Сабақ түрі: тәжірибелік, жаңа тақырыпты меңгерту


Кресло - каталкамен тасымалдау



жүктеу 221,5 Kb.
бет18/18
Дата26.02.2022
өлшемі221,5 Kb.
#37644
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
УМК 2

Кресло - каталкамен тасымалдау

1. Кресло-каталкадағы аяқ қоятын тіреуішті еденге тигенше еңкейтеді.

2. Науқастан аяқ тіреуішке аяғын салуын сұрап, содан кейін оны қолтықтап

кресло-каталкаға отырғызады.

3. Кресло – каталканың артындағы рамкасын реттеп, науқасты жартылай

отырғызатын немесе жатқызатын қалыпқа келтіреді.



4. Науқасты алып жүргенде шынтақ қойғыштың шетінен оның қолдарының

шығып кетпеуін қадағалайды.

5. Науқастың кереуетке отырып жатуына көмектеседі.

6. Кресло-каталканы зарарсыздандырады.

7. Медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

(Қосымша 1)

Сұрақтар

1. Мейіргердің типтері

2. «Мейіргер-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар

3. Деонтологияның негізгі талаптары

4. мейіргерлік этика және деонтология
Жауаптары

1. Мейірбикелердің типтерін (Харди бойынша).

Венгер дәрігері Харли, әйгілі «Дәрігер, мейірбике, ауру» еңбегінде мейірбикелердің түрлерін жұмысқа деген көзқарасына, мінез-құлқына байланысты бөледі. Іс жүзіндегі түрі: дәлділік, қатаңдылық, кей кездерде науқастың адамгершілігі жағын ұмытады. Мінез-құлқысында болуы мүмкін, мейірбике ұйықтап жатқан науқасты ұйықтайтын дәрі берем деп оятады.

Әртістік түрі: мейірбике науқасқа шексіз өзінің маңыздылығын көрсеткісі.

Нервозды түрі: бұл мейірбике жиі шаршайды, оның әрекеттерін, күшін ешкім байқамайды. Ол өзінің кейбір міндеттерінен құтылғысы келеді: мысалы, жұқтыру қаупі. Осы түрге жататын кейбір мейірбикелер токсикоманияға бейім, өзінің қиыншылығын басып, осылай толықтырады.

Ер адамдық түрі: шешім қабылдайтын, ірі тұлғалы, энергиясы көп, өзіне сенушілік, жүйелілігі бар. Науқастар оны «әскери адам» деп сипатттайды. Жақсы ұйымдастырушы жас мейірбикелерді тәрбиелеуде табысты болады. Егер оның әрекеті қолайсыз болса, ісі агрессивті, қатал, дөрекі болады.

Мейірбикенің ана түрі – « аяулы мейірбике»: мейірбикелердің дене құрылысы нәсік.

Ақырында алтыншы түрге – мейірбикелерге «мамандар» жатады, бұлар электрокардиограммада, электроэнцефалографияда жұмыс істейтіндер.


  1. «Мейіргер-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар

Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады. Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет

3. Деонтологияның негізгі талаптары

«Госпитализм» дегеніміз – пациенттердің саулығына аурухана мекемесінің теріс қайшы әсер етеді. Пациентке мейіркеш аурухана ережелеріне үйренбеген жағдайда қиындықтарға тап болмас үшін бөлімдегі мейіркеш морльдық психологиялық жағдайлар туғызып отыруы қажет.

«Эгогения» дегеніміз – ол пациенттердің ауруына немесе белгілі бір ауруының жағдайына байланысты өз-өзін теріс әсер етеуі. Кейде пациент өзінің аурулары (мерез, гинекологиялық аурулар) туралы дәрігермен сөйлесу әдепсіз деген теріс түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайларда пациенттің көңіл-күйі бұзылып, аурулары созылмалы түрге айналып ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады. Сондықтан мейіркеш өзінің жылы сөзімен пациенттің көңілін тауып, қорқыныш күдігінен арылтып пациенттің саулығына белсенді көмек көрсетеді.

«Эрготогения» - бір палата ішіндегі ем алып жатқан пациенттердің көңіл-күйі, жеке бастық қасиеттері мен мінездерінің бір-біріне теріс әсерін айтады. Сондықтанда осындай пациенттер бөлек палатада болуын қалайды және де бұл пациенттермен бірге сабырлы да, салмақты, өз денсаулығына белсенділікпен қарайтын пациенттерді орналастырады.

«Ятрогения» - бұл медицина қызметкерлерінің теріс мінез-құлқының немесе пациенттің көзінше аңдамай айтқан сөздерінің салдарынан пациенттердің аурулық жағдайға душар болып немесе ауруды өзіне қабылдап алуын айтады.



Ятрогенияның болу себептері:

    • Диагноз туралы хабарды негізсіз болжау

    • Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсіну

    • Әрекетсіздіктен «мылқау» ятрогения немесе қызметкерлердің көңіл бөлмеуі.

    • Мейіркештің орынсыз үндемеуі


4.Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды.


жүктеу 221,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау