Сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7 «Б» , 7 «В», 7 «Ғ»
Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылы: Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементі бар, көрсете түсіндіру сабағы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалап өту.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
-
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
-
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
-
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
-
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
-
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
-
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
-
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
-
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
-
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
-
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
-
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
-
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;
-
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
-
Көз жаттығуларын білу міндетті.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
-көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
-көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар, 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер
-Алысқа қадалып қараңдар.
3-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер
-Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер
-Алысқа қадалып қараңдар.
5-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер
-Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу
-Көздеріңді 20-30секунд бойы жиі-жиі жыпылықтытыңдыр.
Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
-
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
-
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
-
Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек.
-
Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;
-
Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет.
-
Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
III. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма. Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |