Сыныбы_________ Күні_________
Сабақ тақырыбы: 7-тарау Атомның құрылысы. §47-51 аралығында есептер шығару
Сабақ мақсаты:
1.Оқушыларға тарау бойынша білімін саралау, жетілдіру.
2.hν=Ашығу+Ек, Е=hν формулаларын пайдаланып есептер шығару. 3.Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау, жинақтау
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік өзіндік жұмыс, білімді бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: деңгейлік жұмыс, тест тапсырмасы, білімді бағалау парағы.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тест тапсырмасы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Саламатсыздарма оқушылар
-Кім жоқ сабақта?
-Оқушылар бізде білімді бағалау парағы жүргізіледі. Өткен сабақты қайталап, А және Б тобының есептерін шығарамыз. Сосын тест тапсырмасын орындаймыз. Келесі сабақ бақылау жұмысын жазамыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Абсолют қара дене дегеніміз не?
2. Стефан-Больцман заңы?
3. Жылулық сәулелену дегеніміз не?
4. Фотон энергиясының формуласы?
5. Планк тұрақтысының сан мәні?
6. Эйнштейн формуласы?
7. Фотоэффектінің қызыл шекарасы дегеніміз не?
8. Фотоэлемент қандай құрал?
9. Электронның шығу жұмысы деп нені айтамыз?
III Есептер шығару.
А тобы
1. Фотоэффектінің ұзын толқынды (қызыл) шекарасы калий үшін 0,6 мкм-ге тең. Электронның шығу жұмысын джоульмен анықтаңдар.
2.Егер электронның шығу жұмысы 2 эВ-қа тең болса, калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы қандай болады?
Б тобы
1.Металды толқын ұзындығы λ жарықпен сәулелендірген кездегі фотоэлектронның υ жылдамдығын және кинетикалық Е энергиясын табыңдар.
Металл
|
Литий
|
Платина
|
λ*10-9, м
|
100
|
54
|
2. Егер жапқыш кернеу 1,5 В-қа тең болса, онда К катодтан жұлып шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясын табыңдар.
IV Үйге тапсырма 7-тарау Атомның құрылысы. §47-51 оқу
V. Бекіту Тест тапсырмасы
I нұсқа
1. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын не деп атайды?
А) Абсолют қара дене
В) Дененің сәуле шығару қаблеті
С) Жылулық сәулелену
Д) Фотоэффект құбылысы
Е) Фотоэффекттің қызыл шекарасы
2. Планк тұрақтысының өлшем бірлігі.
А) В) С) Д) Е)
3. Сәулелердің толқын ұзындығы 500 нм болса, фотон энергиясы
Достарыңызбен бөлісу: |