Сабақ жоспары Пән атауы: Математика Тобы: Қт-ж-13к Күні



жүктеу 97,59 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі97,59 Kb.
#14400
түріСабақ

«Бекітілді» ..............................
Сабақ жоспары


Пән атауы:

Математика

Тобы:

ҚТ-Ж-13к

Күні:

19.03.2014

Пән оқытушысы:

Тілеуімбетова Индира

Сабақтың тақырыбы:

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:

А) проблеманы шешу жолдары



Оқыту:

- Туындының физикалық және геометриялық мағынасын біле отырып, оларды есептер шығаруда қолдану әдістерін пысықтау

- Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын қолдану тәсілдерін қарастыруға;

- есептерді шешуге мақсат қоюға, оның орындалу шарттарын нақтылауға, жұмыс жетістігін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді жолдармен шығару жолдары;


Б) ақпараттық

- туындының есептеу ережелеріне сүйеніп нақты шешім қабылдай отырып,оны есептер шығаруда қолдана алу;

- өз бетінше есептер шығару жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;

- есептің шешімін табу, талдау;


В)коммуникативтік

- есептерді шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу

- коммуникативті мәселелердің шешу жолдарын табу;

- топтық тапсырмаларды бірлесіп, қауымдастықта шығара білуге үйрету, шығармашылық жұмыстар арқылы бір-бірімен пікір алмасу, тәжірибесімен бөлісу;


Сабақ типі:

Лекция

Аралас сабақ



Сабақта қолданылатын технологиялар:

оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Оқыту құралдары:

Тақта, бор, деңгейлік тапсырмалар, карточкалар, тест тапсырмалары

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова «Алгебра және анализ бастамалары» 11-сынып, Алматы, 2010 (қоғ-гум.бағыт)

  2. А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова «Алгебра және анализ бастамалары» 11-сынып, Алматы, 2010 (жарат. бағыт)

  3. А.Н.Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып, 2002ж

  4. ҰБТ-ға дайындық 2014 жыл.

Сабақ барысы:

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтижелер

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесіп,аудиторияның тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау

Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу

В) Кезекшінің жұмысын тексеру

Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру


- Амандасу

- оқу-құраларын дайындау

- кезекшілік міндеттерін атқару;




- аудитория сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды,

- мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) Ойашар. Жеделдетпе сұрақтар




- Ауызша сұрақтар қою:

1. Қосылғыштардың саны екіден артық болса, онда қосындының туындысын қалай табуға болады?

2. Бөліндінің туындысын есептегенде қандай шарт орындалуы тиіс?

3. Бөліндінің туындысын екі функцияның көбейтіндісінің ретінде қарастыруға бола ма?

4. Туындының табу ережелері ....

- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау

- тақтамен жұмыс

№182, 184, 186 есептер




-үй тапсырмасының дұрыстығын тексеру, қатесін анықтау, жөндеу;

Өткен материалдар бекітіледі, оқушылар бағаланады.


ІІІ. Жаңа білім беру

Тақтамен жұмыс

- туындының физикалық мағынасы



- туындының геометриялық мағынасы
- мысалдар арқылы түсіндіру

Қозғалыстағы дененің жүрген жолы формуласымен берілген. Осы дененің мезетіндегі лездік жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.

- Жаңа формулаларды есте ұстау

- Жаңа тақырып бойынша оқытушыға сұрақ беру



Жаңа тақырыппен танысады.

IV. Жаңа білімді меңгерту

- Жаңа тақырыптағы формулалар бойынша оқушыға түсінгенін іс жүзінде қолдануды тапсыру, бақылау

- Оқушының тақтада және өз орнында оқулықтағы есепті шығаруына бағыт беру

- Есепті тексеріп отыру

а) Оқулықпен жұмыс

- №157, 158 есептер /1/



ә) Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейлі

159 есеп /1/

Дене x(t)=t2+4t-1 заңы бойынша түзусызықты қозғалады. Қозғалыс басталғаннан 1с өткеннен кейінгі дененің жылдамдығын табыңдар.
192 есеп /2/

Нүкте x(t)=5t3+3 заңы бойынша түзусызықты қозғалған дененің t=2с кезіндегі жылдамдығын табыңдар.


В деңгейлі

193 есеп /1/

Нүкте 4t2+-15t4 заңы бойынша түзусызықты қозғалады. Кез келген t уақыт мезетіндегі жылдамдықты есептеуге арналған формуланы жазып, t=2с мезеттегі жылдамдығын табыңдар.
194 есеп /1/

Дене x(t)=12-3t+2t2 заңы бойынша түзусызықты қозғалады. Қозғалыс басталғаннан 3с өткеннен кейінгі дененің жылдамдығын табыңдар.


С деңгейлі

200 есеп /1/

Дөңгелектің айналу бұрышы ф(t)=t+at2 заңына бағынады. 16с өткеннен кейінгі дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы 33 рад/с болды. Қанша уақыттан кейін дөңгелек бір айналым жасайды.
201 есеп /1/

Квадраттың қабырғасы v=0,1м/с жылдамдықпен үлкейеді. 4м2 болған кездегі оның ауданы қандай жылдамдықпен өзгереді?


202 есеп /1/

Абсцисса осімен қозғалатын дененің А(0;1) нүктесінен осы денеге дейінгі арақашықтығы s(t)=t+2 заңы бойынша өзгереді. t=1 уақыт мезетіндегі дененің қозғалыс жылдамдығын табыңдар.



-берілген есептерді шығару;

-дәптеріне түсіріп алу;

-ой-тұжырым жасау;


Функциялардың туындысын табуды меңгереді, машықтанады. Тақтамен, оқулықпен жұмыс жасаланады.


ІV. Жаңа білімді бекіту

- Тақырып бойынша бақылау сұрақтары арқылы оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау

1. Туындының физикалық мағынасы лездік жылдамдық па әлде орташа жылдамдық па?

2. Функцияның кез келген нүктесі арқылы өтетін жанама мен туынды ұғымының арасында қандай байланыс бар?

- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау



- Тапсырманы орындау

- Қателіктерін ұғыну



Тақырыпты толық меңгерілді.

V. Бағалау

Оқушыны бағалап, журналға баға қою

Сабақта алған бағасымен танысады.

Оқушы бағаланады, журналға баға қойылады.

VІ. Үй тапсырмасын беру

- практикалық бағытта:

№206, 207 есептер (1)

- шығармашылық бағытта:

«Туындының физикалық және геометриялық мағынасы» тақырыбы бойынша дидактикалық тапсырмалар жүйесін құрастыру;



үй тапсырмасын тыңғылықты тыңдау, өздеріне белгі соғу;

Студенттердің логикалық ойлауы, өзбетіндік, шығармашылық қабілеттері дамытылады.

жүктеу 97,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау