй жұмысы;
д) бақылау жұмысының түрлері; е) сабақ сұрайтын оқушылардың аты-жөндері.
4. Айдос және оның әпкелері Шолпан мен Сәуле бір мектепке барады. Бірақ, әрқайсысы әр жолмен жүреді. Қайсысының жолы ұзақ?
а) Айдос; Айдостың жолы
в) Шолпан;
с) анықтауға болмайды; Шолпанның жолы
д) Сәуле;
е) жолдың бәрі бірдей.
5. Суретте гүл бақшасы бейнеленген. Мөлшері 16 м х 20 м. Бақта 6 бірдей гүлзар бар. Әр гүлзардың периметрі неге тең?
а) 20 м; в) 22 м; с) 24 м; д) 26 м; е) 12 м.
6. Үстел бетінің периметрі 100 см. Оның ені 20 см. Үстелдің көлемін тап.
а) 2000 см2; в) 1600 см2; с) 600 см2.
7. Егер тік төртбұрыштың периметрі 28 см, ауданы 48 см2 болса, қабырғалары неге тең болады?
а) 12 және 4; в) 7 және 4; с) 6 және 8.
8. Сынып бөлмесінің ұзындығы 9 м. Ені – 8 м. Сыныпта 36 оқушы бар. Бір оқушы қанша көлемді иеленеді?
а) 2 м2; в) 1 м2; с) 3 м2.
9. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрін тап. Қабырғасы 4 см.
а) 9 см; в) 12 см; с) 3 см.
10. 103 мәнін тап.
а) 100; в) 1000; с) 10000.
11. 63 – 22 · 3. Сандардың мәнімен ауыстырып жаз.
а) 18 – 4 ּ 3; в) 216 – 4 ּ 3; с) 36 – 4 ּ 3.
12. Егер кубтың көлемі 64 см3 болса, кубтың қабырғасы қандай болады?
а) 8 см; в) 4 см; с) 3 см.
13. Натурал сандар арқылы көрсет:
2/4 сағат + 23/5 сағат – 2/2 сағат
а) 30 мин + 156 мин – 60 мин; в) 120 мин + 220 мин – 30 мин;
с) 15 мин + 2 сағ. 12 мин – 30 мин.
14. Теңдеу құрастыр. Белгісіз санды 9 есе көбейтіп, одан кейін 8 азайт, одан шыққан санды 5 есе кеміт. Нәтижесі 20 шықты.
а) х ּ 9 – 8 : 5 = 20; в) х ּ (9 – 8 : 5) = 20; с) (9 ּ х – 8) : 5 = 20.
15. Мына есеп қанша амалмен шығады?
Жолаушы поезді 8 сағатта 480 км жол жүрді. Ол 2 сағатта неше км жол жүреді?
а) 1 амалмен; в) 2 амалмен; с) 3 амалмен.
16. Дұрыс теңсіздікті көрсет:
а) 18 w 4 ru < 184 ru; в) 6 n 8 ru < 6800 ru;
с) 4 дм 2 см < 420 см; д) 5 мин 20 сек < 240 сек.
17. Мына есептің қай шешімі дұрыс болады?
Үш балада 42 марка бар. Серікке қарағанда Қанатта 6 марка кем. Ал Алмаға қарағанда 3-уі артық. Алмада қанша марка бар?
а) х ּ 3 + 3 + 6 = 42; в) х ּ 3 + 3 ּ 2 + 6 = 42; с) х + 3 ּ 2 + 6 = 42.
18. (800 + 42) ּ 2. Мына өрнек қайсысына сай келеді?
а) 800 * 2 + 40 * 2 + 2; в) 800 * 2 + 40 * 2 + 2 * 2; с) (800 + 40) * 2 + 2 * 2.
19. Өрнектің мәнін тап: 20 – а : 3, мұндағы а = 57, 15, 40, 42, 6.
а) 15 және 6; в) барлығы; с) 57, 15, 42, 6.
20. Х * Х – Х = 56. Қай сан теңдікке тура келеді?
а) 7 в) 8 с) 28.
Қазақ тілі
1. Дұрыс тасымалданбаған сөз:
а) құ-рылысшы; в) құрылыс-шы; с) тау-ық; д) та-уық.
2. Ашық буын:
а) -ор, -ар; в) -та, -те; с) бар, қал; д) -са, -тек.
3. Қосымшалы сөз:
а) айна в) журнал с) ор д) жүр
4. Жалқы есім:
а) алты в) маса с) Ақтөс д) өзен
5. Күрделі етістік:
а) құйды ма? в) су құйды с) құйып жүр д) құйдық
6. “Ұзын” сөзі мағынасына қарай нені білдіреді?
а) заттың түсін; в) заттың көлемін; с) заттың дәмін; д) заттың пішінін
7. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөз:
а) дәптерлер; в) келеді; с) кітабың; д) көкшіл.
8. Мағынасы жуық сөздер:
а) жақын-алыс; в) суық-ыстық ; с) биік-төмен; д) әдемі-сұлу.
9. Болымды етістікті тап:
а) барма; в) ойна; с) оқып отыр; д) жазба.
10. Болымсыз етістікті көрсет:
а) сұрама; в) жазып отыр; с) келді; д) барады.
11. Қаратпа сөзі бар сөйлем:
а) – Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бұлдірген әкеліпті.
в) Қызым құстың жемін әкелді. с) Балам мектептен келді.
д) Қарға ірімшік тауып алды.
12. Туынды зат есім:
а) дойбы; в) қызмет; с) жұмысшы; д) өнер.
13. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің сұрақтары:
а) Кім? Не? в) Не істеді? Неғылды? Қайтті? с) Кімдер? Нелер?
д) Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?
14. Есептік сан есімнің сұрақтары:
а) Нешінші? в) Қанша? Неше? с) Қандай? Қай? д) Неше? Нешінші?
15. Бірінші сыңары түбір тұлғада, екінші сыңары тәуелдік жалғаумен келген сөз тіркесін тап:
а) менің орным; в) тау қыраны; с) отпен ойнама; д) қыс түсті.
16. “Дәмі, дәрі, дәні” сөздерінің мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстар:
а) қатаң дауыссыз дыбыс; в) ұяң дауыссыз дыбыс;
с) үнді дауыссыз дыбыс; д) жіңішке дауысты дыбыс.
17. Мәтін:
а) сөйлем в) әңгіме с) тақырып д) сөз
18. Ауыспалы мағыналы сөз:
а) адамның басы в) таудың басы с) қойдың басы д) тауықтың басы
19. Сөйлемнің байланысын анықтаймыз:
а) тыныс белгісі арқылы; в) сұрақ қою арқылы;
с) орын тәртібі арқылы; д) жазылуы арқылы.
20. Хат сөйлеудің қай түріне жатады?
а) ауызекі сөйлеу; в) мәнерлеп сөйлеу; с) жазбаша сөйлеу; д) жатпайды.
Дүниетану
1. Қазақстанның жер көлемі қанша?
а) 198500 км в) 271730 км3 с) 447400 км2
2. Қазақстан халқының тығыздығы қаншалықты?
а) 22 адам/1 км2 в) 56 адам/1 км2 с) 6 адам/1 км2
3. Қазақстан заңын дайындап, шығарумен айналысатын орган:
а) Сенат в) Мәжіліс с) Парламент.
4. “Үлкен панда” қандай халықаралық ұйымның рәмізі болып есептеледі?
а) ЭҰЫД – Экономикалық ұйымның ынтымақтастығы мен дамуы
в) БАЭ – Біріккен Араб Эмираты
с) ДТҚҚ – Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры
5. Жердің қанша бөлігін мұхит алып жатыр?
а) 30% жуық в) 55% жуық с) 70% жуық
6. Қандай шартты белгілер ауа райының өзгерісін – қар аралас бұлттылығын, өзенде мұз болатынын көрсетеді?
а) О : : ▲ в) =* ∆ с) О * ∆
7. Келер жылы қандай аумақта ең жоғары дәнді дақыл өнім береді?
а) д әнді в) бұршақты с) көкөністі
8. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
а) барлық жер астындағы тыңайтқыштар
в) жердің астынан алынған барлық заттар
с) жердің астынан алынған барлық заттар және оларды адамдардың қолдануы.
9. Адамдар ең алғашқы рет жанғыш отындардың қайсысын пайдаланды?
а) тас көмір в) мұнай с) шымтезек
10. Қай жерде темір кенін өндіреді?
а) Зыряновск ауданында в) Марконоп ауданы с) Тавра ауданы
11. Эдисон бірінші дыбыс жазуының үстін қай материалдан жасаған?
а) қалайы фольгадан в) балауыз с) воск
12. Қазақстандағы ақ күріштің отаны:
а) Шығыс Қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Павлодар облысы
13. Кейбір құстардың қай түрі ұшқанда күш-жігерін үнемдейді?
а) жолының жартысы кетеді в) күш жинау үшін ұзақ дем алады
с) ауа желімен ұшады
14. Қазақстандағы қорықтар:
а) Барсакелмес, Наурызым в) Астрахан, Баргузин с) Аскания, Нова д) Кандал
15. Қай нәсіл өкілдерінің миы ең үлкен?
а) европалық в) монголиттер с) австралиялық
16. Қай терминмен әкесін, шешесін және балаларын атайды?
а) жартылай жанұя в) кеңейтілген жанұя с) нуклеар жанұя
17. Жанұяда екі баладан көп болса, қай балаға көбірек ауыртпашылық түседі?
а) үлкені в) ортаншы с) кішкентайы
18. Қазіргі уақытта дүниежүзінде жеті негізгі діни ағым бар. Солардың ішінде ең көнеден келе жатқан қайсысы?
а) Буддизм в) Ислам с) Иудаизм д) Конфуцианство е) христиандық
19. Баспада IQ дегеніміз не?
а) шексіз в) ақылдың даму еселігі с) химиялық элемент
20. Керемет қабілетті деген қорытындыны алу үшін тесттен неше балл жинау керек?
а) 500-ден астам в) 200-ден астам с) 130-дан астам.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
олимпиада сұрақтарының дұрыс жауабы
Оқытудың методикасы
-
1 – а, в, с
|
5 – а, в, е
|
9 – с, д
|
2 – а, с, е
|
6 – а, в
|
10 – в, с, д
|
3 – а, в, д
|
7 – а, в, д
|
|
4 – а, в
|
8 – в, с, д
|
|
Психология
-
1 – в
|
5 – в
|
9 – в
|
2 – а
|
6 – а
|
10 – в
|
3 – с
|
7 – а
|
|
4 – а
|
8 – в
|
|
Математика
-
1 – в
|
6 – с
|
11 – в
|
16 – в
|
2 – с
|
7 – с
|
12 – в
|
17 – в
|
3 – в, с, е
|
8 – а
|
13 – а
|
18 – в, с
|
4 – е
|
9 – в
|
14 – с
|
19 – с
|
5 – с
|
10 - в
|
15 – в
|
20 – в
|
Қазақ тілі
-
1 – с
|
6 – в
|
11 – а
|
16 – с
|
2 – с
|
7 – с
|
12 – с
|
17 – в
|
3 – а
|
8 – д
|
13 – д
|
18 – в
|
4 – с
|
9 – с
|
14 – в
|
19 – в
|
5 – с
|
10 – а
|
15 – а
|
20 – с
|
Дүниетану
-
1 – в
|
6 – с
|
11 – а
|
16 – с
|
2 – с
|
7 – в
|
12 – в
|
17 – в
|
3 – с
|
8 – с
|
13 – с
|
18 – с
|
4 – с
|
9 – с
|
14 – а
|
19 – в
|
5 – с
|
10 – а
|
15 – в
|
20 – с
|
|