Ризашылық білдіру.
Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу
Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.
Мадақтай білу.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс.
Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
Достарыңызбен бөлісу: |