Науқастарды қабылдау және тіркеу
Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, «Науқастарды қабылдау немесе жатқызбау» журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің диагнозы жазылады. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасының» титулды бетін мейірбике толтырады.
Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса, мейірбике дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тиісті, кезекші дәрігерді жылдам шақыртып, дәрігердің тағайындауларын тез орындауы керек.
Егер қабылдау бөлімшесіне науқас көшеден ес-түссіз жағдайда, құжатсыз түссе, мейірбике алғашқы көмекті көрсетіп, милицияға хабарлауы тиіс. Түскен науқастың бойы, киімі, дене бітімі туралы барлық мәліметтер көрсетіледі. Тұлға есімі анықталғанша науқас «белгісіз» деп көрсетіледі.
Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді.
Егер дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызуға көрсетпесі болмаса, науқас үйіне жіберіліп арнайы журналға тіркеледі. Амбулаториялық көмек көрсетілген науқастар туралы мәліметтер «Амбулаторлы науқастарды тіркеу» журналына жазылады.
Науқасты бөлімшеде Науқастарды бөлімшеге тасымалдау. Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.
Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді тесекке тигізіп қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті талап етеді
Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады. Тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Жалпы жағдайы қанағаттанаралық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады. Кейбір жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло – каталкада сырғытып апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы қаталкалар мен зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка таза жаймамен жабылып, көрпемен төселуі тиіс. Жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін зарарсыздайды. Лифті жоқ жерде ауыр науқасты 2 немесе 4 адам зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп, сырқаттың басын алдына қаратып алып жүреді. Түсерде сырқат жатқан зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады. Көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген, сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа арнайы құралдармен жеткізеді. Қазіргі кезде тежеуіші бар кресло – каталкалар қолданылып жүр.
Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап, ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса, зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |