САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»
Оқу ісі-жөніндегі орынбасары
«___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағұмат. Программаның интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Microsoft Word мәтіндік процессор терезесі элементтерінің пайдалануын анықтауды, ашық терезелерге көшуді, құжатты қараудың масштабын өзгертуді, құжатты ашуды, сақтауды үйрету.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Модельді тек ... құруға болады.
А) нақты бар нысанға
В) ойластырып алған нысанға
С) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа
Д) табиғи құбылыстарға
2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
А) модельді құру, компьютерлік тәжірибе
В) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
С) есептің қойылуы, модельді құру
Д) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау.
3. Ақпараттық модель:
А) компьютердің көмегімен жүзеге асады
В) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді
С) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
Д) тек статикалық модель болуы мүмкін
4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:
А) компьютерлік және компьютерлік емес
В) статистикалық және динамикалық
С) тәжірибелік және имитациялық
Д) сөздік моделдеу
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мәтіндік процессор-кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде)арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі. Ең танымал мәтіндік процессор- Microsoft Word бағдарламасы.
Терезе элементтері:
1. тақырып жолы
2. жолақ
3. Қалып-күй жолы
4. горизонталь және вертикаль айналдыру жолдары
5. терезені басқару батырмалары
Мәтіндік процессор Microsoft Word 2007 қажет жағжайда екрекшеленген нысаннан тәуелді өзі жаңа бұйрықтарды қосады.
Мәзірлер:Бас (Главная), Кірістіру(Вставка), Бетті белгілеу(Разметка стараницы), Сілтемелер(Ссылки), Тарату(Рассылки), Рецензиялау(Рецензирование), түр(Вид).
Жолақтың алдында Office батырмасы орналасқан. Оның құрамында құжатты сақтау, ашу, жаңа құжатты құру және т.б.бұйрықтар бар.
Экранның төменгі жол қалып-күй жолынемесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барсында өзгертіңп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.
Бұл жолда:
Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі (суретте 78 беттің ішіндегі 4-бет, яғни құжатты 78 бет бар, қазіңр экранда 4-бет көрсетілген);
Құжаттағы беттер саны
Тіл көрсетілген
Қалып-күй жолының оң жақ бөлігінде қарау тәртібін ауыстыру батырмасы мен ыңғайлы қарау маштабын баптау жүгіртпесі орналасқан. Тінітуірмен жүгіртпені ұстап алып, оны оңға немесе солға жылжытуға болады.
Microsoft Word процессоры бір мезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, бірнеше құжат ашып, жұмыс істеу үрдісінде олардың біреуінен екіншісіне ауыса аласыңдар. Сонымен қатар барлық ашық құжаттардың аттарын Түр-Басқа терезеге ауысу бұйрығы бойынша қарап шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |