ІҮ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?
27.Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер шешуді үйрендік. 166 бет
Сабақтың мақсаты:1. Қайталау, пысықтау.2. Ұқыптылыққа баулу.3.Танымдылы қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: бекіту.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Қайталау.
№1 Теңдеулерді шешу.
а+2=5 5+а=9 а-4=4 8-а=6
№ 2.3 саны мына теңдеулердің шешімі болады?
2+а=7 8-а=5 7+а=10 а-1=1
№ 3 5 саны мына теңдеулердің қайсысының шешімі болмайды:
а+3=8 а-5=5 4+а=10 9-а=4
Өзбетімен орындату. №7, 8, 9 165 бет.
№4 20+а өрнегінің мәнін тап. а=10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80.
8-а өрнегінің мәнін тап. а=1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
№8 7,2,10,1 сандарынан бірнеше тура және тура емес теңдік құру
30, 40, 90, 20 сандарынан бірнеше тура және тура емес теңсізік құру.
№9 бос орынға тиісті сандарды қой.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?
Ү. Үйге тапсырма: № 4 164 бет
Дүниетану 1-сынып
Айналадағы дүние
1.Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар
Сабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру 2 Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.
ІІІ Жаңа сабақ: - Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады? -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады? - Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік? -Табиғат дегеніміз не?-Табиғат құбылыстары деген не? -Табиғат заттарына нелер жатады?-Табиғи нешеге бөлінеді?Оларды ата.-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу
2.ДүниетануСабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы.
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын қалыптасу.3. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады?- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
ІІІ Өткен сабақты пысықтау:а) -Табиғатты нелер құрайды?- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өлі табиғатты ата.-Суреттегі табиғат заттарын ата.-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.-Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады?ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы. Түн қараңғы салқын.»
ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.
Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?
ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады
VII . Үйге тапсырма,бағалау:
3. Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүниемен танысу
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат,пен адам өміріндегі байланыс туралы алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.2. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызынтүсіндіреотырыпонықорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып, сұрақтар қою арқылы пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Табиғат, табиғат құбылыстары,, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Сергіту сәті:
Ү. Оқушы білімін тексеру:а) Айналадағы дүниемен танысу.«Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды .Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.
ҮІ. Бекіту кезеңі: ә) табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.
ҮІІ. Қорытындылау: Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма .Бағалау
4. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан үйрене біл.
Сабақтың мақсаты: 1 Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру.2 Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту.Танымдылық қабілетін таныту 3 табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой.- Суреттегі табиғи денелерді ата.-Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле.-Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.
ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.ә) Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынына баланың көзін жеткізу.б) Табиғаттан үйренудің қажеттілігіне зерттеу жұмысының мәнінің зор екенін түсіндіру.Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.1 Суреттегі техникалардың қайсысы қандай жануарлардың іс-әрекетінен туындағанын әңгімелеу.2 Өзің табиғаттан не үйрендің?«Адамды адам еткен- еңбек» деген мақалдың мазмұнын қалай түсінесің3 Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан үйренеді екен. Сондықтан адам табиғатты аялап, қоғауы керек.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау.
5. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Адам дегеніміз мен және басқалар.
Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру.Адам туралы түсініктерін қалыптастыру.2 .Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту 3. Еңбек етуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру:1 Сыныпты сабаққа дайындау.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру: «Құстардың жазғы тіршілігі.» туралы пысықтау.-Балалар, құстардың жазғы тіршілігі туралы не айта аламыз?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету. Сергіту сәті.
Ү.Жаңа білімді бекіту:1 Адам туралы не білеміз?2. Ғарышкер3. Дихан еңбегі жайында әңгімелеу.4. Шопан5. Ұстаз
ҮІ .Оқушы білімін тексеру.-Өзің білетін маман иелері туралы әңгімеле .-Адамдар бір-бірімен еңбек арқылы байланысатынын дәлелде.
ҮІІ. Үйге тапсырма:«Адам дегеніміз мен және біз» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Адам жайында не білдік?
6. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Көз
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көз туралы түсінік беру.2 Танымдылық қабілетін дамыту. 3. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету.Салауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Адам дегеніміз мен және басқалар.» туралы пысықтау.-Адам туралы не білеміз?-Ғарышкер жайында не білесің?-Дихан, шопан еңбегі жайында әңгімеле
Жүргізуші не істейді?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету. Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту. -Сезім мүшелерін ата.-Көру арқылы нені ажыратамыз?
Есіңде болсын!
Көзіңді қолыңмен уқалама.
Үшкір заттан сақтан.
ҮІІ Сабақты қорытындылау «Көз» түсініп оқуға.
ҮІІІ Үйге тапсырма.Бағалау:Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
Көздің қызыметі туралы не білеміз?
7. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Құлақ
Сабақтың мақсаты: 1 Құлақ оның қызметі туралы түсік беру. 2 Логикалық ойын, сөздік қорын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін д 3.Құлақты үшкір затпен шұқуға болмайтынын түсінідіріп, оны күтуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: «Көз» туралы пысықтау.-Көз қандай қызмет атқарады-Адамның көңіл- күйін қалай байқауға болады?-Көзді қалай қорғаймыз?
ІІІ Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.Құлақтың қызметін, көсету арқылы түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету. Сергіту сәті.
Ү Жаңа білімді бекіту. -Сезім мүшелерін ата.-Құлақ арқылы нені ажыратамыз?-Құлақты күту ережесін әңгімелету.
Есіңде болсын! Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір қатты заттармен тазалауға болмайды.
ҮІІ Үйге тапсырма:«Құлақ» түсініп оқуға.
ҮІІІ Сабақты қорытындылау:Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
8. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мұрын.Тіл. Тері.
Сабақтың мақсаты: 1 Мұрын, тіл , терінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.2 Тіл, мұрын, терінің қызметі түсіне отырып, сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту.3.Тіл, мұрын, теріні күтуге.жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Құлақ» туралы пысықтау.-Адамның сезім мүшелерін ата.-Мұрын қандай қызмет атқарады? -Құлақты қалай қорғаймыз?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелету.Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту. -Сезім мүшелерін ата.
Мұрын
Тіл арқылы нені ажыратамыз?
Тері
-Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
-Ащы және тәтті заттарды ата.
Есіңде болсын!Мұрныңды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан.
Өзің білмейтін лас заттарды ауызға салуға болмайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма:«Құлақ» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?Мұрын,тіл терінің қызметі туралы не білеміз?
9. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Ауа райы.
Сабақтың мақсаты: 1 Температура ұғымын таныстыру, Оның шарты белгісін үйрету. 2 Ауа райы , оның шартты белгілері.3 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Термометр. Шартты белгілер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Адам өзіне қажетті заттарды, техника жасауды қайдан үйренеді?
Табиғат заттарына ұқсайтын, адам жасаған қандай заттарды білесің?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.ә) Термометр құрылысымен таныстыру.
Олардың темпаратурасы әр түрлі болfтынын айту.(дала,су,үй)б) Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру.Аспан ашықАспан ала бұлтты.Аспан тұтас бұлттыЖаңбырҚар аралас жаңбырҚарТұманСу бетіндегі қабыршық мұзҚалың мұз
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту:1 Ауа райының температурасын өлшейтін құрал не деп аталады?2 Термометр құрылысын әңгімеле.3 Ауа райының шартты белгілерін айт.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз ауа райы жайында нені білдік?
ҮІІ. Үйге тапсырма, бағалау.
10. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Тұстарды бағдарлау.
Сабақтың мақсаты: 1 Тұстар туралы түсінік беру.2 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
3 Бағыттарды нақты ажырата білуге үйрету.Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Адам көлеңкесінің суреті.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Табиғат қалай өзгереді?- Мұндай жағдай не деп аталады?-Ауа температурасын немен өлшейді?-Термометр құрылысы туралы айтып бер?- Ауа райының шартты белгілерін айтып бер.
ҮІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.ә) Тал түстегі көлеңкенің түсуіне қарап төрт тұсты анықтау..б) Әр түрлі бағытта соғатын желдің белгіленуі. -Солтүстіктен соғатын жел. -Оңтүстіктен соғатын жел.-Шығыстан соғатын жел.-Батыстан соғатын жел. Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.1 Мына белгілерге қарап ауа райын ауызша айт.2 Айналадағғы дүниеде неше тұс бар?3 Олар қалай аталады?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз ауа райы жайында нені білдік?
ҮІІІ. Үй тапсырмасын сұрау .Бағалау.
11. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдерімен таныстыру.Әр мезгілде өлі табиғатта болатын өзгерістерді бақылау. 3 Жыл мезгілдері туралы алған білімін тереңдете түсу.
Сабақтың көрнекілігі: «Жыл мезгілі» сурет
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Айналадағы дүниеде неше тұс бар?- Оларды ата.-Тұстарды тал түсте қалай бағдарлайды?-Ауа райы шартты белгілерін еске түсіріп пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Бір жылда неше мезгіл бар? Олар қалай аталады?Жыл мезгілдерінің басты ерекшеліктері қандай?ә) Төрт мезгілде өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы айту.б) Шартты белгілері бойынша әр жыл мезгілінің ауа райына тоқталу. Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді тексеру.- Бір жылда неше мезгіл бар?-Күз,қыс, көктем, жаз мезгілдерінің ерекшеліктері туралы айт.-Ауа райы қалай өзгереді?- Көктем көрінісі мен жаз көрінісін салыстыр. Жаздың табиғаты жайында әңгімеле.в) Жұмбақ шешуКөктемде келіп, күзде кетеді,Еш тесікке тұрмайды, Жазда бауда әндетеді. (Бұлбұл) Ол жоқта жер қурайды. (су)
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Балалар бүгін біз нені білдік?
ҮІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
12. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Өсімдік топтары
Сабақтың мақсаты: 1. Өсімдік тобы туралы түсінік беру.2 .Өсімдіктерді қорғауға баулу.3 .Өсімдік туралы білім-білік дағдыларынқалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Бір жылда қанша мезгіл бар?- Олар қалай аталады?Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ жаттап келгендеріміз бар ма?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. -Табиғатты нелер құрайды?-Аспан,ай, күн,жұлдыз, тау, тас, көл ағаш бұта, аң, құс.-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өсімдік ,жануар, адам.-Өлі табиғатты ата-Жер, су, ай, күн, жұлдыз, ауа, күннің жылуы, жарығы.Ендеше өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен. Өсімдіктерді үштопқа бөлеміз. 1.Ағаш 2.Бұта 3. ШөпӨсімдіктер орманда, далада, тауда да, суда да өседі.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді тексеру.- Өсімдіктер қайда өседі?-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?-Ағаштың бұтадан айырмашылығы неде?- Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Жұмбақ шешу.
Үйі де жоқ Ыстықта да,
Күйі де жоқ Суыққа да
Бірақ Шын шыдайды
Жауыннан да, Шешуін айта ғой,
Дауылдан да Балалар білсін жайды. (Өсімдіктер!
Қымсынбайды.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Балалар ,бүгін біз не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау.
13. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері.
Сабақтың мақсаты: 1 Өсімдік мүшелерімен таныстыру2 Өсімдік туралы білімін дамыту.Өмімдік мүшелерін ажырата білуге үйрету. 3. Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік мүшелері туралы суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: -Өсімдік қайда өседі?-Өсімдік қандай топтарға білінеді?
Қазір сендермен ойын ойнаймыз «Кім зерек?».1 топ Өлі табғат заттарын, 2- топ тірі табиғатқа нелер жататынын айтады.
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:- Балалар, өсімдік мүшелеріне нелер жатады?а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Кез келген өсімдіктің мүшелері болады. Ағаштың сабағын «дің» дейді.
Өсімдік топырақтың, тамырдың, сабақтың көмегімен қоректенеді. Сергіту сәті.
Ү .Білімді тексеру. -Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?-Өсімдік қалай қоректенеді?-Өсімдік тіршілігіне не қажет?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.1 Үйеңкі мен итмұрын, қайың жапырақтарын салу.2 Өсімдікті қалай танып білетінімізді әңгімеле.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
14. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Шөп текті өсімдік мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1 Шөп текті өсімдік мүшелерімен таныстыру2 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.3 Өсімдік туралы білімін дамыту, сөз қорын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік мүшелері туралы суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Өсімдік қайда өседі?-Өсімдік қандай топтарға бөлінеді?-Өсімдіктің неше тобы бар?-Өсімдік мүшелерін ата.-Өсімдік тіршілігіне не қажет?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Кез келген өсімдіктің мүшелері болады. Ағаштың сабағын «дің» дейді.Өсімдік топырақтың, тамырдың, сабақтың көмегімен қоректенеді. Сергіту сәті.
Ү. Білімді тексеру. -Өсімдік мүшелерін ата.-Өсімдік қалай қоректенеді? -Желайдар, селеу, жусан өсімдіктерінің суретіне қарап әңгімеле.-Ағаштың, бұтаның, шөптің мүшелері туралы айт.
Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесін ата.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Жұмбақ шешу.
Дауылға нық күші
Ағаштың мықтысы.(емен)
Жазда жинайды,
Қыста жайрайды. (жапырақ)
Шөлде гүлдейді, құлпырады
Суда өмірі қырқылады. (сексеуіл)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?
15. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Жеміс.
Сабақтың мақсаты: 1 Жеміс туралы түсінік беру.2 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.3 Өсімдік тобы, мүшелері туралы алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік жемісі туралы суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген тапсырманы пысықтай отырып, білімдерін пысықтау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Шөп текті өсімдіктердің мүшелері туралы әңгімелеу.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Өсімдік жемістері алуан түрлі болады. Бидай жемісі масақта орналасады. Оны « дән» деп атайды. Жүгері жемісі собағына орналасады.Жүгері жемісі де «дән». Ал қарағайдың жемісі -бүр.Еменнің жемісі –жаңғақ. Таңқурайдың жемісі-жидек. Жеміс гүлден пайда болады.ә) Оқушыдарға тізбектей оқыту,(оқи алатын оқушыға)Сергіту сәті.
Ү.білімді тексеру. -Өсімдік жемістері қандай?-Ол қайдан пайда болады?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту. Танымайтын өсімдіктерді жеуге болмайды. Кейбір жемістер улы болады.Әр жемістің атын ата.Жемістің суретін салу. Тәжірибе жасау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау.
16. Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс.
Сабақтың мақсаты: 1 Көкөністер және олардың пайдасы жайлы түсінік беру 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.Көкөністерді күтіп баптауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Көкөністер туралы суреттер,электронды оқулық.
Достарыңызбен бөлісу: |