Тәжірибелерді орындау.
1-3 тәжірибелерде берілген заттарды таразыда өлшеп алып, стақанға салады. Есептелінген судың мөлшерін өлшеуіш цилиндрмен өлшейді. Тұзды судың біраз мөлшерімен ерітіп алып, толық еріген соң, судың қалған мөлшерін қосады. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырады, мұнан соң ареометрмен ерітінді тығыздығын анықтайды.
4-тапсырмада, қажетті есептеулерден соң, бастапқы ерітінді мөлшерін пипеткамен өлшеп алып, өлшеуіш колбаға (көлемдері 100 не 200мл) шұңғыма арқылы енгізеді. Өлшеуіш колбаның көлемінің жартысына дейін дистилденген су құю қажет. Өлшеуіш колбадағы сұйықтықты араластырып, берілген белгіге дейін жеткізу (тамшылатып, су қосу арқылы) қажет. Колбаны тығынмен жауып, колба түбін жоғары қарай бірнеше рет айналдырып, ерітіндіні араластырады. Ерітінді тығыздығы ареометрмен өлшенеді.
6. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін бағалауға арналған бақылау түрлері: есеп шығару және тест-бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |