Іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылатын мемлекеттік стандарттар.
ҚРСТ 1042-2001 Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Стандарт Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет пен ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталық тарапынан әзірленіп, қолданысқа ендірілген. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 22 қазандағы № 376 бұйрығымен бекітіліп, іске қосылған
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартындағы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдық-өкімдік құжаттаманың жіктеу жұйесінде ескерілген ұйымдық-өкімдік құжаттарға таралады: әкімшілік және ұйымдық мәселелердің, сонымен қатар ұйымдардың қызметін басқару, әрекеттестік, қамтамасыздандыру және реттеу мәселелерінің ешеімін бекітетін қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, шешімдер, хаттамалар, актілер, хаттар және басқалар (ілгеріде-құжаттар).
Стандарт:
Құжаттар деректемелерінің құрамын;
Құжаттардың деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптарды;
Бланкілерге және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілерді дайындау, есепке алу, пайдалану және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандарттың ережелері:
Қазақстан Республикасы мемлекеттңк органдары мен ұйымдарында;
Қазақстан Республикасы барлық меншік нысанды және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды, кәсіпорындары мен ұйымдарында соның ішінде шетелдік қатысы бар заңды тұлғаларында қолдануға жатады.
Нормативтік сілтемелер.
Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған ҚР СТ 989-96 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық талаптар.
«Құжаттау жүйесінің сипаттамасы»
Техникалық орындаушылардын бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және беруілін қамтамыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды.
Құжат басқарма іс әрекеттерінің барлық түрдегі нысандарымен тығыз байланыста, себебі ол басқарма жұмысын ақпараттармен қамтамасыздандырады. Бір ғана актінің құжаттарды ол – бөлек бір құжат. Ал ұйым, кәсіпорын, мекемелердің қызметтік іс әрекеттері құжаттардың жиынтықтарында бейнеленеді, яғни олар қандай жағдайда өзара байланысты және бірге қызмет етуші құжаттау жүйесін құрайды.Мемлекеттік стандарт «Бір ізге түсірілген құжаттама жүйесі. Негізгі ережелер». Бұл стандарт белгілі бір қызметтік іс ерекеттер саласында қолданылатын, өзара байланысты құжаттар жиынтығының құжатталу жүйесін анықтайды. Құжаттау жүйенің мақсаты:
құжаттау мен құжаттамаларды басқару процессін жетілдеру, басқару еңбегінің сапасын арттыру және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында құжаттармен жұмыс істеу бірыңғай көзқарасты қалыптастыру.
Барлық хат – хабар жарғының және іс қағаздарын жүргізу туралы
нұсқаулықтың талаптарын ескере отыра өздері әзірлеген субъектінің
фирмалық бланкілерінде ресімделеді.
А0
А1
А2
А3
А4
А5
А6
А7
А8
А9
А10
841×1189
594 × 841
420 × 594
297 × 420
210 × 297
148 × 210
105 × 148
74 × 105
52 × 74
37 × 52
26 × 37
Достарыңызбен бөлісу: |