ЖЖ. «Сөздік жұмысы» графикалық органайзері
Тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерден жаңа сөздер мен тірек сөздерді тауып, мағынасын анықта. Графикалық органайзерге
орналастыр.
Сөйлем
|
Сөз
|
Сөз тіркесі
|
Мағынасы
|
Теңізден алыс орналасқан океанариум– «Думан» орталығы бар
|
алыс
|
алыс орналасқан
|
қашық
|
Астана шаһары «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарынан тұрады
|
шаһар
|
|
|
Астанада саяси және әкімшілік іс- шаралар, түрлі жарыстар жиі ұйымдастырылады
|
әкімшілік
|
|
|
ТЖ. «Блум түймедағы» әдісі
Мақсаты: мәтіннің негізгі ойын ашу
Тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің негізгі ойын аш, өз көзқарасыңды айт.
Қарапайым сұрақ: - Астанада қандай ғимараттар бар?
Дәлелді сұрақ: - «Бәйтерек» кешені туралы не білесің?
Интерпретациялық сұрақ: -Неліктен бұл ғимараттардың барлығы Астана қаласында салынған?
Тәжірибелік сұрақ: - Сен қай ғимаратта болдың?
Бағалау сұрағы: - Астана несімен ерекшеленеді?
Шығармашылық сұрақ: – Астанада тағы қандай ғимараттар болса деп ойлайсың?
Сұрақтар барлық оқушыға бірдей қойылады, жауаптар әртүрлі болады.
Дескриптор:
мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін табады
сөздердің мағынасын көрсетеді
«семантикалық картаны» толтырады
мәтінде көтерілген негізгі ойды анықтайды.
тақырып бойынша меңгерген сөздерді еркін қолданады.
өз ойын берілген сұрақтар арқылы білдіреді.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы шағын топтар бір-бірін өзара бағалайды. Екі жұлдыз – тапсырмаларын толық және дұрыс орындаған топтарға беріледі, ал бір тілек – жауаптарын жақсартуды қажет ететін топқа ұсынылады.
Мәтіңнің соңы тапсырмасы
Ж. «Кинометафора» әдісі
Мақсаты: оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Сюжетті сурет немесе бейнежазба көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
Тапсырма. Бейнежазбаны көріңдер, тыңдаңдар, иеленген стикер түсі бойынша тапсырмаларды орындаңдар (Оқушы қабілетіне қарай тапсырмалар ұсынылады).
Дескриптор:
өлең мазмұнын анықтайды
өлеңдегі 3 сөз тіркесін жазады
өлеңнің мазмұнын өз ойларымен, еркін жеткізеді
ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы қаншалықты орындағанына кері байланыс жасайды. Орындалуы:
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
|
«Астана» туралы слайдтар
https://www.youtube.com/watch?v=MZO-X8eZkNM
Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11- жылдық жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған1-бөлім / Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С. Рахметова, А.Н.Юсуп, – Алматы: Көкжиек – Горизонт, 2018-142 б. ( 99-100 бб.)
Аудио жазба
Графикалық органайзер «Сөздік жұмысы»
Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Оқу құралы. А.Қ. Әлімов/ «НЗМ» ДББҰ ПШО, Астана 2014 78-84 б.
Астана вальсі
https://www.youtube.com/watch?v=UQf_t3KuaAc
|
Сабақтың соңы
7 минут
|
Кері байланыс – «Бес саусақ» әдісі
Мақсаты: оқушылар игерген білімге, жеке, жұптық және топтық жұмыстардағы әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Орындалу тәртібі: алақан суреті салынған қағазға сабақ туралы жазылған сұрақтарға жауап жазады, сабақ барысында орындаған әрекеттеріне кері байланыс жасайды:
«Бас бармақ» – басты мәселе. Бүгін сабақ не туралы болды?
«Балалы үйрек» – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым.
«Ортан терек» – ойлану. Мен бүгін не білдім? Не түсініксіз болды?
«Шылдыр шүмек» – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
«Кішкентай бөбек» – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Үй тапсырмасы:
«Менің туған жерім –менің мақтанышым » - тақырыбына презентация жасау (5 слайд)
|
«Бес саусақ» әдісі
Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Оқу құралы.
А.Қ.Әлімов/ «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2014, 78 б.
|