(Т).
Әр топтың алдына төмендегі екі есептің мәтіні
жазылған кеспеқағазды таратып беру.
1. Қанатқа әкесі бірінші күні 9 тг, екінші күні 8 тг
берді. Оның барлығы неше теңгесі болды?
2. Қанаттың 17 тг ақшасы бар. Ол 7 тг ақшасын
досына берді. Қанаттың неше теңге ақшасы қалды?
Оқушыларға есепті оқуды және берілген есепті
шығаруды ұсыну. Тапсырманың осы бөлігін
орындаған соң, жай есептерді бір құрама есепке
біріктіруді ұсыну. Одан кейін есепке сызба
құрастырып, шешуін орындату.
Бұл есепті шығару үшін неше амал қажет болды?
«Кәмпит» есептер. (Ж)
Оқушыларға әр есепке қатысты сызба салып, құрама есепті шығаруды ұсыну.Оқушылар тапсырманы өз беттерінше орындайды. Содан кейін оқушылар жұптарға бірігіп, бір-бірінің жұмыстарын өзара тексереді.
— Есептен не туралы білдіңдер?
— Есептің сұрағына жауап беру үшін, нені білу
керек?
— Бірінші амалда нені білу керек?
— Біз екінші амалды орындап, нені білеміз?
Жауабы:
1. 1) 12 + 16 = 28 (кг) – барлығы;
2) 28 – 4 = 24 (кг).
Жауабы: дүкенде 24 кг кәмпит қалды.
2. 1) 45 + 20 = 65 (тг) – сатып алған заттың құны;
2) 65 – 50 = 15 (тг).
Жауабы: Гүлнәрдің 15 теңгесі жетпейді.
3. 1) 11 + 18 = 29 (т) – барлық шоколад саны;
2) 29 – 21 = 8 (т).
Жауабы:8 тақта шоколад қалды
Шығарып көр. (Т)
Қай сызба бойынша құрама есеп құрастыруға болады?
Оқушылар екі сызбаны салыстыра отырып өз таңдауын жасауын қадағалау.
Оқушылардан өз таңдауын дәлелдеуді сұрау.
Олардың ойын тыңдау. Таңдаған сызбалары
бойынша өз беттерімен есеп құрастырып шығаруды тапсыру.
1. Дүкенде 12 кг карамель және 16 кг шоколад кәмпит болды.Балалар мерекесіне 4 кг кәмпит сатылды. Дүкенде қанша кәмпит қалды?
2. Тәтті мақта 45 тг, ал мұзкәмпит 20 тг тұрады. Гүлнәрдің 50 теңгелік монетасы бар. Тәтті мақта мен мұзкәмпит сатып алуға оның қанша ақшасы жетпейді?
3. Сатушыға мерекелік қалталарға 11 сүт шоколадын және 18 ащы шоколадын салу керек.
Ол 21 шоколадты салып қойды.
Енді қанша шоколад салуы керек?
Әрбір есепті шығару үшін саған қанша амалды орындау керек?
Неге?
Жауабы
«б» әрпімен берілген сызба
1. 65 + 24 = 89.
2. 89 – 53 = 37.
Шығарып көр
Құрама есепке арналған сызбаны таңда. Неге оны таңдадың?
Түсіндір. Таңдаған сызбаң бойынша есеп құрастыр және оны шығар.
Орындап көр
Парақтарда құрама есептің шарты жазылған. Бірақ олардың бір бөлігі жыртылып қалған.
Есептің шартын толықтыр және оны шығар.
Тапсырманың мазмұнын сыныпта ойын түрінде орындату. Оларға есептің басы жазылған қойындәптер беттерін көрсету. Есептің жалғасы жазылған беттің бөлігі жыртылып қалған. Әр топтан бір оқушыны шақырып, осы беттер бойынша олардың арасында ойын ұйымдастыру. Оқушылар тапсырмасы бар бір бетті суырып алады. Енді олардан беттегі тапсырманы оқып, оның жалғасы мен сұрағы қандай болуы мүмкін екенін сұрау. Бұл туралы олар өз тобындағы басқа оқушылармен ақылдасып, берілген тапсырманы орындай алады. Енді оқушылар есепке сәйкес сызба салып, есепті шығаруын қадағалау.
Ағашта 8 торғай және 12 шымшық отыр еді. Бір кезде ағашқа жүрісін білдірмей мысық келді. Оны көрген ... ұшып кетті.
Автобуста 17 бала мен 14 ересек адам келе жатыр.
Аялдамада ... түсіп қалды.
Жауабы:
1. Ағашта 8 торғай мен 12 шымшық отыр. Ағашқа
тығылып келген мысықтан қорқып, ағаштан 7 құс
ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды?
2. Автобуста 17 бала мен 14 ересек адам келеді.
Аялдамадан 10 адам түсіп қалды. Неше адам
автобуста қалды?
3. Алинаның 50 теңгелік екі монетасы бар. Ол
25 теңгесін жұмсады. Алинаның қанша ақшасы
қалды?
|