Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы



жүктеу 1,93 Mb.
бет29/35
Дата05.02.2020
өлшемі1,93 Mb.
#28276
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Тұқым деген не?-Тұқым алыс жерлерге қалай таралады? -Өсімдік жемістарі қандай болады?-Біздің жерде өсетін өсімдіктерді ата.

ІІІ. Өткен білімді бекіту. - Жұмбақ шешу.

Дауылға нық күші

Ағаштың мықтысы.(емен)

Жазда жинайды,

Қыста жайрайды. (жапырақ)

Шөлде гүлдейді, құлпырады

Суда өмірі қырқылады. (сексеуіл)

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Көкөніс.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік.тағамға олардың әр түрлі мүшелерін пайдаланады.Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақЖемтамыры-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады.

Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түріндеотырғызады.Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады.оның қыста өсіретін жерін жылыжай деп атайды.Базарда көкөністер қысы жазы болда. ә) Оқушыдарға тізбектей оқыту,(оқи алатын оқушыға) Сергіту сәті.



Ү. Білімді тексеру. -Суреттегі көкөністердің атын ата?- Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?-Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді?

ҮІ. Жаңа білімді бекіту. -Көкөністердің қандай пайдасы бар?- Өлардан аналарың не жасайды?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

ҮІІІ.Бағалау,үйге тапсырма.


17. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:. Өсімдіктердің көбеюі

Сабақтың мақсаты: 1 Өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы ұғым беру2 Өсімдіктердің көбеюі, өсу жолдарын бақылауға меңзеу. 3.табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген көкөніс тақырыбын пысықтап сұрап, талдау

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Өсімдіктер қайда өседі?-Өсімдіктерді ата?-Бидай дәнімен жасаған тәжірибесі туралы айту.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өсімдіктердің көбеюі

Ү. Жаңа сабақ:

тұқым


түйнек

тамырсабақ

1. Түсіндіру . Өсімдіктердің бәрі тұқымынан көбейеді.2. Өсімдік өсу үшін не керек?(су, топырақ, ауа,жылуы, жарық)-Неліктен алдымен тамыр пайда болады?-Өсімдік қоректі тамыры арқылы алады.3. Бұтақ арқылы көбеюі туралы әңгімелеу 4. Өсімдік топырақтан да көбейеді.. 5 Пиязшықтан да көбейеді.6.Кейбір өсімдіктер жуашық арқылы да көбейеді.(Гүлдер ,қызғалдақ, сарғалдақ.)7.Өсімдік түйнектен көбейеді.8 Өсімдіктер жапырағынан да, діңінен де өсетінін көруге болады. Сергіту сәті.

ҮІ. білімді тексеру. -Бұршақ тұқымды қандай жеміс бар?-Тұқымнан қандай мүше пайда болады?-Бұтақта пайда болған өсімдік мүшелерін ата.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
ІІ-тоқсан.

Өсімдіктер тіршілігі маусымдық өзгерістер.
18. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:. Күз

Сабақтың мақсаты: 1 Күз мезгілі жайлы мағлұмат беру. 2. Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, білімін тереңдету. 3. Бақылауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Өсімдік не арқылы көбейеді?-Тұқыммен көбейетін өсімдіктерді ата.-Бұршақ тұқымында қанша жеміс бар?-Тұқым көптеп өсу үшін қандай ерекше жағдайлар керек?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

б) Күз туралы тізбектей оқыту. Сергіту сәті.



Ү. Білімді тексеру. 1.Күз мезгілінде ағаш жапырақтарына көңіл бөліп,әңгімелеу.2.Өсімдіктерді суреттеріне қарап салыстыру.Дәптермен жұмыс

ҮІ. Білімді бекіту. Күз туралы өлең оқып беру.

Күнімен де түнімен Жел гуледі, боздады, Күтіп тұр-ау қыс та алда,

Аралап жүр тоғайды. Ешкімге бас имейді. Сарғайыпты гүл дала.

Сумаңдаған суық жел, Ағаш басы қозғалып, Ұшып өткен құстарға,

Ағаштарды тонайды. Ақырындап билейді. Сапар тілеп тұр бала.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау.
19. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Адамның күзгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру 2Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту 3. Ұжымдық еңбекке баулу

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1Көбею не арқылы болады?2Тұқым көктеп шығу үшін қандай ерекше жағдайлар керек?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?-Өсімдіктердің қай бөлігі өзгермейді?-Өсімдікті бұтағы арқылы қалай көбейтеді?

Жылдың неше мезгілі бар?Әр жыл мезгілінде неше ай бар?қазір жылдың қай мезгілі, қай ай?



ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:


өлі тірі

а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу. б) Адамдардың күзгі еңбегімен таныстыру.в) Дауыстап оқыту.г) А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын дән Сергіту сәті.

ҮІ. Білімді бекіту. 1.Күзде қандай жұмыстар аяқталады?2.Көкөністерден қандай тағамдар дайындалады?3. Суреттегі адамдардың күзгі еңбегі жайлы айт.4. Мал күтімі жайлы әңгімеле.

5. Күз неге жиын-терін науқаны деп аталады?



ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
20. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:Қысқы өзгеріс.

Сабақтың мақсаты: 1 Қыс мезгілі туралы түсінік беру 2 Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.3 Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісіне суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Адамның күзгі еңбегі туралы түсінгендерін сұрап, пысықтау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Адамның күзгі еңбегі жайында айт.А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын дән.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Қыс көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, қыста өлі табиғатта болатын өзгерістерді айтқызу.ә) Сәкен Сейфуллиннің «Қыс» өлеңі, Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқып беремін.б) Қыста жапырақтары түспейтін, үнемі көгеріп тұратын ағаштар туралы айту.в) Қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы әңгіме.г) Дауыстап оқыту.Сергіту сәті.

ҮІ. Білімді бекіту. 1.Қыс туралы өлең оқу.2.Жұмбақ шешу.

Екі аяққа байлап, Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Сырғанайық жайлап. (Шаңғы) Ораныпты ақ күміс. (қырау)

Суда қалқиды, Табанға қанжар байладым,

Жылыда балқиды. (Мұз) Бетінде айна ойнадым. (Коньки)

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз не жайында білдік?



ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау.
21. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Адамның қысқы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдері туралы айта келе, қыс мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. 2. Ұжымдық еңбекке баулу. 3.Білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: қыс мезгіліне мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?-Өсімдіктердің қай бөлігі өзгермейді?-Өсімдікті бұтағы арқылы қалай көбейтеді?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Қыс мезгілі кіріспе әңгіме.ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

б) Адамдардың қысқы еңбегімен таныстыру. Адамдар егіс даласында, бау-бақшада қар тоқтатады. Егістікке тыңайтқыш жеткізеді. Көктемгі егіс жұмысына әзірлік жасалады.Ауылшаруашылық машиналарын жөндеуден өткізеді. Мал қораларына жем-шөп жеткізіліеді. Малды қолда бағып күтеді. Көктемгі мал төлдету жұмыстарына әзірлік жасалады.



ҮІ. жаңа білімді бекіту.

Есіңде болсын!.1Үй маңындағы, саяжайдағы, бақтағы жеміс жеміс ағаштарының жапырағында, діңінде қыстап қалған бунақденелерді жоюға қатыс.2Жеміс беретін ағаштар мен бұталардың түбіне қар үй.3Сынып бөлмесіндегі өсімдіктерді күтуге қатыс.4« Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрастыр.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
22. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Көктем

Сабақтың мақсаты: 1 Көктем мезгілі туралы түсінік беру 2 Көктемгі өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу. 3.Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ҮІ. Жаңа сабақ:а) Көктем көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету. ә) Көктем туралы оқып беру. б) Дауыстап оқыту.Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімін тексеру.-Жапырақ неден пайда болады? -Ерте гүлдейтін өсімдіктерді атаңдар.

-Көктем айы қай айдан басталады?-Наурыз сөзіне түсінік бер.-Ұлыс күнін қазақ елі қалай бағалаған?-Науырызда пісірілетін тағам не деп аталады?



ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

23. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Адамның көктемгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдері туралы айта келе, көктем мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. 2. Ұжымдық еңбекке баулу. 3.Білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Көктем мезгіліне мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Қыста өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?-Ағаштар мен бұталардың қандай мүшелері сақталған?Олардың аттарын ата.-Қыста жапырақтары түспейтін өсімдіктерді ата.-Адамның қысқы еңбегі туралы не білесің?

ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Жыл мелгілдерін ата, айларын ата.ә) Көктемгі ауа райындағы өзгеріс.б) Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.в) Көшет қалай дайындалады?

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Мақал-мәтел айтқызу.

Жері байдың- елі бай.

Еңбек етсең емерсің.

Еңбек еңбек түбі зейнет.

Жер саулуғы –адамның денсаулуғы.

ҮІІ. Жаңа білімді бекіту:-Егісті қалай күтеді?-Бақта қандай жұмыс түрі істеледі?-Өз ауылыңдағы көктемгі адам еңбегі туралы не білесің?Ә.Дүйсенбиев:»Көктем» өлеңін оқып беру.

ҮІІІ Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?
24. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жаз мезгілі туралы түсінік беру 2 Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. 3 жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Жаз көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету. ә) Жаз туралы оқып беру.б) Дауыстап оқыту.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімін тексеру:-Суреттегі өсімдіктерді қандай жерлерде кездестіруге болады?-Жазда өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?-Жаз айы қай айдан басталады?-Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата?.-Ауыл шаруашылық машиналарының атын ата.?-Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп жеміс салады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау:

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
25. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Өсімдіктерің жануарлар тіршілігінде алатын орны.

Сабақтың мақсаты: 1 Адам еңбегінің көп түрлілігі, еңбек нәтижелер,оның пайдасы. 2.Сауатты дұрыс оқуға сөздік қорын молайту. 3.Оқығанын әңгімелеп үйрену. Өсімдікті қорғауға баулу.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы пысықтау.

ІІІ Өткен сабақты еске түсіру: Адамдардың жазғы еңбегі туралы әңгімелеу.ҚҰмырсқа өлеңін талдау.

ІҮ Мақсат қою: сурет бойынша әңгіме құрау.ақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү Жаңа сабақ:а) Өсімдікрердің жануарлар тіршілігінде алатын орны туралы түсінік беру.ә) Дауыстап тізбектей оқыту.б) Әңгімелеу.в) Өсімдік туралы өлең оқу.г) Жұмбақ шешу.

Күннің көзін сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым мол мойнымда,

Үлкенқалпақ киемін.

д) Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы айту.Сергіту сәті.



ҮІ Жаңа білімін тексеру:-Қай жануарлар өсімдікпен қоректенеді?-Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай?-Өсімдіктен недайындайды?

ҮІІ Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ Үйге тапсырма,бағалау:
26. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Өсімдіктерің адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1 Өсімдіктердің ауаны тазартуы,тамақ, құрылысқа пайдалану жайлы білу. 2 Өсімдікті қорғауға баулу. 3. Өсімдіктерің адам өміріндегі маңызын өмірде пайдалану. Оқығанын әңгімелеп үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны.

Өсімдік жеміс мәдени өсімдіктер

Көкөніс


ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Дәрі жеміс

Ү. Жаңа сабақ: көкөніс

а) Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.

1. Өсімдіктер ашыққанда тамақ.

2.Шөлдегенде сусын. Нан демалыс орны

3. Ыстықта көлеңке, сая.

4. Суықта баспана. Үй

5. Ауырғанда дәрі,

6. Ренжіп, мұңайғанда-сүйсіндіріп қуантатын табиғаттың ғажайып сұлу көркі.ә) Өсімдік туралы өлең оқу.г) Жұмбақ шешу.

Күннің көзін сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым мол мойнымда,

Үлкен қалпақ киемін.



Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімін тексеру.-Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?-Өсімдіктен не дайындайды?-Суреттегі заттар неден дайындалған?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау.
27. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Өсімдіктерді қорғау.

Сабақтың мақсаты: 1 Өсімдіктерді қорғау және күтіп баптауға үйрету. 2. Оқығанын әңгімелеп үйрену 3. Өсімдікті қорғауға ба

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:.

І. Ұйымдастыру:.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы пысықтау:.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү .Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. Өсімдіктерді қорғау.Табиғаттағы өсімдіктерді қорғау,көбейту-әр адамның міндеті.Өсімдік ауаны тазартады., Саясында дем аласың. Сендер өсімдіктердің одан басқа да пайдасы барын білесіңдер. Өсімдіктер-адамның досы. Досқа дос бола білу керек. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау сенің борышың.Өсімдікке зиян келтіру, адамға, жануарға зиян келтірумен бірдей.Кез-келген жерге қоқыс шашып кетуге болмайды. Өсімдікті таптап не сындырып бүлдіру-зиянкестердің ісі.ә) Дауыстап тізбектей оқыту.б) Өсімдік туралы өлең оқу.г) Ұйқасын тап.

Іші толған шәрбат, Доп-домалақ сары,

Дәмі қандай әйбат. Ішінде бар дәні

Үзесің бірден жүзін, Қызығасың көріп,

Оның аты-..... (жүзім) Оның аты-... . (өрік)

Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімін тексеру:-Өсімдіктерге адам қандай қамқорлық жасайды?-Кейбіреулер өсімдіктерге қандай зиян кетіретінін айт?-Суреттегргеі заттар неден дайындалған?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау.

Жануарлар

28. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:. Аңдар мен малдар немесе сүт қоректілер.

Сабақтың мақсаты: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер туралы түсінік беру. 2 Байқағыштыққа баулу. 3.Оқу жылдамдығын арттыру. қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Аңдар, малдар туралы суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы пысықтау:

ІІІ Өткен сабақты еске түсіру: «Табиғатты қорғау» дауыстап оқыту.

ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. Жабайы аңдар және малдар туралы әңгімелеу.

ә) Дауыстап тізбектей оқыту. Сергіту сәті.



ҮІ Жаңа білімін тексеру:- Неге жабайы аңдар деп аталады?- Өздерің білетін жабайы аңдарды ата.-Жабайы аңдардың пайдасы қандай?-Малдарды ата.-Үй хайуанаттарын ата.

ҮІІ Сабақты қорытындылау:

Біз не жайында білдік? Қайда болсын баратын

Аңдар туралы жұмбақ шешу Мінсең ұшқыр қанатың

Ит сияқты пішіні

Ұнатпайды кісіні. Өзі үлкен жануар

Үстінде үлкен тауы бар.

Басында өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы. Көзін жұмады,

Алады одан қан құйып, Көзін ашады.

Емге шипа бұл жағы. Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады.

Жазда сұрғылт

Қыста аппақ. Адамға серік,

Күзетке берік

Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау:

29. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:. Құстар . Үй құстары.

Сабақтың мақсаты: 1 Құстар туралы түсінік беру 2 Оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Құстарға қамқорлық жасау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Өсімдіктерді қорғау үшін неістеледі?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. Құстар: жыл құстары.,қыстап қалатын құстар,үй құстары.ә) Дауыстап тізбектей оқыту. Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімін тексеру:- Жабайы құстарды ата,-Үй құстарын ата.-Үй құстарының пайдасы қандай?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?Құстар туралы жұмбақ шешу

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау.
30. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:. Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы түсінік беру. 2. сурет арқылы сөйлеу тілдерін дамыта отырып сөздік қорын молайту.Танымдылық қабілетін дамыту. 3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ Өткен сабақты еске түсіру: Құстар, үй құстары туралы сұрау.

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ:Суреттен не көріп тұрсыңдар?Бақа, жылан, балық.Бақалар қайда мекендейді?-Балалар, қос мекенді деген қандай мағынаны білдіреді?Ол жер бетінде де . суда да тіршілік етеді деген сөз.Ерескек бақа көбінесе құрғақта, шөп арасында тіршілік етеді.Ал оның баласы есесйгенше балық сияқты суда жүреді.Кесіртке мен жыланды «жорғалаушылар» дейді. 1. Тақырыпты түсіндіру. 2.Тізбектей оқыту. 3. Әңгімелеу Сергіту сәті.


жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау