3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» - қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.(3.15-б)
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;
2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
Бір адамға бағытталған стиль
Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.
4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;
Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл - ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат (2,22-б)
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс - нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |