Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата21.11.2018
өлшемі45 Kb.
#22747
түріСабақ



Сабақ жоспары
Пәні: Информатика

Сыныбы: 7 «Б» , 7 «В», 7 «Ғ»

Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылы: Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Практикум элементі бар, көрсете түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалап өту.

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

Жалпы ережелерді;


Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

  • Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

  • Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

  • Көз жаттығуларын білу міндетті.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР



1-жаттығу

-көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

-көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар, 4-5 рет қайталаңдар.



2-жаттығу

-Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер

-Алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу

-Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер

-Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

-Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер

-Алысқа қадалып қараңдар.

5-жаттығу

-Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер

-Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

-Көздеріңді 20-30секунд бойы жиі-жиі жыпылықтытыңдыр.


Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;
    Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек.

  • Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет.

  • Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:

  • Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

  • Жұмыс орнын ретке келтiру.


III. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма. Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау