(Елтаңба,Ту,Әнұран слайдтан көрсетіледі)
4-оқушы:Қазақстан Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген.шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Оны аңыз-әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан.Ал төменгі жағында
«Қазақстан»деген жазу бар.Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті:алтын және көгілдір түс.
5-оқушы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-тік төртбұрышты көгілдір мата.Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген.Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген.матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені бір метр,ұзындығы екі метр.
6-оқушы:1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда егемендік құқықты негізге ала отырып ата заңымызды қабылдадық.
7-оқушы: «Бірлік бар жерде тірлік бар»дейді дана халқымыз.ел бірлігі мен иішкі саяси тұрақтылықты нығайтқаннан кейін біз алыс-жақын көршілерімізбен өзара сыйластық пен татулыққа негізделген қарым-қатынас орнатып,мемлекеттік шекара мәселесін біржолата және түпкілікті шештік.Бұл біздің әлем алдындағы беделімізді бұрынғыданда биіктете түсті.
8-оқушы:Астана- қазақтың үшінші мыңжылдығында ,ХХІ ғасырға шашырымай,шалдықпай жеткен ұлт екендігіміздің айғағы.
9-оқушы: Астанам-бағы биік асқарымсың,
Астанам-мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам-пейіш қала,ел арманы,
Астанам қайда жүрсем мақтанышым.
10-оқушы: Алтыншы шілде-Астана күні,
Жадыңнан,шырақ,тастама мұны.
Жаңа шаңырақ көтеріп биік,
Жаңа дәуірге Бастама күні.
Ән
11-оқушы: Күндерін кешкен әлемнің жарық,
Құшады келіп елімді бақыт.
Құстай боп ұшып жеттім ғой саған
Туған жерімнің сәлемін алып.
12-оқушы: Астана-бар қазақтың айбарысың,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
13-оқушы: Еңку де еңку жер шалып,Есілге қонған Елордам,
Ертеңгі келер ұрпаққа шұғылаңды шаш сен алдан.
Сарыарқаның төсінде самала шаhар сәйгүлік,
Қанатын алып Күнменен барады ару Айға ұрып...
Ән
14-оқушы: Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті.Оның болмысына бүкіл қазақ елінің рухы сыйып тұр.Мұны қаланың әрбір көшесінен ,әрбір бұрышынан көруге болады.Көкке шаншылған «Бәйтерек»,Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш-бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.
15-оқушы:Астанам-шапағаттың шуағындай,
Астанам-махаббаттың тұрағындай.
Астанам-періштелер мекенісің,
Астанам-Қазақстан тұмарындай.
Достарыңызбен бөлісу: |