Сабақ тақырыбы: Жасанды жарық көздері дегеніміз не?



жүктеу 238,56 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі238,56 Kb.
#14196
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп: №142

Күні : 11.04.2017ж




Мұғалімнің есімі: Кариева Ғазиза

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;




  • Оқушылардың басым бөлігі:жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу

  • Кейбір оқушылар:және жасанды жарық көздерін анықтау.

Ресурстар:



  1. тірек сөз жазылған үлестірмелі материалдар жиынтығы;



  2. аппликациямен жұмыс жасау кезінде пайдаланатын жиынтық;



  3. алғашқы жарық көздерінің суреттері. Интернет-ресурстар. http://svet58.ru/ru/articles/34).



Күтілетін нәтижелер:

  1. күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;



  2. кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;



  3. cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.



Сабақтың мақсаты:

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, парафин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау, майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Кіріспе тапсырма. Жарық көздерін зерттеу үшін топтарға бөліп, саяхатқа аттануды ұсынуға болады. Саяхат барысында топ оқушылары тапсырмаларды орындай отырып ұпай жинай алады. Көбірек ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Кенеттен жел соғып, дауыл тұрды, теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті”.

Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудың қай жақта екенін анықтап, оқулықтағы тапсырмаларға назар аударып, дұрыс шешімді табуы керек.



Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын
Қала көшесі. Тапсырмада оқушыларға фотосуреттердегі жарық көздерін қарастыру және салыстыру ұсынылады. Бірінші суретте күндізгі уақыт бейнеленген, ал екінші суретте табиғи жарық көзі — жұлдыздар. Бірақ олардың жарығы әлсіз. Алайда қала көшелері жақсы жарықтандырылған. Оқушылар көшеге жарық беріп тұрған жарық көздерін атай алады.
Мұғалім қорытындылай келе, екінші суретте адам қолымен жасалған жарық көздері көрсетілгенін айтуы тиіс. Осындай жарық көздері жасанды жарық деп аталатынын түсіндіреді.
Дұрыс орындалған тапсырма топқа ұпай әкеледі.




Жауабы

Жасанды жарық көздері: бағдаршам, үйдегі шамдар, шырақ, витрина, қалта шамы.



Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын



Сен білесің бе? Оқушылардан құтыда өмір сүретін жын туралы араб ертегісін еске түсіруді сұраймын. Саяхатты жалғастырарда оқушылар алғашқы жасанды жарық көздерінің пайда болуы туралы тарихи тұрғыда дәлелді суреттерді қолданады.

Жасанды жарық көздері. Оқулықтағы суретке қарауды ұсынамын. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген жарық көздерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Топ ішінде тізім құруды ұсынамын. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.
Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтамын, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраймын. Біреуінің ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істесе, жұмыс туралы егжей-тегжейлі біліп, сыныпқа айтуды ұсынамын.

Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын
Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Оқушыларға тапсырманың сұрақтарына жауап беруді ұсынамын. Талқылау барысында оқушылар кейбір жарық көздерін қолдану арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсінеді. Оқушыларды саяхат жасауға шақырамын.
Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет”.
Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін сұраймын. Шамшырақ пен белгі беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?
Жауабы
Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.

Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарықтандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

“Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсынамын

(орындарынан тұрып орындайды).

“Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

Сұраймын: “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетуді ұсынамын. Алаудың қандай жарық көзіне жататынын сұраймын.

Жауабы


Алау — жасанды жарық көзі. Алау отының жалыны жасанды жарық көзіне жатады.

Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Жарық көзі” ойынын өткіземін. Әр топта жарық көздері бейнеленген бірдей үлестірмелі парақшалар болуы керек. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, суреттерін жасанды және табиғи жарық көздері деп, екі топқа топтастырады. Қай топ тапсырманы қатесіз әрі жылдам орындаса, сол топ жеңіске жетеді.





  • жасанды жарық көздері туралы білетін боласың;




  • жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата аласың.



Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.

“Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.
Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

Бағалау: Смайлигтер арқылы бағалаймын


Бағалау


Оқушылар адамның қандай жасанды жарық көздерін қолданатынын білетін болады.

Үйіміздегі жарық көзі

Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады.

Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңыздылығын түсінеді.

Аппликация

Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликациядан шамшырақ жасап көрсетеді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалаймын. Егер оқушы табиғи және жасанды жарық көздерін айыра алатын болса, демек ол тақырыпты жақсы түсін гені. Ал айыра алмаса, зерттелген затты қайта көрсетіп түсіндіру қажет.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




жүктеу 238,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау