А рнайы құрылғылар. Фирма немесе белгілі бір ұйымда қолданылады. Бұл әдісте карточка, арнайы білезік, флеш-жинақтауышты қолдануға болады. Олар жүйеге жақындатылғанда тексеру жұмыстары жүргізіліп, сервер қолданушыны кіргізеді немесе кіруге рұқсат бермейді.
Б иометриялық тексеру. Мұнда көздің ішкі тор қабығы, дауысы, саусақтың ізі қолданылады. Бұл – қорғау жүйелерінің ішіндегі ең қуаттыларының бірі. Сонымен қатар ең сенімді, бірақ ең қымбат жүйе. Заманауи құралдар тек түрлі нүктелерді ғана емес, адамның түрі мен іс-қимылын да ажырата алады.
Құпия ақпаратты қолдану. Бұл көп жағдайда программалық жасақтаманы қорғау үшін қолданады. Мұнда дербес компьютер құралдарына орнатылған кэш-браузер, орналасу мекені және т.б.тексеріледі.
Аутентификация (түпнұсқалықты) тексергеннен кейін ғана рұқсат беруге болады, яғни авторизация орындалады.
Авторизация дегеніміз - қандай да бір ресурсқа кіруге рұқсат беру (мысалы: құпия сөз енгізгеннен кейін электрондық поштаға кіру, саусақтың ізін түсіргеннен кейін смартфонды бұғаттан шығару және т.б.)
Алдымен идентификация – атын анықтайды (логин немесе нөмір)
Кейін аутентификация – құпия сөз арқылы тексереді (кілт немесе саусақ ізі)
Содан кейін авторизация – ақпаратты қолдануға рұқсат береді.
Идентификация, аутентификация және тіркелу түсініктерін білу оларды қызметі бойынша дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Ал бұл барлық Интернет пен оның қолданушыларының қауіпсіздігін сақтауға өз ықпалын тигізеді.
Бекіту сұрақтары:
Идентификация қай кезде жүзегеасырылады?
Аутентификация дегеніміз не?
Аутентификацияны (түпнұсқалықты) анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
Құпия ақпаратты қолдану әдісі қай кезде жүзеге асырылады?
Тапсырма №1: Осы мысалдағы мәтіннің қай бөлігі идентификация, қай бөлігі аутентификация, ал қай бөлігі тіркелу екендігін талдаңдар.
МӘТІН:
Жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкер есік алдында отыратын күзетшіге өзінің осы мекемеде менеджер болып жұмыс істейтінін айтады.
Күзетші әдетте жай ғана айтылған сөзге сенбейді, сондықтан жаңа менеджерден шынымен осы мекемеде қызмет ететіндігін дәлелдейтін құжатты талап етеді. Сол кезде қызметкер өзінің сәйкес құжатын күзетшіге көрсетіп, осында қызмет ететінін дәлелдейді.
Мекеме есігі ашылып, күзетші қызметкерді ішке кіргізеді.
Үй жұмысы:
Тапсырма №2: Берілген тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын (дұрыс/ бұрыстығын) анықтаңыздар.
РЕФЛЕКЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |