Сабақ тақырыбы : С. Сарғасқаев. Шыбық
Сабақ мақсаты :
Білімділік: Кейіпкерлерді салыстыра отырып, әңгіме мазмұнымен таныстырып, түйінді ойды ашқызу;
Дамытушылық: өз ойын жүйелі айтып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, аялай білуге баулу.
Сабақ түрі : жаңа сабақ .
Сабақ көрнекілігі : СТО педтехнологиясының сызбалары , оқулық , ағаштар суреттері, тақырыпқа сай үлестірмелер ,компьютер .
Қолданылған әдіс- тәсілдер : түсіндіру , талдау , сұрақ - жауап , жеке, жұптық , топтық жұмыс .
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру .
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ - үйрену, ұғым, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық
1.Оқушыларды 4 топқа бөліп , отырғызу . Қуаныш, Тамаша, Шаттық, Шапағат – топ атаулары .
2 . Психологиялық дайындық . « Көңіл күй » жаттығуы . Қолымыздан ұстап , бір - бірімізге жылуымызды шашып, жақсы тілек айтайық.
3. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаш» өлеңінің мазмұнын сұрау.
4 . « Қызығушылықты ояту » стратегиясы . Топтық жұмыс : Топтастыру құрастыр.
топ: ағаштардың түрлері
топ: ағаштардың пайдасы
топ: ағаштар туралы мақал – мәлетдер
топ: ағаштың құрылысы және қызметі.
Жаңа сабаққа әзірлік .
Ребус шешу арқылы тақырыпты жариялау. Автормен таныстыру.
Сансызбай Сарғасқаев (1925-1995) Жамбыл облысында туған.
«Қазақстан пионері»(«Ұлан»), « Жұлдыз» журналдарында қызмет еткен. Алғашқы әңгімесі «Сын» 1950 жылы «Пионер» («Ақ желкен») журналдарында басылса, алғашқы әңгімелер жинағы 1952 жылы «Достар» деген атпен шықты. « Бір көшенің бойында», « Сынған тіс», « Шындық», « Көңілді балалар», « Қағаз бен қалам» т.б. кітаптары бар.
III. Жаңа сабақ . Мақсаты :жеке, жұппен , топпен жұмыс істеу арқылы мәтінді өз бетімен ұғыну, бірін – бірі оқыту.
Оқулықпен жұмыс . Жеке жұмыс – әңгіме 4 топқа бөлініп беріледі .Әңгімені мәнерлеп , түсініп оқу, тізбектеп оқу.
«Жигсо әдісі» , бір – біріне түсіндіреді, мәнерлеп оқиды, сұраққа жауап алады .
IV. Сабақты меңгергенін тексеру . Мақсаты : Өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін шыңдау . Алған білімін қолдана алуға баулу .
Топтық жұмыс – «Сұрақ – жауапқа құрылған хат» , мәтінді меңгергенін бекіту мақсатында әр топқа сұрақ беріледі.
1 – топ: 1. Бұл қашан болған оқиға?
2.Темірдіңүйінде адам болды ма? Жоқ болғанын суреттейтін сөйлемді тауып айт
3.Көктоғайға Бақыт не үшін бармақшы?
4. Орманда кенет ауа райы қалай өзгерді?
2-топ: 1. Бақыт қайда, нешіншісыныпта оқиды?
2.Бақыт Темірдің үйіне барғанда Темір қайда болды?
3.Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?
4. Бақыттың орманға барып, жұмысқа кіріскенін сипаттайтын жерін тауып оқы.
3-топ: 1. Бұл аптаның қай күні?
2. Бақытты көргенде Темірдің айтқан сөзін айт.
3.Темір Бақытпен бірге орманға барды ма? Не деп айтты?
4. Темірдің әкесі Бақыттың үйін нұсқап Темірге не деді?
4-топ: 1. Бақыт шыбықты не істемекші?
2. Бақыт буманы тастап кетті ме? Не үшін деп ойлайсың?
3. Бақыт шыбықты қалай күтті?
4. Темір әкесінің сөзінен кейін өзін қалай сезінді?
(Рефлексия. Бармақпен бағалау жасату)
V. Қорытынды . Рефлексия . Мақсаты : Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін бейнелі түрде жеткізуі .Шығармашылығын дамыту.
Топ. Көктем көрінісі
Топ . Бақыттың шыбықты отырғызуы
Топ . Бақыттың орманға келуі
Топ . Бақыт пен Темірдің үйінің ауласы
Кері байланыс : Мен не үйрендім? Не қызық болды? Не ұнамады? ( Тілек ағашына ілу)
VI. Үйге тапсырма беру. «Шыбық» мәтінін мазмұндау
VII. Бағалау . Мақсаты : Ерекше көзге түсіп , белсенділік танытқан оқушыларды жекелей атап өту , бағалау .
« № 14 ора мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: С. Сарғасқаев «Шыбық»
(Бастауыш сыныптар апталығында өткізілген ашық сабақ)
Өткізген: Маметкалиева А.К
Сыныбы: 4 «А»
2015 – 2016 оқу жылы, Риддер қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |