|
Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
|
бет | 2/4 | Дата | 23.02.2018 | өлшемі | 1,39 Mb. | | #10576 | түрі | Сабақ |
|
1-апта
|
2-күн
|
3-4 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұғалімдерге нені білуі міндет? Сынып мәдениеті және оқу ортасы
|
Жалпы мақсаты:
|
Біз адам болғандықтан, біздерде барлығымызға ортақ ұқсастықтар бар; сонымен қатар жеке тұлға ретінде де, әлемді түсіну және қабылдауда, өз елімізде, қоғамда қалай әрекет ететіндігімізде де айырмашылықтарымыз да жоқ емес. Осы айырмашылықтарды сыныптан да көруге болады.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы хабардар болады. Мұғалімдер қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы білетін болады.
|
Түйінді идеялар:
|
Мәдениет адамдар күнделікті өмірде қолданатын «бағдарламалық жасақтама» ретінде қаралады. Проблемалық мәселелер: аталған «бағдарламалық жасақтама» бүкіл ұлт туралы жалпы түсінік бере ме? Қоғам туралы ше? Кәсіпқойлар тобы (мысалы, мұғалімдер) немесе оқушылар тобы туралы ше?
Мәдениет феноменін түсінуде салыстырмалылықты түсіну аса маңызды. Біз барлығымыз
әртүрлі жұмыс істейміз деп айту оңай: егер бұл олай болмаған жағдайда, біз бұл туралы ойланбаған болар едік. Сондықтан «мәдениет» терминіндегі мәдениетті түсініп, «мәдениетаралық» іс-қимылдың мәнін анықтауға тиіспіз. Ол үшін өз мәдениетімізге бүтін бірдеңе ретінде қарауымыз керек. Ол сонымен қатар біздің әрқайсымыздың мономәдениетіміз арасындағы айырмашылықты түсінуді қамтиды.
|
Жаттығулар:
|
1. Мәдениет сипаттамасының мәні. Кеңейтілген мәнмәтін. Мәдениет дегеніміз не? (Білім беру платформасын қараңыз)
2. Мектеп мәдениеті: ұғым мазмұны. Мектептегі және сыныптағы атмосфера (Білім беру платформасын қараңыз).Сынып мәдениеті туралы оқушының берген бағасы
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Мұғалімдердің «Мәдени белсенділік дегеніміз не?» деген тапсырманы орындау үшін жұп
болып жұмыс істеуі. Басқа жұптағы мұғалімдермен өз нәтижелерімен бөлісу. Мектеп пен сынып мәдениеті туралы оқу. Бұл ақпаратты қазақ мәдениетіне қалай бейімдеуге болады. Жұпта шолуды оқу, қазақ мәдениетінің мәнмәтініне бейімдеу.
|
Оқуға арналған
тапсырма:
|
Әлемдегі кәсіби құндылықтарды түсіну
http://www.worldvaluessurvey.org/
|
1-апта
|
3-күн
|
1-2 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Коучингіге кіріспе
|
Жалпы мақсаты:
|
Коучинг үдерісімен танысу
|
Оқу нәтижелері:
|
Коучтер мен мұғалімдер коучинг үдерісі дегеніміз не екенін түсінеді және коучинг отырыстарын жоспарлай алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Коучинг – бұл мұғалімге білім алуға және дамуға, сол арқылы өзінің кәсіби қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс.Өз қызметінде жетістікке жету үшін тренерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мәнмәтінге сәйкес келетін әртүрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды меңгеруге тиіс.
|
Жаттығулар:
|
1. Коучинг спектр ретінде «Коучинг дегеніміз не?» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).Коучинг тақырыбы бойынша кәртішкелермен жаттығу жүргізу
(Білім беру платформасын қараңыз)
2. Коуч дағдылары.Коуч дағдыларымен танысу.Коучингідегі дағдылар (Білім беру платформасын қараңыз).«Тәлімгер-тәлім алушы (қазақ тілі)» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Жұппен жұмыс істеу кезінде мұғалімдерден континуум нысанына сәйкес кәртішкелердегі
сөйлемдерді тартудан бастап итермелеуге дейін іріктеуді сұраңыз.Коучтер отырыс басталғанға дейін кәртішкелердің көшірмесін жасап, қиып алуға тиіс. Дағдылар тізімін оқып шығыңыз және бағалау кестесін пайдалана отырып, бейнежазбада ұсынылған коучинг стилін бағалаңыз.
|
Оқуға арналған
тапсырмалар:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Коучинг және тәлімгерлік.
|
1-апта
|
3-күн
|
3-4 сабақтар
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Танымдық дамудың түрлі сатысында (жас ерекшеліктері) оқушыларды оқыту мақсатындағы мұғалімдер коучингісі
|
Жалпы мақсаты:
|
Осы сабақта тыңдаушылар дамудың танымдық, әлеуметтік, эмоциялық және физикалық аспектілерін талқылайды.
|
Оқу нәтижелері:
|
Даму жолдары – мұғалімдер оқушылардың олардың оқуында маңызды рөл атқаратын және өзара әрекет ететін бірнеше бағытта бірден дамитынын түсінетін болады. Мұғалімдер өз оқушыларын қадағалау және осы жолдар арқылы олардың дамуын қолдау жолымен оқытуды жақсартуды үйренеді.
• Дамудың бірізділігі — мұғалімдер дамудың біртіндеп алға басатынын, оқыту оқушылардың даму кезеңдеріне сәйкес келген жағдайда және «жақын арадағы даму аймақтарында» әрекет еткенде тиімдірек болатынын және оқыту дамуға көмектесетінін түсінеді.
|
|
• Оқушыларды дайындауды бағалау және қолдау — мұғалімдер әртүрлі тәсілдермен оқушылардың дамып келе жатқандығының белгілерін тануға үйренеді. Мұғалімдер оқушылардың оқуға дайындығын және оны қалай жақсы оқытуға болатынын түсіну үшін, оқушылардың ағымдағы дағдылары мен ұғымдарының деңгейін бағалау қажеттілігін түсінеді.
|
Жаттығулар:
|
Мұғалім коучингісін қалай жүргізу қажет. Бейнежазбаны қарап, мұғалімдерден сұраққа жауап беруді сұраңыз. Әр оқиғадан кейін бейнежазбаны тоқтатып отырыңыз. Тірек сөздерді пайдаланыңыз. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне қолдау көрсету (Білім беру
платформасын қараңыз) http://www.learner.org/vod/vod_window.html? pid=1859.
Мұғалімдер коучингісі
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Мұғалімдерден олардың өмірінде дамудың белгілі бір салаларында алға басу болғандығын ойлауды сұраңыз.
• Бұл оларға қалай әсер етті?
• Олардың бұл салада дамуына қандай тәжірибе көмектесті?
Оқушылар, аға-інілер не апа-қарындастар немесе Сіз білетін басқа да жастар туралы ойлаңыз. Өз оқиғаңыз туралы көршіңізбен бөлісіңіз.
Мұғалімдер әріптестерімен орындай алатын бірнеше тапсырма беріңіз.
|
Оқуға арналған
тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
|
1-апта
|
4-күн
|
1- сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқудағы кедергілерді анықтау
|
Жалпы мақсаты:
|
Сыныпта оқушыларды оқытуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну.
|
Түйінді идеялар:
|
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ ол қазір қызу қалыптастырылады. Қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі кезде оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, мұғалім белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.
|
Жаттығулар:
|
PowerPoint слайдтарын пайдалана отырып, тақырып бойынша идеялармен таныстыру.
«Оқудағы қиындықтарды анықтау» таныстырылымы.(Білім беру платформасын қараңыз)
|
|
Пікірталасты қыздыру үшін әсерлі күштер сызбасын пайдаланыңыз. «Оқушылардың оқуына ықпал ететін факторлар» кестесі. (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Тиімді оқуға кедергі жасауы мүмкін құбылыстар туралы мұғалімдерге арналған ақпараттық постер жасау мақсатындағы жұптық жұмыс.
|
Оқуға арналған
тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
1-апта
|
4-күнт 2-3 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқудың аффективтік теориясы. Оқушыларды ынталандыру.
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқытудың аффективтік теорияларымен және оқушыларды оқу үдерісіне тарту жұмысының әдістерімен таныстыру.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқытудың ынталандыру теорияларымен танысу.
• «Қиын» оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу
|
Түйінді идеялар:
|
Біз оқушылардың әртүрлі себептермен: кейде зеріккендіктен, ауыр жұмыстан жалтару мақсатында, сыныптағы шудан қажыған себепті, қажетті сәтте мұғалім көмегін ала алмай зәру болған жағдайда, кезекті тапсырмадан гөрі қоғамдық өмір қиындықтары жайлы әңгіме мен ойлар маңыздырақ болуы және тағы басқа да жайттар орын алғанда сабақтан «тыс қалатынын» жақсы білеміз.Аталған мәселелер – оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп отыратын проблемалар, бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалдыратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін, осының нәтижесінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқытуға қызығушылығы тұрғысынан қиындық туғызған қордаланған проблема туындайды. Қажетті қызығушылыққа қол жеткізу жолдары – кездесетін қиындықтарға, сынақтарға дайын болу және сынып жұмыстары мен мектептегі әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру, сонымен бірге жұмысқа икемделген сыныптастарының қолдауына да байланысты. Ал мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасы үздік нәтижеге жету мүмкіндігін еселей түседі.
|
Жаттығулар:
|
1. Оқудың ынталандыру мақсаттары. «Оқу және ынталандыру» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)
2. Оқушылар бейіні бойынша жаттығу.Оқушылар сипаттамалары (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
2-3 адамнан тұратын шағын топтарда оқушылардың сипаттамалары жаттығуының шешімдерін жазады. 6 адамнан тұратын үлкен топтарда пікір бөліседі және содан соң тренерлер идеяларды қарастырады және оқытудың ынталандыру теориясына негізделген шешім қабылдайды.
|
Оқуға арналған
тапсырмалар:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
|
1-апта
|
4-күн
|
4-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушылардан кеңес алу)
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқу жоспарына оқушылардан кеңес алуды енгізу.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқушылардан кеңес алуды және оны мектептерге енгізудегі кедергілер туралы зерттеулерді білу. Оқушылардан кеңес алу үшін жағдай жасау.
|
Түйінді идеялар:
|
Жастардың өз пікірін айтуға құқығы бар және олардың мектеп тәжірибесі туралы айтарлары бар екендігін әлем мойындаған. Әлемдегі саясаткерлер жастардың бүгінгі және ертеңгі өмірге қосар үлесі туралы әртүрлі және «жүрдім-бардым» ойлайды. Балалар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы (1989) төрт қағидаттың бірі ретінде бала дауысы құқығын қосты. Бұл өмір бойы жалғасатын Азаматтық және оқу бағдарламасы ретінде қаралады. Қалай тыңдау және білім беру, сондай-ақ қалай оқыту бұл мұғалімдердің, мектептердің және бірлестіктердің міндеттері.
|
Жаттығулар:
|
Оқуды жоспарлауда оқушылардан кеңес алу жақсы тәсіл болатындығын қарастыру мақсатында «күш өрісін» талдау. Оқушылардан кеңес алу (Білім беру платформасын қараңыз). Оқыту мен оқу жөнінде оқушылардан кеңес алу (Білім беру платформасын қараңыз).Оқушылармен жұмыс істегенде қолдануға арналған сауалнама сұрақтарын құрастыру.Сабақ бойынша кері байланыс парағы – қиындықтар (Білім беру платформасын қараңыз).
Сабақ бойынша кері байланыс парағы - жазбаша жауап (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
«Күш өрісін» талдау үшін төрт адамнан тұратын топта жұмыс істеңіз. Сосын сауалнама парағының үлгісін қарап шығып, оны мектеп мәнмәтініне сәйкес келетіндей етіп өзгертіңіз.
|
Оқуға арналған
тапсырма:
|
Мектепте оқушылардан кеңес алу
|
1-апта
|
5-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету жөніндегі мұғалімдер коучингісі
|
Жалпы мақсаты:
|
Неліктен әлеуметтік өзара әрекеттестік пен инклюзия оқытудағы маңызды аспект болып табылатынын ойлану.
|
Оқу нәтижелері
|
Мұғалім-оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым-қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну.
|
Түйінді идеялар:
|
1-сабақ: Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не және ол неге маңызды?
|
Жаттығулар:
|
Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не екенін анықтау, Александер зерттеулерінің дәлелдемесін ұсыну.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Жұпта талқылау: мұғалімдер оқуға ықпал ететін өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын сынып қандай болар еді?
|
Түйінді мәселелер:
|
2-3-сабақ: Оқушылар үшін лайықты жағдай жасау.
|
Жаттығулар:
|
Инклюзия дегеніміз не екенін, инклюзивті тәсіл қолданылатын мектеп пен сынып қандай болуы керектігін анықтау.Өзара әрекет ету үдерісін қадағалау (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Жұпта талқылау: сыныптың расында да «инклюзивті» екенін қалай түсінуге болады?
Оның көрсеткіші қандай?
Сыныпты бақылаңыз және мұғалім оқыту үдерісіне барлық оқушыларды тарта ма екенін талдаңыз? Бұл нені дәлелдейді?
|
Түйінді идеялар:
|
4-сабақ: Сыныптағы өзара әрекеттестік пен инклюзивтіліктің деңгейін арттыру жөніндегі мұғалім коучингісі.
|
Жаттығулар:
|
Өзара әрекеттестік деңгейін арттыратын әдістерді анықтау.Кейс стади: Математикалык пікірталас жүргізу сапасын арттыру (Білім беру платформасын қараңыз)
Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру арқылы инклюзивтікті қамтамасыз ету.
(Білім беру платформасын қараңыз)
Социограмма үлгісі (Білім беру платформасын қараңыз)
Үлестірме материал. Социограмма (Білім беру платформасын қараңыз)
Флипчартқа арналған қағаз
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Мұғалімдер өзара әрекеттестік пен инклюзивтілік деңгейін арттыру үшін сыныпта қолдана алатын әдістерін анықтау үшін миға шабуыл өткізеді. Тұжырымдамалық карта әзірлеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
|
2-апта
|
1-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қалай оқу керектігін үйрену.Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету туралы мұғалімдер коучингісі
|
Жалпы мақсаты:
|
Тәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқытуда қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын, мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге қандай көмек бере алатындығын білу.
|
Түйінді идеялар:
|
1-сабақ. Сыныпта оқытуда қандай негізгі кедергілер бар?
|
Жаттығулар:
|
1) Жұптарда оқушының жоғары деңгейлерге жетуіне кедергі жасайтын факторлар бойынша миға шабуыл жүргізіңіз. Ол факторлардың жиынтық тізімін жасаңыз.
|
|
2) Мұғалімдердің идеяларын толықтыру үшін тексеру парағын пайдаланыңыз. Оқытуды,оқуды және болуы мүмкін кедергілерді сипаттайтын қағидаттарды келісіңіз, оны 1-тапсырмадағы тізіммен біріктіріңіз де, оқыту кезеңінің соңына дейін есіңізде сақтаңыз.Флипчартқа арналған қағаз. Оқушыларға оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болатыны туралы мұғалімдерге кеңес беру стратегиялары (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Негізгі идеяларды жазып алу үшін төрт адамнан тұратын топтарда жұмыс істеңіз.
Идеяңызбен бүкіл топпен бөлісіңіз.
|
Түйінді идеялар:
|
2-сабақ. Табысты оқушылардың өмірлік ұстанымдары мен мінез-құлықтары қандай?
|
Жаттығулар:
|
Сұрақтарды ынталандыру үшін таныстырылымды пайдаланыңыз. «Тәжірибені өзгерту» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).АҚШ-та өткізілген профессор Двэктің зерттеуі (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Мұғалімдерден сұрақтарын стикерлерге жазуын сұраңыз. Двек идеяларын және сауалнама деректерін ұсыныңыз.
|
Түйінді идеялар:
|
3 және 4 сабақ:Мұғалімдер оқушылардың бойында жағымды өмірлік ұстаным мен мінез-құлықты қалай қалыптастырады?
|
Жаттығулар:
|
Оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуде көмек көрсетуде топтарға арналған нұсқаулық бойынша ынталандыру материалдарын пайдаланыңыз.
Тіл (Білім беру платформасын қараңыз)
Тіл үйренуде стратегияларды қолдану (Білім беру платформасын қараңыз)
Оқу бағдарламасындағы драма (Білім беру платформасын қараңыз)
Оқушыларда оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту
( Білім беру платформасын қараңыз)
Өзін өзі реттеу бойынша материалдар (Білім беру платформасын қараңыз)
Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар (Білім беру платформасын қараңыз)
Тұрақтылық (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Әр салада жұмыс істейтін сарапшы топтармен «Джигсо» техникасы бойынша тапсырма жүргізу: тілдік материалдар, драма тәсілдері, өзін өзі реттеу жөніндегі идеялар, жадыны пайдалану.Топ өкілдерінің өз нұсқаулықтарын жасау үшін төрт мұғалімнен тұратын негізгі топтарға қайтып оралуына уақыт беріңіз.
|
Қосымша оқу:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
2-апта
|
2-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Диалогтік оқыту дегеніміз не? Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу және сабақта әңгімелесуді пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі.
|
Жалпы мақсаты:
|
Бұл тақырып мұғалімдерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады, мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер:
• оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;
• білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;
• бастауыш және орта буында оқыту мен білім алу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге;
• сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;
• диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
|
Түйінді идеялар:
|
1-сабақ.Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыруда әлеуеті зор.
|
Жаттығулар:
|
Ынталандырушы әңгіме туралы материалдарды талқылау және әңгіме түрлерін анықтау. «Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда диалогті пайдалану» таныстырылымы
(Білім беру платформасын қараңыз).Әңгімелесу факторлары (Білім беру платформасын қараңыз)
Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қараңыз)
Топта жұмыс істеуді бастайтындарға арналған нұсқаулық (Білім беру платформасын
қараңыз).Топтағы әңгімелесудің 5 үлгісі (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Зерттеу материалдарын түсіндіру үшін Нейль Мерсердің кіріспе таныстырылымын пайдалану. Мұғалімдердің сұрақ қоюы және оны стикерде жазбаша ұсынуы. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде пайда болатын кедергілерді қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы диаграмма жасауды ұсыну. Мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша алдыңғы сабақ туралы еске салып, қосымша нұсқаулық жасаңыз.
|
Түйінді идеялар:
|
2-4-сабақтар. Сыныпқа әңгімені енгізу және пайдалану
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Мұғалімдер сабаққа әңгімені қалай кіргізетінін бағалау және жоспарлау үшін жұппен немесе төртеуден жұмыс істейді.Топпен өзара әрекет ету сапасын бағалау. Әңгімелесу кезінде әріптестер оқушылар мәтінмен бөлісетін бірінші және екінші хаттамалардағы өзара әрекеттесу сапасын талқылайды. Сөзді дамыту үшін оқушылар қандай дағдыларды пайдаланатынын қарастыру. Әлеуметтік өзара әрекеттесу оқушылар оқуының сапасына қалай ықпал ететінін талқылау.
|
Жаттығулар:
|
1. Диалогтік тәсілді қаншалықты қолданасыз?
Сыныпта диалогтік тәсілге және ағымдағы тәжірибеге көзқарас.Сыныптағы диалогтік тәсілге және ағымдағы тәжірибеге деген қарым-қатынас
(Білім беру платформасын қараңыз). Белсенді және белсенді емес сынып (Білім беру платформасын қараңыз). Бірге ойлаймыз, сөйлейміз (Білім беру платформасын қараңыз)
2. Әңгімені жоспарлау: интерактивті оқыту және бүкіл сыныптың сұрақтары Бүкіл сыныптың диалогтік оқытуға белсенді қатысуы
(Білім беру платформасын қараңыз).Джигсо тапсырмалары (Білім беру платформасын қараңыз).Топтық жұмыстағы рөлдерді бақылау (Білім беру платформасын қараңыз)
1-шеберлік сыныбы: сауал жүргізу жолымен сыныптағы әңгімелесуді дамыту (Білім
беру платформасын қараңыз).Тапсырма материалдары (Білім беру платформасын қараңыз)
3. Тиімді жауап алу дағдыларын дамыту.«Ашық сұрақтар» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз).Жоғары деңгейдегі сұрақтарды құрастыруға арналған сөйлемдердің басы
(Білім беру платформасын қараңыз). .Жауап алудың тиімді дағдыларын дамыту (Білім беру платформасын қараңыз)
4. Күшейтілген өзара әрекеттестік жоспары.Топтық өзара әрекеттің сапасын бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).Талантты және дарынды оқушыларды оқыту (Білім беру платформасын қараңыз)
|
|
1-сабақ: әңгіме туралы сөйлескенде (Білім беру платформасын қараңыз)
3-сабақ: сиқырлы шаршылар – негізгі ережелер тәжірибесі.(Білім беру платформасын қараңыз)
Сиқырлы шаршылар (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Оқуға арналған тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Топтық жұмыс жөніндегі нұсқаулық
Топта жұмыс істеуді бастайтындарға арналған нұсқаулық
|
2-апта
|
3-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Сыни тұрғыдан ойлауды тәжірибеге енгізу.
Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жөніндегі сабақты жоспарлау туралы мұғалімдер коучингісі. Оқу үдерісінде әңгімелесуді пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі
|
Жалпы мақсаты:
|
Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын және бағаланатын болады. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Оқытудың анағұрлым ауқымды мәселелері әлеуметтік ғылым мен оқытудың байланысында және оқу жоспарындағы тарих пен географияның рөлін зерделеуде қарастырылған. Сондай-ақ, осы сабақта біз бастауыш математикадағы сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз.
|
Оқу нәтижелері:
|
Осы тақырып мұғалімдерге:
•• қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерді пайдалануға;
•• тарих пен география пәні бойынша балалардың жауаптарын тыңдауға және ойлануға;
•• жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлауға;
•• сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойлауға;
•• оқу жоспарындағы әлеуметтік ғылымның мақсаты мен құндылықтары туралы сыни тұрғыдан ойлауға;
•• салыстырмалылық ұғымын дамыту үшін есептеу стратегиясын оқытуға;
•• есептеу стратегиясын оқыту туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
|
Түйінді идеялар:
|
Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
•• Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
•• Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.
•• Есептеулер стратегиясы туралы сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.
•• Математикадағы мәселені шешу сыни назар аударуды талап етеді.
|
Жаттығулар:
|
1.Деректерді талдау: көрнекі және ауызша
Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау (Білім беру платформасын қараңыз)
Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау (Білім беру платформасын қараңыз)
Тиімді стратегиялар (Білім беру платформасын қараңыз)
Жауап алу (Білім беру платформасын қараңыз)
2. Салыстыру, синтездеу және қолдану
Салыстыру және жинақтау (Білім беру платформасын қараңыз)
Жинақтау және қолдану (Білім беру платформасын қараңыз)
Жинақтау және қолдану (Білім беру платформасын қараңыз)
3. Кеңейту.Оксфам артефактілері (Білім беру платформасын қараңыз)
Оксфам азаматтығы (Білім беру платформасын қараңыз)
4. Бастауыш математикада сыни тұрғыдан ойлау
«Сыни тұрғыдан ойлау» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)
Математиканы оқытудың тәсілдері (Білім беру платформасын қараңыз)
Математика 2-тапсырма (Білім беру платформасын қараңыз)
Тиімді стратегиялар (Білім беру платформасын қараңыз)
Сыни тұрғыдан ойлаудағы сөйлеу проблемасы (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Оқуға арналған тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Талқылау құралдары
Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау құралдары
Талқылау құралдары
Оқу бағдарламасы туралы сыни ойлау
Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі
|
2-апта
|
4-5 күн 1-7 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
Сабақта ОүБ пайдалану әдістемесі. Сабақта ОүБ ықпалдастыру.
Сабақта ОүБ пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі.
|
Жалпы мақсаты:
|
Бағалау мақсатын және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқыту үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білу.
|
Түйінді идеялар:
|
Көптеген мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың өткен тәжірибелеріне сүйенсек, бағалау оқыту және оқудан кейін болатын үдеріс деп айтуға болады. Бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болуы мүмкін екендігі идеясын түсіну біздің көзқарасымызға едәуір өзгерістер енгізуді талап етеді, бірақ оқыту үшін бағалау дегеніміз осы.
|
Жаттығулар:
|
Екі күндік бағдарлама 8 сабаққа бөлінеді.
Бірінші сабақ: Кіріспе.Курс басталар алдындағы жаттығуға шолу (Білім беру платформасын қараңыз).Мұғалімнің бағалаудағы рөлі (Білім беру платформасын қараңыз)
Негізгі сипаттамалары (Білім беру платформасын қараңыз)
Екінші сабақ: «Критерийлермен бөлісу» семинары. Оқу критерийлерімен алмасу (Білім беру платформасын қараңыз) «Эйфель мұнарасы» жаттығуы (Білім беру платформасын қараңыз).Оқушыларды сабақтың мақсатымен/жоспарымен таныстыру (Білім беру платформасын қараңыз).Сабақтың міндетін және жетістік критерийлерін жазу (Білім беру платформасын қараңыз)
Үшінші сабақ: «Сыныптастарының жұмысын және өзін-өзі бағалау» семинары «Өзін-өзі және сыныптастарын бағалау» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)
Өзін-өзі және сыныптастарын бағалау тақырыбы бойынша тапсырмалар
(Білім беру платформасын қараңыз)
Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау (Білім беру платформасын қараңыз)
Төртінші сабақ: Кері байланыс және бағаларға түсініктеме беру
Оқу үдерісінің қатысушылары арасындағы бағалау жөніндегі кері байланыс
(Білім беру платформасын қараңыз)
Түсініктемелерді тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін қадамдар
(Білім беру платформасын қараңыз)
Бесінші сабақ: Мысалдармен бөлісу
«Үй жұмысы» буклеті (Білім беру платформасын қараңыз)
«Өзіңізді тексеріңіз» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)
Сіздің сыныпта ОүБ тәсілін дамыту (Білім беру платформасын қараңыз)
«ОүБ құралдары» таныстырылымы(Білім беру платформасын қараңыз)
Алтыншы сабақ: ОүБ қолдану бойынша мұғалімдер коучингі
Сыныптастарының жұмысын бағалау жөніндегі коучинг
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
|
Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша коучинг жүргізу (Білім беру платформасын қараңыз)
Жетінші сабақ: Ұғыну және коучинг.Өзін өзі бағалауға қатысты жазбалар (Білім беру платформасын қараңыз).Коучті өзін-өзі бағалауға ынталандыру (Білім беру платформасын қараңыз).Күнделік туралы ойлар (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Қосымша оқу:
|
Проблеманы және ОүБ талдау бойынша үй жұмысы.
Қара жәшіктің ішінде Диалогты бағалай отырып
|
2-апта
|
5-күн 8-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Талантты және дарынды балаларды белсенділендіру мақсатында оқуды жеке тұлғаға бағдарлау туралы мұғалімдер коучингісі
|
Оқу нәтижелері:
|
Талантты және дарынды оқушыларға жағдай жасаудың маңызын түсіну.
Талантты және дарынды оқушылар үшін тиісті зияткерлік-ынталандырушы тапсырмаларды енгізу үшін қандай өзгеріс қажет екенін түсіну.
Талантты және дарынды оқушылардың әлеуеттерін анықтау үшін топта бірлескен
тапсырмаларды жоспарлау.Қабілеттері әртүрлі оқушылар бірлескен тапсырмаларды орындағанда қолданатын әртүрлі дағдыларды анықтау.
|
Түйінді идеялар:
|
Талантты және дарынды оқушылардың қажеттіліктерін инклюзивтік орта
қалыптастыру арқылы қанағаттандыруға болады.Шағын топтардағы бірлескен жұмыс инклюзивтік сыныптарда талантты және дарынды оқушылардың әлеуеттерін сыни бағалау үшін қолданылуы мүмкін.Тереңдетілген және күрделендірілген тапсырмалар инклюзивтік сыныптарда талантты және дарынды оқушылардың әлеуеттерін сыни бағалау үшін пайдаланылуымүмкін.
|
Жаттығулар:
|
Зерттеулерге жасалған шолуды оқып шығыңыз және өзекті сәттерді талқылаңыз.
Жеке дағдыларды өзіндік бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).Дарынды және талантты балалардың әлеуетін қалай анықтай аламыз (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
Идеяларды жұптарда талқылаңыз және дарынды да талантты оқушыларды дамыту үдерісінде пайдалы болатын тәсілдер тізімін құрыңыз.
|
Қосымша оқу:
|
Талантты және дарынды оқушылардың өзара оқытуы.
|
3-апта
|
1-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану әдістемесі.Сабақта АКТ пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі
|
Жалпы мақсаты:
|
АКТ-ны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
|
|
Қазақстан мектептерінде АКТ-ны қолдану үшін негіз қаланғандығын ескере отырып,сабақтың мақсаты ағымдағы тәжірибені зерделеу, озық тәжірибені жалпылау және бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау болып табылады.
|
Оқу нәтижелері:
|
•• Сыныпқа АКТ құралдарын тиімді енгізу.
•• АКТ-ны мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқытудың қуатты құралы ретінде қолдану.
•• АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі ретінде
қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.
•• Сыныпта АКТ-ны қабілеттері әртүрлі балаларға көмектесу үшін қолдану.
•• АКТ-ны топтық жұмысты дамыту және оған қолдау көрсету үшін пайдалану.
|
Жаттығулар:
Сергіту сәті:
|
Сабақтың басында мұғалімдер өз сыныптарында АКТ-ны қолдану жөніндегі идеяларын талқылап, менталды карта жасайды. Бүкіл топ болып пікір алмасу және талқылау. Қатысушыларға арналған сұрақтар:АКТ-ны мектептегі тәжірибеде тиімді қолдануға не кедергі жасайды. Сіздің ойыңызша, қандай жағдайларда АКТ сыныпта аса тиімді қолданылды?
АКТ-ны сыныпта қолданудың қандай проблемалары бар?
1. АКТ-ны тиімді қолдану әдістеріне назар аудару үшін, ғаламдық жылыну қалай болатынын түсіндіре отырып (мәтін блогы), слайдтарды көрсете бастаңыз («Сандық сауаттылық» таныстырылымы). Бұл мәтін сыныптағы бірқатар оқушылар бұны оқу нысаны ретінде қабылдай алмайтындығына назар аударатындай ағылшын тілінде ұсынылады. Одан кейін ғаламдық жылыну туралы күрделі диаграмманы (ол аударылуы мүмкін) және анимацияны/бейнежазбаны көрсетіңіз.Қатысушыларға олардың үш материал жөніндегі идеяларын және бұл идеялардың пәнге қатысты тиімділігін талқылау үшін уақыт беріңіз (бүкіл топ болып талқылау үшін уақыт бөліңіз).
Топтық жауап алу/пікірталас нәтижесінде алынатын жауаптар:
•• Тек мәтінмен ғана жұмыс істеу тиімсіз, әрі оны кейбір оқушылар қабылдай алмауы ықтимал. Бұны дидактикалық тәсілді қолданумен салыстыруға болады.
•• Диаграмманы түсіну жеңілірек, алайда баяндау логикасы жеткіліксіз болуына байланысты бұл да күрделі.
•• Анимация қарқынды үдерісті бірнеше кезеңдерге бөледі, сол арқылы оқушылардың ойлау қызметін жеңілдетеді. Анимация және бейнежазба сыныптағы пайдалы құралдар бола отырып, олар әлі де оқытудың пассивтік нысанын дамытатындығына назар аударыңыз. Бұдан әрі топтарға анимацияларды аса қарқынды интерактивтік тәсілмен қолдануға болатын тәсілді анықтауға ұсыныс беріңіз (оқушылар анимацияға өз сценарийлерін жаза алар еді және т.б.) және бұл идеяларды жазып алыңыз/талқылаңыз.Таныстырылым барысында оқушылар жекелеген АКТ-ны қолдану операцияларын өз беттерімен орындайды.«Сандық сауаттылық» таныстырылымы
(Білім беру платформасын қараңыз).Анимацияны/видеоны тоқтату, жүргізіп тұру, т.б.
|
|
Британ оқушылары орындаған ғаламдық жылыну туралы анимацияны осы тақырыпты зерделеу барысында оқушыларға берілген жұмыс кестесімен қатар пайдаланыңыз. Интерактивті тақталар және сыныптағы өзара әрекеттестік (Білім беру платформасын қараңыз)
2. Сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі сұрақтарды қайтадан қою (сергіту сәтінде сияқты) және мұғалімдерге оқушыларды оқу үдерісіне көбірек тарту және белсенділендіру жөніндегі идеяларды әзірлеуге ұсыныс беру. Мұғалімдерге АКТ белсенді және тиімді тәсілмен қолданылатын сабақтың фрагментінің жоспарын әзірлеуді ұсыну. Тапсырманы орындау барысында қиындық туындаған жағдайда анимация/бейнежазбаны қолдануға болады («Ғаламдық жылыну және парник әсері» анимациясы). Бұл жағдайда ресурс сыныппен кері байланыс ретінде сабақтың қорытынды бөлігінде қолданылады. АКТ педагогикалық стратегиялары (Білім беру платформасын қараңыз)
3. АКТ - мұғалімді ауыстыру немесе сабақ барысында оқушының көңілін көтеру құралы емес, мұғалімге оқу барысында көмек көрсетуге арналған педагогикалық құрал. Тиімсіз қолданылған жағдайда тіпті ең үздік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өздері пассив болуы мүмкін. «Ғаламдық жылыну және парник әсері» анимациясы (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Ескерту:
|
Қазіргі кезде заманауи АКТ құралдарының түрі көп болуына қарамастан (интерактивтік тақта және дауыс беру құралдары, іPad, web-камералар мен т.б.), барлық мектептерде оларға қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей емес екендігін назарға алу қажет. Соған қарамастан бұл мұғалімдерді осы идеяларды пайдалану арқылы сабақтарды жоспарлау үдерісінде тоқтатпауы тиіс.
|
Кейінгі жұмыс:
|
2.0 білім беру
Мұғалімдер үшін АКТ – құзыреттілік стандарттары
|
3-апта
|
2-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Орта мерзімдік жоспарлаумен танысу. Оқыту тәжірибесіне Бағдарламаның идеяларын енгізу және педагогиканың қуатты құралдарын біріктіру
|
Жалпы мақсаты:
|
Педагогикалық құралдардың негізгі идеяларын белгілеу және негізгі модульдердің өзара байланысты қысқаша моделін әзірлеу.
|
Оқу нәтижелері:
|
Тренерлер мен мұғалімдер қарастырылған жеті тақырыптың өз арасында қалай байланысқанын және олардың оқыту үдерісін тиімді жоспарлауға қалай әсер ететінін біледі.
|
Түйінді идеялар:
|
Осы сабақ негізгі идеяларды қайта қарауға мүмкіндік береді және бірлескен топтық жұмыс арқылы тақырыптардың өзара байланыстылығының жалпы көрінісін жасауға мүмкіндік береді.
|
Жаттығулар:
|
1-сабақ.«Орта мерзімдік жоспарлау» ұғымын және оның маңызын түсіндіру арқылы сабақтың мақсатын көрсетіңіз.«Орта мерзімдік жоспарлау» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).Сабақ мақсаттарын анықтау (Білім беру платформасын қараңыз)
2-сабақ: Негізгі тақырыптарға қайтып келіңіз де, олардың қысқаша сипаттамасын беріңіз.
|
|
Өткен сабақтар тақырыптары бойынша барлық анықтамалық материалдарды қолдану. Мәселен, идеяларды жалпылап қорыту үшін сарапшылар тобының қорытындысын пайдалану. Сарапшылар тобының қорытындысы (Білім беру платформасын қараңыз)
3-сабақ: Тақырыптарды салыстырыңыз, олар бір-бірімен қалай байланысқанын және мұның тиімді жоспарлауға қалай әсер ететінін анықтаңыз.Екінші сабақтың топтық жұмысы барысында әзірленген жиынтық кестелер мен топтық таныстырылымдар көшірмелері (Білім беру платформасын қараңыз)
4-сабақ: Барлық идеяларды салыстырыңыз және негізгі жағдайлар өзара қалай байланысқанын анықтаңыз
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ.Орта мерзімдік жоспарлау ұғымы мен мағынасын талқылаңыздар. Тақырыптар оқыту үдерісіне тек осының көмегімен ғана енгізілетінін түсіндіріңіз. Түсініксіз сәттерді түсіндіріп, мұғалімдерге өзінің идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беру үшін жұппен жұмыс істей отырып, сұрақтарды құрыңыздар. Қосымшадағы тірек сөздерді пайдалана отырып, оқытудың тиімді мақсаттарын жазуды жаттығыңыздар.
2-сабақ. Келесі аспектілерге баса назар аудара отырып шағын сараптамалық топтарда жұмыс істеңізер: қалай оқу керектігін үйрету, сыни тұрғыдан ойлау, диалог,оқыту үшін бағалау, АКТ-ны пайдалану, жас ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды және талантты балаларды қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жоспарлау. Диалог жүргізуді ынталандыру үшін құрылымдық кестені пайдаланыңыз. Жұмыс нәтижесінде тапсырманы орындау барысында топтың әрбір мүшесі жасаған жиынтық кесте мен таныстырылым жасалуға тиіс. Бұл материалдарды бүкіл топқа татаруға болады.
3-сабақ. Әрбір топ өз әзірлемелері мен жиынтық кестелерін ұсынады. Тренердің міндеті - негізгі идеялар мен тақырыптардың нақты түсіндірілгеніне көз жеткізу.
4-сабақ. «Джигсо» әдісі бойынша құрылған топтарда жұмыс істеңіздер, онда әрбір сараптамалық топтан бір қатысушы болсын. Топтардан модульдер арасындағы өзара байланыстардың визуалды көрінісін беруді сұраңыз. Қуатты педагогикалық құралдар мен сыныптағы жұмыс тәсілдерінің арақатынасын көрсету үшін сабақты көрнекі шолу жаттығуымен аяқтаңыз.
|
Оқуға арналған тапсырма:
|
Chris Watkins, Learning how to Learn readings [Қалай оқу керектігін үйрену].
|
3-апта
|
3-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тәлімгерлік дегеніміз не? Мектепте тәлімгерлік орнату және жүргізу
|
Жалпы мақсаты:
|
Тәлімгерлік әдістемесін енгізу, жақсы тәлімгердің қандай болатынын және тәлімгер әріптестерінің кәсіби дамуына қалай көмектесе алатынын анықтау.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер жақсы тәлімгерлер қалай жұмыс істейтінін анықтай алады және тәлімгерлік арқылы әріптестерінің жұмыс әдістерін жетілдіруге қалай көмектесуге болатынын біледі.
|
Түйінді идеялар:
|
Тәлімгер дегеніміз кім және жақсы тәлімгер қандай болуы керек?
|
Жаттығулар:
|
1- сабақ:
а) Тәлімгерлік дегеніміз не?
ә) Жақсы тәлімгер қандай болмақ?
б) Жақсы тәлімгер болуға не кедергі жасайды?
«Тәлімгерлік дегеніміз не?» таныстырылымы
«Тәлімгерлік (аутизммен ауыратын бастауыш сынып оқушылары)» бейнежазбасы
(Білім беру платформасын қараңыз)
Тәлімгерлік мазмұнын жіктеуге шолу (Білім беру платформасын қараңыз)
2-сабақ: Проблемалардың үш түрі
Жетілдірілуге тиісті саланы қалай анықтауға болады;
а) Сабақ жоспарлары,
ә) Оқушылардың пікірлерін пайдалану,
б) Оқушылардың жұмысы,
в) Бейнежазбаны пайдалану.
Проблемалардың үш типі тұрғысынан тәлімгерлік тәжірибесі
(Білім беру платформасын қараңыз)
Әрбір тәсіл бойынша сценарий жазылған кәртішкелер (Білім беру платформасын қараңыз)
3-сабақ: Тәлімгерлікке дайындық
Тәлімгерліктің оқыту циклдері (Білім беру платформасын қараңыз)
Тәлімгерлікке дайындық (Білім беру платформасын қараңыз)
4-сабақ: Ой қозғап, кері байланыс орнату үшін сыни оқиғаларды, жағдаяттарды пайдалану.Соның көмегімен мұғалімдер өздерінің күнделікті қызметтеріне өзгеріс енгізе алады.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ: а)Тренерлер Бағдарламада тәлімгерлік ұғымы қалай анықталатынын түсіндірулері керек (таныстырылым көрсету ұсынылады) Бейнежазбаны көрсету.
ә) Жұпта жұмыс істей отырып, тәлімгерлік кестесінде берілген тармақтарға қол жеткізуге болатынын/ болмайтынын талқылаңыздар?
б) Жұпта жақсы тәлімгер болуға кедергі келтіретін факторлардың тізімін жасаңыз
және осы кедергілерді мектепте қалай жеңуге болатындығын жазыңыз.
2-сабақ: а) Мұғалімдер «Проблемалардың үш түрі» құжатын оқып шығып, түсініксіз немесе өздері келіспейтін сәттерді көрсетулері керек. Бұл құжат мұғалімнің сыныптағы жұмысының қаншалықты қиын және мұғалімдердің жұмыс әдісін жақсарту мақсатында ынтымақтастық жүргізудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
ә) Топтарда жұмыс істей отырып, сценарийлердің біреуін мұқият қараңыз да, дамыту саласын анықтауда әрбір тәсілді қалай пайдалануға болатынын түсіндіріңіз:
|
|
1) Сабақ жоспарлары,
2) Оқушылардың пікірлерін пайдалану,
3) Оқушылардың жұмысы,
4) Бейнежазбаны пайдалану.
Бұл деректердің өзгерістер бағытын анықтауға қалай көмектесе алатыны туралы ұсыныстар әзірлеңіз.
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Тәлімгерлікке дайындық
|
3-апта
|
4-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оқуды және оқытуды бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study-ді пайдалану
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын
арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну. Мұғалімдер топтарының арасында практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
|
Оқу нәтижесі:
|
Мұғалімдер
•• Lesson Study үдерісін;
•• оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибелік білімін
зерделеу құралы ретінде мектептерде Lesson Study-ді пайдалану үшін әріптестермен
қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;
•• Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.
|
Түйінді идеялар:
|
•• Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол
мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын
және талдауын көздейді;
•• Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;
•• Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
•• Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады.
|
Жаттығулар:
|
1-сабақ:Тренер бүкіл топқа таныстырылым ұсынады:
•• «Lesson Study тарихы» таныстырылымы;
•• «Lesson Study маңызы» атты қысқа бейнежазбаны қарау. Lesson Study-дің негізгі сәттерін түсіндіру үшін мұғалімдер 5-6 адамнан тұратын шағын топтарда Power Рoint таныстырылымын
(ең көбі 5 слайд) дайындайды.
2-сабақ: Әр таныстырылымды топпен талқылау. Топтағы мұғалімдер әр таныстырылымды көру үшін кезек-кезекпен әр компьютерге отырады. Олар өз таныстырылымында жоқ элементтерді атап көрсете отырып, еңбектерді талқылайды. Топтар өз таныстырылымдарын толықтырып, оны портфолиоға қосады.
|
|
«Lesson Study» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз) «Lesson Study мүмкіндіктері» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз).
Lesson Study: нұсқаулық (Білім беру платформасын қараңыз)
3-сабақ:Жұптық жұмыс: Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жақсарту үшін өз сыныптарыңызда жасап көргіңіз келетін «оқу/оқытудағы жаңа тәсілді» анықтап алыңыз. Осы тақырып бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып табылатын үш оқушыны айқындаңыз.
Рөлдік ойын.Жаңа тәсілдің тиімділігін зерттеу үшін таңдап алған үш оқушыға көңіл аудара отырып, Lesson Study-ді жоспарлауда әріптестеріне қолдау көрсететін тәлімгердің рөлін
кезекпен ойнаңыз.Lesson Study жоспарлау (Білім беру платформасын қараңыз)
Олардың оқу үлгеріміне сәйкес оқушылардың моделі (Білім беру платформасын қараңыз)
4-сабақ:Топтық пікірталас:Төмендегі мәселелерді талқылау:
•• Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар.
•• Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер.
•• Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды да, постер түрінде ресімдейді.Lesson Study бойынша бірлескен жұмыстың ережесі (Білім беру платформасын
қараңыз)
|
Оқуға арналған тапсырмалар
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық – Lesson Study
|
3-апта
|
5-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Рефлексияға арналған бейнематериалдарды пайдалану арқылы кәсіби әңгіме жүргізу
|
Жалпы мақсаты
|
Тәжірибеде бірлесіп зерттеу жүргізу арқылы кәсіби білім мен практикалық қызметтің дамуына ықпал ететін кәсіби пікірталас дағдыларын қалыптастыру.
|
Оқу нәтижелері
|
Мұғалімдер
•• Рефлексивтік есептерді қарау арқылы оқуды талдауды қалай жүргізуді;
•• Әріптестеріне олардың жұмысын талдауға көмектесу үшін, оқыту туралы
рефлексивтік есептер туралы мәселелерді қалай пайдалануды;
•• Сабақтар фрагменттері көрсетілетін бейнежазбаларды қалай талдауды;
•• Әріптестермен сындарлы әңгімелерді ынталандыру үшін сабақ фрагменттері
көрсетілетін бейнежазбаларды қалай пайдалануды түсінетін болады.
|
Түйінді идеялар
|
•• Тәлімгерлік қағидаттарына сүйенген әріптестер арасындағы кәсіби пікірталастар
осыған тартылған барлық мұғалімдердің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге көмектесе алады.
•• Тәлімгерлік етудегі қарым-қатынастар иерархиялық болмау керек және қорқыныш ұялатпауға тиіс.
•• Тәжірибені жетілдіру туралы әңгіменің алдын ала айқындалған бағыты болғаны дұрыс.
•• Рефлексивтік есептер мен сабақтар бейнежазбалары сияқты артефактілер тәжірибе туралы сындарлы әңгіме үшін түрткі болады.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ:Сабақтың басында тренер бүкіл топтан практиканы дамытуға бағытталған, мысалы әдіскер мен мұғалім сабақты талдайтын кәсіби пікірталасты мектепте жүргізетін жағдайлардан мысал келтіруді сұрайды.Тренер ұсынылған нұсқаларды тақтадағы флипчартқа жазады. Егер «Сабақта рефлексивтік есепті талқылау» және/немесе «Бейнежазбаны пайдалану арқылы мұғалімнің сабағын талқылау» нұсқалары аталмаса, тренер оларды осы тізімге өзі қосуы керек. Мұғалімдер жұппен жұмыс істейді.Әр жұпқа «Поэзия сабағы бойынша рефлексивтік есеп» көшірмесі беріледі. Мұғалімдер есепті оқиды және парақтағы ескертпелерді пайдалана отырып, сабақ туралы не ойлайтынын жұптарында талқылайды. Мұғалімдер идеяларды үлкен топтарда (шамамен 6 адам) талқылайды және негізгі сәттерді үлкен қағазға жазады. Әр топ негізгі тармақтармен бөліседі. Поэзия сабағындағы рефлексия (Білім беру платформасын қараңыз)
|
3-сабақ:Қысқа бейнежазба көрсетіледі. Онда тәлімгер мен мұғалім сабақтың бейнежазбасын талқылайды.Осында отырғандардың бірі сабақтың бейнежазбасын пайдалану арқылы өз сабағын талқылады ма екенін сұраңыз.Мұндай тәжірибесі бар мұғалім-
дерді осы туралы топқа қысқаша айтуды сұраңыз. Бұл талқылаудың мақсаты қандай болды? Оған кім қатысты?
Ол пайдалы болды ма? Неге?
Бұл қиын болды ма? Неге?
Нені үйрендіңіз? Бұл сіздің жұмысыңызға қалай әсер етті? Мұғалімдер 4-6 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.
Әр топтан екі мұғалім «Видеожазбадағы әңгіме негізінде жасалған ранскрипт» әңгімесін ойнайды.Топтың қалған мүшелері талқылауды тыңдайды және транскриптінің сұрақтарына жауап береді.«Тәлімгер мен мұғалім сабақтың бейнежазбасын талқылайды» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз). Бейнежазба көмегімен жадыны қалпына келтіру
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
|
2-сабақ: «Тәлімгер мен мұғалім арасындағы
әңгіменің транскриптісін» таратыңыз.
|
4-сабақ: Барлық топ сабақ бөліктерінің бейнежазбасын қарайды.
|
|
Тренер жұппен мынаны қарауды сұрайды:
Неге тәлімгер мұндай түсініктеме беріп, осындай сұрақтар қойды? Осы түсініктемелер/сұрақтар пайдалы болды ма? Тәлімгер нені жақсарта алады? және т.б. (қалған сұрақтар транскриптіде бар)
Әп жұп талқылауды ойнайды және оны
ұсынылған транскриптінің жалғасы ретінде
жазады. Жұптар өз жазуларын топқа ұсынады. Сосын әр топтан тәлімгер берген түсініктемелер мен қойған сұрақтарды түсіндіруді сұрау қажет.
Мұғалімдер транскриптінің көшірмелерін жасап, портфолиоға енгізе алады. Поэзия сабағындағы рефлексия (Білім беру платформасын қараңыз)
Тәлімгер мен мұғалім (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Мұғалімдер үшеуден жұмыс істейді.
Үш адамның біреуі компьютерге бейнежазбаны жүктейді. «Бейнематериалды көрген кезде еске түскен мәселелер» деген сілтемені пайдаланыңыз. Топтағы үш мұғалімнің арасында тәлімгер, мұғалім және бақылаушының рөлдері бөлінеді. Олар өз рөлдерін ескере отырып, клипті қайтадан қарайды.Мұғалім өз түсініктемелерін береді,тәлімгер оқытудың әртүрлі стратегияларын неге пайдаланғанын және бұл бейнежазбаны көргеннен кейін нені үйренгенін сұрайды.Бақылаушы мұғалім мен тәлімгердің білім алу үдерісіне көңіл аударады, түсініктеме беріп, сұрақ қояды.
Балама ретінде мұғалімдер өз сабақтарының бейнежазбаларын әкеледі және оны ұсынылған бейнежазбаның орнына пайдаланады. Бұл нақты жағдайды қарастыруға мүмкіндік береді, бірақ тәлімгерлер қатты сынаушы болмауын қамтамасыз ету керек. Бейнежазбаны қарау арқылы математика сабағының пікірталас транскрипті
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
Оқуға арналған тапсырма
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық – LessonStudy
|
|
4-апта
|
1-күн 1-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Кәсіби әңгіме: кері және тікелей байланыс. Жоспарлау мен оқытудың жалпы талдауын пайдалану және болашақтағы оқытуды бірлесе жоспарлау
|
Жалпы мақсаты:
|
Мұғалімдер алдағы жоспарлау үшін жоспарлау мен оқытуды бірлесе талдауды қалай пайдалану керектігін түсінеді.Мұғалімдер оқытуды бірлесе жоспарлау мұғалімнің білімі мен тәжірибесін жетілдіру құралы болып табылатынын біледі.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер:
•• Әріптестерге өз жұмыстары туралы ойлануға және өз тәжірибесіне өзгерістер
енгізуге көмектесетін жоспарлау мен оқыту бойынша кері байланысты ұсынуды;
•• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер кіретін жоспарлау мен оқытуды дамыту үшін әріптестермен бірлесе жұмыс істеуді;
•• Практиканы жетілдіру үшін бұрынғы жоспарлау мен оқытудың талдауын пайдалануды үйренеді.
|
Түйінді идеялар:
|
•• Жоспарлау мен оқытудың талдауы болашақта пайдалы болған жағдайда ғана, яғни тәжірибені жетілдіру жолдарын көрсеткен жағдайға ғана тиімді болады.
•• Бірлескен жоспарлау мұғалімнің білімі мен тәжірибесін жетілдірудің қуатты құралы болып табылады.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ.Топтан біз кәсіби әңгіме кезінде «кері
байланыс» және «тікелей байланыс» деген сөздерді қолданған кезде нені меңзейтінімізді сұраңыз.
1-оқу нәтижесіне сәйкес ортақ бір тоқтамға келуге тырысыңыздар. Мұғалімдер шағын топтарда
(3 немесе 4 адамнан) жұмыс істейді.«Сабаққа шолу жасаудағы тікелей және кері байланыс» ресурсының көшірмесін таратып беріңіз.Мұғалімдер нұсқаулық бойынша жұмыс істейді де, тікелей және кері байланыстың мысалдарын анықтауға тырысады. Олар тікелей байланысқа өз мысалдарын келтіреді.Әрбір топтан тікелей байланыс дегеннің не екендігі туралы мысалдар,олардың түсіндірмелері мен сұрақтарын келтіруді сұраңыз.Оларды бірге жинақтап, проекторды пайдалана отырып, ақ тақтада көрсетуге болады, мұғалімдер сол жерден көшіріп жазып алады.
|
3-4-сабақтар
Мұғалімдер оқушылары бірдей жастағы немесе сондай пән бойынша сабақ беретін топтағы кез-келген біреумен жұмыс істейді.
Олар төмендегі мақсаттарда
«Сабақты бірлесіп жоспарлау»
ресурс парағының нұсқаулықтарына сүйенеді:
•• Алдыңғы сабақ беруі негізінде
дамытқысы келетін тәжірибе
аспектілерінің бірін анықтау;
•• Олардың ойынша, сабаққа енгізілуі тиіс «жаңа тәсілдерді» анықтау.
•• Мектептегі тәжірибе кезінде сабақ беретін оқу жоспарының бөлімін анықтау.
•• Мектептегі тәжірибе кезінде
өткізілетін және тәжірибенің белгілі бір аспектісін дамытуға бағытталатын сабақты жоспарлау бойынша бірлескен жұмыс. Берілген жоспарлауды жұптағы екінші мұғалім үшін қайталау.
Балама ретінде Егер мұғалімдерде өздері өткізген сабақтарының бейнежазбасы болса:
•• Жұптар бейнежазбаны қарайды
•• Тәжірибені қалай дамытуға болатынының жолдарын анықтайды;
•• Сабаққа енгізуге болатын оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін анықтау;
|
2-сабақ. Барлық топ тәлімгер сабақ жоспары бойынша кері байланыс беретін «Тәлімгер-тәлім алушы (қазақ тілі)» бейнежазбасын қарайды.Мұғалімдерге бейнежазбамен бірге жүретін сабақ жоспарын беру қажет.Бейнежазбаны екінші рет қарау. Мұғалімдерден қай кездері «тікелей байланыс» болғанын анықтауды сұраңыз.
|
|
Топтың «тікелей байланыс» туралы жауаптарын тыңдаңыз. Мұғалімдерден «тікелей байланыс» аясында жасауға болатын алдағы сұрақтар мен
түсіндірмелерді ұсыну үшін жұпта жұмыс
істеуін сұраңыз. Егер уақыт болса, жұптар тікелей байланыс бойынша өз идеяларын білдіріп, жоспарлауды талқылауды рөлдерге бөліп ойнай алады.
|
•• Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сол сабақты қайта жоспарлау үшін бірге жұмыс істейді және тәжірибенің белгілі бір бағыттарын жетілдіруге көңіл аударады.
|
Дереккөздер:
|
1-сабақ. Сабаққа шолу жасаудағы тікелей
және кері байланыс
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
3-4-сабақ.Сабақты бірлесе жоспарлау (Білім беру платформасын қараңыз)
2-сабақ.«Тәлімгер-тәлім алушы (қазақ тілі)» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Кейінгі жұмыс:
|
Тізбектелген сабақтарды жоспарлауды жалғастыру
|
Оқуға арналған тапсырма
|
«Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық» буклеті.
|
4-апта
|
2-3 күндер 1-8 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тізбектелген сабақтар топтамасының кеңейтілген жоспары.Мұғалімге оқыту мен бағалауды жоспарлау кезінде барлық педагогикалық құралды іске асыруға көмек көрсету
|
Жалпы мақсаты:
|
Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізе отырып, сабақтарды бірлесе жоспарлау үдерісінің білім мен дағдылардың дамуын қалай қолдайтынын түсінеді.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер:
•• Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда бір-бірін қолдауды;
•• Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын біріктіретін сабақтар топтамасын жоспарлауды;
•• Жаңа тәсілдерді тәжірибеге енгізуде басқаларға көмектесуді үйренеді.
|
Түйінді идеялар:
|
•• Бағдарламаның жеті модулінің идеялары өзара байланысты, әрі тізбектелген сабақтар топтамасын тиімді оқытуға кіріктірілуі мүмкін;
•• Мұғалімдер оқытуды жоспарлау кезінде өздерінің нақты оқушыларын және оқу бағдарламаларының нақты мазмұнын қарастырулары керек;
•• Бірлескен жоспарлау мұғалімдерге өздерінің бастапқы білімдерін дамытуға және оқытудың тиімді тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл
|
1-сабақ.Диаграммаға сәйкес оқушыларға жеке тұлға ретінде қарау. Шағын топтарда немесе жұпта оқыту/оқу тәсілдерін және оқудың сараланған нәтижелерін талқылау.
|
3-сабақ.Барлық топ оқыту үшін бағалаудың (ОүБ) негізгі әдістері туралы бірге ойланады.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауға қосуға болатын ОүБ бойынша тапсырмаларды шағын топтарда немесе жұптарда талқылау.
|
|
2-сабақ.Таксономия кестесіне сәйкес оқыту/оқудың сараланған нәтижелерін және тапсырмаларды шағын топтарда немесе жұптарда талқылау. Нәтижелерді/іс-шараларды кестеге бірлесіп орналастыру.
|
4-сабақ.Жоспарлау кестесін пайдалана отырып, бірлескен жұмыс негізінде тізбектелген сабақтар топтамасын
жеке-дара құру.
|
Дереккөздер:
|
1-сабақ.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау (Білім беру платформасын қараңыз)
(1-бөлім). Оқушылар мен Сіздің тізбектелген сабақтар топтамасы тақырыбының ара қатынасы
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
3-сабақ.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
(Білім беру платформасын қараңыз)
(3-бөлім)
|
|
2-сабақ.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау (Білім беру платформасын қараңыз)
(2-бөлім).Білім мақсаттарының таксономиясы (Білім беру платформасын қараңыз). Білім беру мақсаттарын жүйелеу. Жалпы нұсқаулық
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
4-сабақ. Жоспарлаудың таза кестесі
(Білім беру платформасын қараңыз)
Жұмысты жоспарлаудың үлгі
Нұсқаулығы
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
4-апта
|
4-күн 1-4 сабақтар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұғалімді кәсіби дамытуға арналған құрал ретінде тізбектелген сабақтар топтамасын мұғалімнің өзі бағалауы және өзара бағалау
|
Жалпы мақсаты:
|
Тізбектелген сабақтар топтамасын өзін-өзі және өзара бағалауының көмегімен мұғалімдерді оқытуды қалай қолдауға болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер:
•• Ертерек белгіленген критерийлерге қатысты тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды бағалауды;
•• Ертерек белгіленген критерийлерге қатысты өзінің жоспарларын басқалардың бағалауына көмектесуді;
•• Өзін-өзі және өзара бағалау нәтижесінде жоспарлауды жақсартуды үйренеді.
|
Түйінді идеялар:
|
•• Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды бірлесе қарастыру жұмысқа тартылған мұғалімдердің түсінігін арттыруға ықпал жасайды.
•• Жоспарлауды бірлесе бағалау мұғалімдерді оқыту құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ.Тәуелсіз жұмыс – жоспарлау кестесін пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды аяқтаңыз.
|
3-сабақ. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды өзара бағалау.
|
2-сабақ.Өзін-өзі бағалауға тапсырма.
|
4-сабақ. Жұптық талдау: тізбектелген сабақтар топтамасын бағалау
|
Дереккөздер:
|
1-сабақ.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау (Білім беру платформасын қараңыз)
|
3-сабақ.Тізбектелген сабақтар топтамасын өзара бағалау нысаны
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
2-сабақ. Орта мерзімдік нәтижелерді бағалау
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
4-сабақ.Орта мерзімдік нәтижелерді бағала (Білім беру платформасын қараңыз).
Тізбектелген сабақтар топтамасын өзара бағалау нысаны
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
Кейінгі жұмыс:
|
Өзін-өзі және өзара бағалау, сондай-ақ әріптестермен талқылау негізінде тізбектелген сабақтарды жоспарлау тәжірибесін жетілдіру.
|
4-апта
|
5-күн 1-2 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы
|
Іс-әрекеттегі зерттеу жобасын жоспарлау
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдер төрт сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасында іске асырылған өзгерістердің әсерін бағалау негізінде Іс-әрекеттегі зерттеу жөніндегі шағын жобаның жоспарын жасайды.Мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру үшін Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай қолдану керектігін, және де жалпы мектептегі тәжірибені жетілдіру мақсатында басқа мұғалімдерге
Іс-әрекеттегі зерттеуді пайдалануға қалай көмектесу керектігін түсінеді
|
Оқу нәтижелері
|
Мұғалімдер:
•• Іс-әрекеттегі зерттеу жөніндегі шағын жобаларды жоспарлауды;
•• Өз жобасының мақсатына сәйкес деректер жинаудың тиісті тәсілдерін таңдауды;
••Шағын Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауға әріптестеріне көмек көрсетуді үйренеді.
|
Түйінді идеялар
|
•• Тәжірибеге негізделген зерттеу – мектептегі жалпы тәжірибені дамытуды қолдаудың тиімді құралы
•• Бірлескен практикалық зерттеулер мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етеді және
коучинг пен тәлімгерліктің құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
|
Бірлескен жұмысқа
негізделген тәсіл:
|
1-сабақ:Жеке постерлер жасау:
|
2-сабақ: Қағаз стикерлерде пікірлерін білдіре отырып,әріптестер постерлерді қарайды.
|
Дереккөздер:
|
1-сабақ.Іс-әрекеттегі зерттеу жөнінде
постер жасау.
(Білім беру платформасынқараңыз).
Әсерін түсіну. (Білім беру платформасын қараңыз). Тәжірибені дамыту және жетілдіру мақсатында жоспарлау
(Білім беру платформасын қараңыз).
Деректер жинауды жоспарлау
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
2-сабақ. Іс-әрекеттегі зерттеу жөнінде постер жасау
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
Кейінгі жұмыс
|
Постерге қатысты тренер мен әріптестердің түсініктемелерінің негізінде Іс-әрекеттегі зерттеу жоспарын пысықтау.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырма – Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы бойынша әріптестермен кеңесу.Әріптестермен кеңесу (Білім беру платформасын қараңыз)
|
Ұсынылатын әдебиет:
|
Өзгеріс туралы ойлану
|
4-апта
|
5-күн 3-4 сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Портфолионы жоспарлау және мектептегі тәжірибеге дайындық
|
Жалпы мақсаты:
|
Мұғалімдерге оларды бағалау үдерісінің қалай жүргізілетіні туралы айтып беру. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде қажетті ақпаратты жинақтап, өздерінің портфолиоларын дайындауды бастау үшін олардың портфолиоларында не болуы қажеттігі туралы айту. Мектептегі тапсырмалар портфолионың негізгі (бағаланатын) элементтерін әзірлеуге қалай көмектесетінін түсіндіру
|
Оқу нәтижелері:
|
Мұғалімдер:
•• 2-деңгей бойынша бағалау үдерісі қалай жүргізілетінін;
•• портфолиоға не кіру керектігін;
•• «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде портфолионы жасауға көмектесетін ақпаратты
қалай жинау керектігін;
•• Мектептегі тапсырмалар портфолионың негізгі (бағаланатын) элементтерін
әзірлеуге қалай көмектесетінін білетін болады.
|
Түйінді идеялар
|
•• 2-деңгей Бағдарламасы бойынша мыналар бағаланады:
oПортфолио;
oПортфолионың негізгі элементтеріне қатысты таныстырылым;
oЕмтихан;
Ескерту: Бағалау барысында емтиханға қарағанда, портфолио мен таныстырылым маңызды болады.
•• Портфолионың негізгі (бағаланатын) элементтері мынадай:
o Іс-әрекеттегі зерттеу жөніндегі жобаның есептері;
o Коучинг әдісі қолданылған екі сабақтың рефлексивтік есебі;
o Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісінің сараптамалық есебі.
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
|
3-сабақ.Таныстырылым: бағалау үдерісі және портфолио мазмұны
«Бағалау үдерісі» таныстырылымы
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
4-сабақ.Топтық пікірталас және сұрақтар: Мектептегі тәжірибе кезінде орындалатын тапсырмалар және портфолионы әзірлеуге олар қалай ықпал етеді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
(Білім беру платформасын қараңыз)
|
Оқуға арналған тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық – бағалау бөлімі
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|