Ауызша сабақ
Синергетика әдістемесі
Ғылымтану әдістемесі де бір орында тұрып қалмайды. ХХ ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағы- насын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика – ашық және өз-өзіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеруі, дамуы заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.
Расында да, бұл әлемде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында болса да, қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмай- тыны да айдай анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл дүниені біртұтас «Үлкен жүйе» ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуум- нан көреді.
Енді «өзіндік ұйымдасу» ұғымына келер болсақ, бұл идея филосо- фия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «термодинамиканың екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген бола- тын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылыстану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы дүние бара- бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, био- логия ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді.
Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволю- циялық үдерістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үдерістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.
Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте- бірте күрделене және тәртіптеле түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әртараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, іс жүзінде ары қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын – «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық».
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің ары қарайғы даму жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Сөйтіп, даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.
Сонымен, синергетика философиялық-әдістемелік дәрежеге көтеріл- ген соңғы жылдардағы теория десек, қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық санаттар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |