№ 51 сабақ. Күні 12.ІҮ. 2013 ж. 9 «А» « Б» сынып Мұғалім Смаилова Шолпан
Сабақтың тақырыбы: §52 Орта факторлары және тірі ағзалар.
Сабақтың мақсаты: Орта факторлар мен тірі ағазалар арасындағы
байланысты білу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: орта факторларын анықтау және оларды
ажырата білу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыру, тіл байлықтарын арттыру, оқу-
дағдысын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Топтық жұмыс жасау арқылы
ұжымдылыққа, бір-бірін сыйлауға және
ұйымшылдықпен нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
- алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан
талдайды;
- негізгі ұғым мен заңдылықтарды меңгереді;
- дәлелді де дәйекті шешімдер қабылдай алады;
Топтық жұмыс нәтижелері:
Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
Ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды;
Әрбір оқушы білімін толықтырады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтыі әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары:
Ой шақыру;
Негізгі идеяларды суреттеу;
Ой бөлісу, ортаға салу.
Көрнекілігі: Слайд арқылы суреттер, карталар, үлестірмелі материалдар,
бағалау парағы.
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
1 қадам
|
Топқа бөлу:
Тірі ағазаларды тіршілік ету мекендері арқылы топқа бөлу.
Бағалау парағын таратады.
3. Суретті талдауды тапсырып, спикердің қорғауын қадағалайды. Осы тапсырмалар арқылы үй тапсырмалары сұралады.
|
1.Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
2. Әр топ жетекшісі бағалау парағын толтырып отырады.
3. Суретті талдайды.
4. Спикер қорғайды
|
қадам. Қызығушылығын ояту
|
1.Оқушыларға орта факторлары ұсынылады, олардың ерекшеліктері мен қасиеттері айтылады.. Уақыт беріледі де, аяқталған соң әр топтан спикер шығып жауап беруін қадағалайды. Бұрынғы мен жаңа білімді ұштастырады. Белсенділігін арттырады.
|
1.Орта факторлар сипатына қарай топтастырады.
.
|
қадам. Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс
1. §52 парграфты оқып
2. 1 топ – жарық
топ – температура
топ – ылғалдық
3.Постерге түсіруін қадағалайды.
|
1. Оқулықпен жұмыс
2. 1 топ – жарық
топ – температура
топ – ылғалдық
3.Постерге түсіріп, спикер қорғайды.
|
4 қадам. Ой толғаныс.
|
№4 зертханалық жұмыс. «Ағазалардың экологиялық факторларға бейімделгіштігің анықтау». Суреттер мен кеппешөптер, микропрепараттар ұсынып ағалардың ортаға бейімделуін анықтап беру.
Берілген кестелерді толтырып бейімделгіштін себептері туралы қорытынды жасау.
|
Берілген препараттар, кеппешөптер
мен суреттерді талдап, тірі ағалардың тіршілік ортасына бейімделуін анықтау, мысалдар келтіріп және кестеге түсіру керек.
Берілген тапсырмаларды орындайды, спикер қорғайды.
|
5 қадам. Қорытынды.
|
Бағалау. Топ жетекшілерінің бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. Рефлексия парағын таратады.
|
Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағасын жариялайды.
Оқушылар рефлексия жазады.
|
Үйге тапсырма.
|
Оқулық мәтіні оқу.
Сұрақтарға жауап беру
|
Достарыңызбен бөлісу: |