24. Паскаль тілінде тұрақтыны қалай анықтаймыз?
А) const n=5 Ә) const n:=5 Б) const n=5 of integer В) const n:=5;
25. Паскаль тілінде «а» айнымалысын енгізу операторы
А) read (a) Ә) write (a) Б) Input (a) В) Print a
26. Write операторы
А) параметрсіз цикл Ә ) Параметрлі цикл Б) Енгізу операторы В) Шығару операторы
27. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?
А) read - мәндер клавиатурадан енгізіледі
readln – тізімінде меншіктеу операторы жазылуы мүмкін;
Ә) read - мәндерді бір жолға енгізу readln - әр бір мән келесі жолға енгізу;
Б) read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі readln – массив мәндер енгізіледі
В) read - константа жазылады; readln – матрица мәндер жазылады
28. and, or, not қызметші сөздері не үшін қолданылады?
А) құрама шартта Ә) жай шартта
Б) таңдау операторында В) көмекші программада
29. Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады?
А) : Ә) ; Б) . В) ,
30. Паскальда квадраттау амалын көрсетіңіз?
А) ** Ә) ^ Б) sqr В) sqrt
31. Паскаль тіліндегі шартты алдын ала тексеру операторы .....
А) WHILE Ә) FOR Б) REPEAT В) DOWN TO
32. FOR I = 1 TO N DO …..
А) Параметрсіз цикл Ә) Парамтерлі цикл Б) Енгізу операторы В) Шығару операторы
Тест жауаптары
І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
1
|
Ә
|
19
|
А
|
1
|
Б
|
19
|
Ә
|
2
|
Ә
|
20
|
А
|
2
|
А
|
20
|
В
|
3
|
А
|
21
|
В
|
3
|
В
|
21
|
А
|
4
|
А
|
22
|
Ә
|
4
|
Б
|
22
|
А
|
5
|
Б
|
23
|
В
|
5
|
А
|
23
|
Б
|
6
|
Ә
|
24
|
Ә
|
6
|
Б
|
24
|
А
|
7
|
Б
|
25
|
Ә
|
7
|
Ә
|
25
|
А
|
8
|
А
|
26
|
Б
|
8
|
Ә
|
26
|
В
|
9
|
В
|
27
|
Б
|
9
|
Б
|
27
|
Ә
|
10
|
Ә
|
28
|
Ә
|
10
|
Ә
|
28
|
А
|
11
|
Ә
|
29
|
Ә
|
11
|
Ә
|
29
|
Ә
|
12
|
Ә
|
30
|
Ә
|
12
|
Б
|
30
|
Б
|
13
|
В
|
31
|
Б
|
13
|
А
|
31
|
А
|
14
|
А
|
32
|
Ә
|
14
|
В
|
32
|
Ә
|
15
|
А
|
|
|
15
|
А
|
|
|
16
|
Б
|
|
|
16
|
Ә
|
|
|
17
|
В
|
|
|
17
|
В
|
|
|
18
|
В
|
|
|
18
|
В
|
|
|
Үйге тапсырма: 1-3 тарауды қайталау .
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Паскаль программалау тілінен алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды, қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?
Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
Алгоритмдерді графиктік түрде кескіндеу, ерекшеліктері қандай?
Блок –схема дегеніміз не?
Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
Алгоритмдердің құрылымына қарай бөлінуін ата
Қарапайым алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
Түйінді сөздерге нелер жатады?
Транслятор дегеніміз не?
Меншіктеу командасының құрылымы қандай, ол қалай жазылады?
Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
Программа қандай оператормен басталады?
Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
Идентификатор дегеніміз не?
Мәліметтердің типі дегеніміз не?
Жиым дегеніміз не?
Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
Мәліметтердің қандай типтері бар?
Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
Көшу операторы не үшін қажет?
Меншіктеу операторының форматы.
Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
Енгізу операторының жалпы форматы қандай?
Шығару операторының жалпы форматы қандай?
Var операторының қызметі қандай?
Const операторының қызметі қандай?
Readln операторының қызметі қандай?
Writeln операторының қызметі қандай?
Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады? Олар неше топқа бөлінеді?
Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Үйге тапсырма: 1- 3 тарауды қайталау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.
Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
Var операторының қызметі қандай?
Const операторының қызметі қандай?
Readln операторының қызметі қандай?
Writeln операторының қызметі қандай?
Цикл дегеніміз не?
Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?
Программаның нәтижесін қалай көреміз?
Жаңа сабақты түсіндіру
Символдық шамалар дегеніміз сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз. Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты операторларының көмегімен жұмыс істей аламыз.
Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.
Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан:
Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді
ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді
upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.
Символдық мәліметтерді еңгізу
Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Бос орын таңбасы - ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.
Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.
Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER
( ) басылса да READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.
Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.
Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line) стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse ) болады.
Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу
Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>: string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ]
Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.
Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.
Салыстыру амалдары олар: =, < >,<, >, <=, > = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады.
Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады.
Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары :
CHR(I)-I санына сәйкес символы береді.
ORD(S)-S символының бүтін сан түріндегі кодын береді
COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан
бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.
UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас
әріптерге ауыстырады.
DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М-
таңбасын өшіреді.
INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап
N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.
Сабақты бекіту сұрақтары
Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?
Ascill кодтары дегеніміз не.ол қандай интервалда беріледі?
Символдық мәліметтерге қандай оперейиялар қолдануға болады?
Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
Үйге тапсырма Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.
Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы : Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символ
мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өндеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларды символдық шаиалариен орындалатын амал түрлерін пайдалана отырып,есептер шығаруға,прогрмма құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық өрістерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,жинақтылыққа, өзін-өзі компьютердің алдындаұстай білу, тәрбиелеу
Сабақтың түрі : практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Өткен сабақты қайталау
Компьютермен жұмыс
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен тапсырма бойынша тест сұрақтары
Нақты X айнымалысын сипаттау:
А) Var x : integer; В) Var x : real:
С) Var x : array (1..n)of real; Д) Var x : array (1..n)of integer Е) X of real
2. Символдық айнымалылар Паскаль тілінде...типіне жатады?
А) integer; В)real; С)string: Д)array(1..n)of string: Е)char:
3. Егер L-бүтін,S-тұрақты,P- нақты сандар болса,VAR түйінді сипаттаймыз?
А) Var : p : integer; L: real; const S=2;
B) const S=2: Var L: integer; p: real:
C) const S:=2; l ; integer; p: real;
Д) label s:=2: l: integer; p: real;
E) Var const s:=2 : l : integer; p: real:
4. LENGTH (S) функциясы...
А) S жолдық айнымалысының таңбасының санын есептеу
В) S жолдық айнымалысын кері оқу
С) S жолдық айнымалысын өшіру
Д) S жолдық айнымалының таңбаларын жеке-жеке жолдарға жазу
Е) S жолдық айнымалысын көшіру
5. UPCASE (Символ)функциясының қызметі
А) Латынның үлкен әріптерін кіші әріптерге ауыстырады
В) Латынның кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады
С) Символдарды санау
Д) Символдарды алфавит бойынша реттеу
Е) Қазақтың кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады
6. Бір жолға неше символ жазуға болады?
А) шексіз В) 255- тен аспауы керек С) 255- тен кем болмауы керек
Д ) 200-ден аспауы керек Е) 150 – ден аспауы керек
7.Символдық мән әрқашан ...белгісінің ішіне алынып жазылуы керек
А) < > тырнақша В) “ апостроф С ) ( ) тырнақша Д) : қос нүкте Е ) [ ] тік жақша
8. Жолдың бірнеше таңбасын өшіру үшін.....функциясын қолданамыз?
A) CONCAT B)LENGTH C) COPY Д ) UPCASE E ) DELETE
9. INSERT (S1,S2,N) процедурасының қызметі.........
A) S1 жолын S2 жолының N орнынан бастап енгізу
В) S2 жолын S1 жолының N орнынан бастап енгізу
С) S1 жолын S2 жолынан кейін N қайталап жазу
Д) S2 жолын S1 жолынан кейін N қайталап жазу
Тест жауаптары
-
1
|
в
|
2
|
с
|
3
|
в
|
4
|
А
|
5
|
в
|
6
|
в
|
2 7
|
в
|
8
|
е
|
9
|
А
|
|
|
Компьютермен жұмыс
Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.
Program austir:
Var s:string:
k:byte:
begin
readln(s):
for k:=l to length (s) do
s[K]: =Upcase (s[k]);
writeln(s):
end.
Үйге тапсырма: 4.2, 4,3 тақырыптарын оқу. 121 беттегі 1-2 жаттығу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Айнымалы типтер.Мәліметтердің шектеулі типтері. Бір
өлшемді жиым элементтерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға айнымалының саналатын және шектеулі типтері “жиым” ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық : Оқушыларды айнымалының саналатын және жиым ”ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат бере отырып,программа құру дағдыландыру,логикалық ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Теориялық сұрақ
Сабақтың кезеңі:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
үйге тапсырма
Өткен тапсырма бойынша қайталау сұрақтары
Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?
ASCII кодтары дегеніміз не,ол қандай интервалда беріледі?
Символдық айнымалылар Паскаль тілінде қандай типке жатады?
Символдық мәліметтерге қандай операциялар қолдануға жатады?
S жолдық айнымалысының таңбасының санын есептеу үшін қандай функциялар қолданады?
Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
Бір жолға неше символ жазуға болады?
Жолдың бірнеше таңбасын көшіру үшін қандай функция қолданады?
Жолдың бірнеше таңбасын көшіру үшін қандай функция қолданады?
INSERT(S1,S2, N) процедурасының қызметі.......
Жаңа сабақты түсіндіру
Айнымалы типтер
Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін әртүрлі амал қолдануға болады. Мәліметтердің типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе,екінші жағынан қате жіберуге мүмкіндік береді.Сонымен,мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады.Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелетін типтер жатады.
Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип-саналатын тип болып есептеледі.Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түрінде тізімін берумен анықталады.
Жазылу түрі:
TYPE <тип атауы>=(<1-мән,2мән,..., n- мән >);
VAR <идентификатор,.....> : <тип атауы>;
Мысалы:
TYPE Gaz=(Ge, C, O, N );
Metall=(Na,K,Li,Cu,Zn);
Mezgil=(қыс,көктем,жаз,күз);
VAR Al, A2: Mezgil;
G1,G2,G3:Gaz;
Met l, Met2:Metall;
Түс=(ақ,көк,қызыл,сары,жасыл,қоңыр,сұр,қара).
Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса,онда оны шектеулі типтегі айнымалы деп атайды.Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де,ол екеуі де бір стандартты типте (real типін қолдануға болмайды) болып,міндетті түрде алғашқы мән соңғы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.
Жазылу түрі :
TYPE <тип атауы>=(<алғашқы тұрақты...соңғы тұрақты>);
VAR <идентификатор,..> : <тип атауы>;
Мысалы:
TYPE kunder=1..31;
VAR RadDay,BolnDay:kunder;
Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Бір ғана жолдан тұратын кесте сызықтық деп аталады. Мысалы: A (2,3-5,0,1). Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.Бұларды көп жағдайда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдар (массивтер) деп те атайды.
Жиым дегеніміз- бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Осы жиымға кіретін айнымалыларды жиым элементтері дейді. Жиымның міндетті түрде аты , өлшемі , индекстері, соған сәйкес элементтері және оның түрлері болады. Жиым тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекстер арқылы көрсетіледі . Индекс жиымның иденфикаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады: (a [1], x[1,1],…)
Жиымның типін анықтау үшін ARRAY, OF қызметші сөздері қолданылады. Жиым элементтерінің сипатталуы былай көрсетіледі;
Аты Array[индекс өлшемі]of real;
немесе
TYPE Аты; =Array [индекс өлшемі] of integer
Мысал: 20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу програмасы . Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ , жиымның элементтері A[1], A[2], …,A[20] нақты сандар болады.
Program
Var A: array [l..20] of real;
I:integer;
S:real;
Begin
For i:=1 to 20 do
Read (A[i]);
S:=0;
For i:=l to 20 do
S:=S+A[i];
S:=S\20;
Write (S);
End.
Сабақты бекіту
Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?
Сызықтық және тіктөрбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?
Жиым деп нені айтамыз?
Жиымдар қалай сипатталады?
Индекс дегеніміз не?
Бірөлшемді жиым дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 5.1, 5.2, 5.3, 5.4 тақырыптарын оқу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы Айнымалы типтер. Мәліметтердің шектеулі типтері.
Бірөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды бірөлшемдіжиымдарға есептер шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың пргарамма құру барысында логкалық
ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2. Өткен материалдарды қайталау
3. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Компьютермен жұмыс
№1. 10 элементтен тұратын А массивтің элементтерін енгізу және шығару программасын құру керек.
Program esepl:
Uses crt:
Var l:integer:
A:array [l..10] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=l to 10 do
Begin
Writeln( ‘a[‘,I,’]-? ’);
Readln (a[i]);
End;
For i:=l to 10 do
Writeln(‘a[‘,I, ’]=’,a[i]);
End
№2. Берілген бір өлшемді A{2,-3,5,8,-2} массив элементтерінің қосындысын есептейтін прграмма жазу керек.
Program esep2:
Uses crt;
Var I,s:integer:
A: array [l…5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1to 5 do
Begin S:= 0;
Writeln(`a[`,I`]-?`);
Readln(a[i]);
End;
For i:=1 to 5do
Begin
S:=S+a[i];
Writeln(`S[`,I,`]=`,S);
End;
End.
№3 Берілген бір өлшемді А{2,-3,5,-8,2} ма ссив элементтерінің квадраттарының қосындысын есептеу программасын құру керек.
Program esep3;
Uses crt;
Var I,s:integer:
A: array [l…5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1to 5 do
Begin S:= 0;
Writeln(`a[`,I,` ]-?`);
Readln(a[i]);
End;
For i:=1 to 5do
Begin
S:=S+sqr(a[i]);
Writeln(`S[`,I,`]=`,S);
End; End.
№4.Берілген бір өлшемді А{2,-3,5,-8,2} массив берілген, оң элементтерін баспаға шығаратын программа құру керек
Program esep4;
Uses crt;
Var I:integer:
A: array [l…5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1to 5 do
Begin
Writeln(`a[`,I,` ]-?`);
Readln(a[i]);
End;
For i:=1 to 5do
Begin
If (a[i])>0 then Writeln(`a[`,I,`]=`,a[i]);
End; End.
№5.Бірөлшемді А{2,-3,5,-8,2} массив берілген, теріс элементтерін баспаға шығаратын программа құру керек.
Program esep5;
Uses crt;
Var I:integer;
A: array [l…5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1to 5 do
Begin
Writeln(`a[`,I,` ]-?`);
Readln(a[i]);
End;
For i:=1 to 5do
Begin
If (a[i])>0 then Writeln(`a[`,I,`]=`,a[i]);
End; End.
№6. Бірөлшемді А{2,-3,5,-8,2} массив элементтерінің ең үлкен баспаға шығаратын программа құру керек.
Program esep6;
Uses crt;
Var I, max :integer:
A: array [l…5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1to 5 do
Begin
Writeln(`a[`,I,` ]-?`);
Readln(a[i]);
End;
Max:= a [I];
For i:=2to 5do
Begin
If max<(A[i]) then max :=a[i]);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
Жиым дегеніміз не?
Қарапайым және күрделі типтерді қалай ажыратамыз?
Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Үйге тапсырма : 133 бет, 1-4 тапсырмалар.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көпөлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат беру.
Бірөлшемді және көпөлшемді жиым арасындағы айырмашылықты түсіндіру , программа
құру барысында көпөлшемді жиымдарды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Көп өлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат бере отырып,
оқушыларды программа құруға дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,жинақылыққа және жауакершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
1.Жиым дегеніміз не?
2.Қарапайым және күрделі типтерді қалай ажыратамыз?
3.Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
4.Индекс дегеніміз не, оларға қандай талап қойылады?
5.Жиым элементтерімен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
6.Жиымды қалай сипаттаймыз?
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскальда жиым өлшеміне шек қойылмаған,іс жүзінде бір және екі өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Жалпы бірөлшемді жиым математикада вектор, ал екіөлшемді жиым матрица ұғымдарымен сәйкес келеді.Егер жиым атауында бір ғана индекс болса,онда ол жиым да бірөлшемді,ал екі индекс болса,екіөлшемді n индексі болса, n өлшемді жиым дейді. Мысалы:
A[i]- бір,D,j]-екі,C[l,j,k]- көпөлшемді жиым болып табылады.
Информатикада жиі қолданылатын екіөлшемді жиымдар матрица деп те аталады.Екіөлшемді жиым жол және бағаннан тұрады.Жолды і индексімен,бағаннан j индексімен белгілесек,онда екіөлшемді жиым A[i,j] деп жазылады.
Мысалы 10 7 15
2 10 25
2 жол,3 бағаннан тұратын екіөлшемді жиым, A[2.3] деп белгіленеді.
Бұл мысалдағы екіөлшемнің программада жазылуы:
A[1..2,1..3] integer
Компьютермен жұмыс
№1. Екіөлшемді А (3,3) жиым элементтерін енгізу және шығару программасын құру керек.
program esep mas;
uses crt;
var i,j:integer;
A: array [l..3,1..3] of integer;
Begin clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
Writeln; end;
R
.eadln; end.
2. Екіөлшемді жиым элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін табу.
program esep 1;
uses crt;
var i,j,s,k:integer;
A: array [l..3,1..3] of integer;
Begin clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
writeln; end;
k:=1; s:=0;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
s:=s+a[i,j];
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
k;=k*a[i,j];
writeln(`s=`,s): writeln(`k=`,k);
readln; end.
Сабақты бекіту сұрақтары
Бірөлшемді және екіөлшемді жиым математика тілінде қалай аталады?
А[i,j] жиым элементтері қалай сипатталады?
Жиымды қалай сипаттаймыз?
Үйге тапсырма: 5,5 тақырыпты оқу , 139 бет , 1-2 жаттығу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға екі өлшемді массивтерге есептер шығара білуге, программа құруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың пргарамма құру барысында логкалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Компьютермен жұмыс
№1. Екі өлшемді жиым элементтерінің квадраттарын табатын программа құру керек.
program esep1;
uses crt;
var i,j:integer;
A:array[1..3,1..3] of integer;
begin
clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
writeln;
end;
writeln;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (sgr(a[i,j]):3):
writeln;
end;
readln;
end.
№2. Екіөлшемді жиым элементтерінің түбірлерін табатын программа құру керек.
program esep1;
uses crt;
var i,j:integer;
A:array[1..3,1..3] of integer;
begin
clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
writeln;
end;
writeln;
for i:=1to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (sgr(a[i,j]):3):
writeln;
end;
readln;
end.
№3. А (3,3) матрицасының оң элементтерінің қосындысын табу программасын құр.
Program matr;
Const n=3;
Var I,j,k:integer;
A:array[1..n,1..n] of integer;
Begin for i:=1to n do
for j:=1to n do
begin read (A[I,J]);
if A[I,J]>0 Then k:=k+A[I,J];
end;
writeln (k:3):
end.
№4. Берілген А (3,3) матрицасының оң және теріс элементтерінің санын санау программасын құру керек.
var i,j,o,i:integer;
a:array[1..3,1..3] of integer;
begin
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
for j:=1to 3 do
if a[i,j]>0 then 0:=0+1else t:=t+1;
writeln (`0=`,0, `t=`,t);
end.
№5. Берілген А (3,3) матрицасындағы оң элементтерді баспаға шығару программасын керек.
var i,j,o : integer;
a:array [1..3,1..3] of integer;
begin
for i :=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do
begin
writeln (`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln (a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
if a [i,j] >0 then writeln (`on san=`, a[i,j]);
end.
№6. 2-ден 5-ке дейінгі сандардың көбейту таблицасын баспаға шығаратын программа керек.
Var i,j: byte;
begin
for i:=2to 5do
begin
for j:=1to 10 do
writeln ( i,`x`j,`=`,i*j);
writeln
end;
end.
Үйге тапсырма.
№1. Берілген екіөлшемді жиым элементтерінің ең кішісін баспаға шығатын программасын құр.№2. 139 бет, 1-2 жаттығу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды бірөлшемді және екіөлшемді жиымдарға есептер шығаруға, программа құруға үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың пргарамма құру барысында логкалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
Жиым дегеніміз не?
Екі индексті жиым қалай аталады?
Бірөлшемді және екіөлшемді жиым математика тілінде қалай аталады?
A[ I,j ] жиым элементтері қалай сипатталады?
Жиымды қалай сипаттаймыз?
Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Бірөлшемді және көпөлшемді жиымдардың айырмашылықтары қандай?
Компьютермен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей
№1. Бірөлшемді A{1,2,3,4,5,6,7,8,9,10} жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табатын программа құру керек.
№2. Бірөлшемді A{2,-3,5,-8,2} жиым элементтерінің оң және теріс элементтерін қосындысын табатын программа құру керек.
№3. Бірөлшемді В жиымы берілген,оң элементтерін 0-ге,теріс 1-ге айналдыратын программа құру керек.
2 деңгей
№1. C[m,n] матрицасының әр жолының элементтерін қосындысын табатын прогармма құру керек.
№2. B[k,n] екіөлшемді жиым берілген.Осы жиымның бірінші жолын бірінші бағанмен орнын алмастыратын программа құру керек.
№3. R[m,m] екіөлшемді жиымның бас диогоналы және одан төмен жатқан элементтерінің қосындысын табатын программа құру керек.
3 деңгей
№1. C[m,n] екіөлшемді жиымындағы әр жолдың элементтерінің ең үлкенін табу программасын жаз.
№2. M[m,n] екіөлшемді жиымдағы жұп сандардың ең кішісінтабу программасын жаз
Үйге тапсырма: Бірөлшемді және екі өлшемді жиым элементтерімен жұмыс
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты
кітапханалық модуьдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көмекші прграммалар , стандартты кітапханалық модульдер
туралы толық түсінік беру , бейстандарт функциялар мен процедкралардың айырмашылықтарын
түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |