АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ДЕПАРТАМЕНТІ
«ЕМБІ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ
2015 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДАҒЫ
ЖҰМЫС ҚОРТЫНДЫСЫ
«Ембі» кеден бекеті Ақтөбе қаласынан 265 шақырым жердегі Жаңажол
кешенінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты ЖЖБ УСҚ «Жаңа базасында»
орналасқан. Аталмыш ауданның негізгі экономикалық бағыты өнеркәсіптік салаға
бейімделгендіктен кеден бекеті де «өндірістік» категорияға жатады. Кеден бекетінің
қызмет ету аясында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ уақытша сақтау қоймасы бар.
«Ембі» кеден бекеті 33 сыртқы қызметке қатысушымен тығыз байланыста
жұмыс жасауда. Олар уақытша қоймада өздерінің өндірістік қажеттілігіне жарамды
тауарларды сақтап, кәсіпорын құрлысына, басқа басқа қажеттіліктеріне қажетті
тауарларды орналастырады. Олардың арасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ,
«КМК Мұнай» АҚ, «Великая Стена» ЖШС, «Восток Нефть и Сервисное
обслуживание» ЖШС, «Сан Дриллинг» ЖШС ,«Батыс Мұнай» ЖШС, «Синопэк
Казахстан» МНСК Ақтөбе филиалы, «CASPIAN OIL TECH SERVICES» ЖШС
,
«ДО КНИСГ» ЖШС филиалы секілді ірі салық төлеушілер бар.
Сонымен қатар бұл жерде «Брокер Актобе» ЖШС, «Брокер Сервис ЛТД»
ЖШС, «Про Кастомс Солюшн» ЖШС, «СТСS Logistics» ЖШС, «Silk Way
Solutions» ЖШС, «ТКА Инжиниринг» ЖШС, «ЕАТ» ЖШС секілді кедендік
өкілдер де өз қызметтерін атқаруда.
2015 жылдың І тоқсанында сыртқы сауда айналымы 76,876 млн АҚШ
долларын құрады.
Экспортқа сомасы 24,162 млн АҚШ доллары болатын тауар рәсімделді.
Тауар экспортымен Жаңажол кешенінде газ бен күкірт өндіріп отырған табиғатты
пайдаланушы ірі компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ айналысады.
2015 жылдың І тоқсанында импорт көлемі 52,714 млн АҚШ долларын
құрады.
Осы аралықта тауарға рәсімделген декларацияның жалпы саны 323 болды.
Биыл І тоқсанда «Ембi» кеден бекеті қазынаға сомасы 1 млрд. 023 млн
105 %-ға орындады.
«Ембі» бекетінің кедендік рәсімдеу залында «Халық банкінің» пластик
карталары арқылы кедендік төлем мен салық төлеуге ыңғайлы РОS-терминалы бар.
Одан бөлек «ТұранӘлем» банкінің тағы бір РОS-терминалы қызмет көрсетеді. 2015
жылдың І тоқсанында пластик карталар арқылы жалпы сомасы 70 млн.089 мың
теңгенің операциялары жасалды.
Осы аралықта кедендік бағалауға 78 рет өзгеріс енгізіліп, оның сомасы
42 млн 584 мың теңгені құрады.
«ЕМБІ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕ
ЖҤРГІЗІЛГЕН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы
«2015-2025 жылдарға арналған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986
Жарлығын жүзеге асыру бағытында «Ембі» кеден бекетінде кеден өкілдері мен
сыртқы экономикалық қызметке қатысушлар үшін жүйелі түрде семинарлар
өткізіліп трады. «Ембі» кеден бекетінің жеке құрамы қызметтік дисциплина
деңгейін көтеру мен ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын
орындау , ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, Мемлекеттік қызметкердің ар-
ұждан Кодексін мінсіз жүзеге асыру мәселелеріне айрықша мән беріп келеді.
Сонымен қатар «Ембі» кеден бекетінің жұмысы жеке құрамдағы
коррупциялық көріністердің алдын алу, осы бағыттағы профилактикалық іс-
шараларға мән беріп, жемқорлыққа себепкер болатын жайттардың себебі мен
салдарын жоюға негізделген.
Азаматтардың сенімін арттыру үшін Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік
кіріс Департаментінде тәулік бойы 8-7132-210889, 213589, 964202 нөмірлі сенім
телефондары мен арыз-шағымдарға арналған жәшік орналастырылған. Осы арқылы
облыс тұрғындары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өз
өтініштерін және ұсыныстарын айта алады. Сонымен қатар азаматтардың
электронды пошта қызметін пайдаланып, ҚР мемлекеттік кіріс Министрлігінің
ресми сайтына хат жолдауына да мүмкіндік жасалған.
«ЕМБІ» КЕДЕН БЕКЕТІ
Ақтөбе облысы бойынша МКД