Сабақ жоспары Классы : 8 Сабақтың тақырыбы: Excel дің графикалық мүмкіндіктері



жүктеу 78,36 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі78,36 Kb.
#8388
түріСабақ

Ақтөбе қаласы

47 жалпы білім беретін орта мектеп



Информатика пәні мұғалімі

Арыстанова Светлана Мурзагалиевна
Сабақ жоспары

Классы: 8

Сабақтың тақырыбы: Excel – дің графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ізденіс әдісі

Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық: Excel редакторында деректердің көмегімен диаграмма тұрғызуды үйрету

Дамытушылық: Өз еркімен диаграмма ортасында жұмыс жасай білуді дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларға мәдениеттіллікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, лабораториялық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: сызу, математика

Пәнішілік байланыс: Word текстік редакторында диаграмма құру, Excel электрондық кестесі.

Студент білуге тиіс:

  • Өз еркімен түрлі мәліметке байланысты диаграмма құруды үйрене білу

  • Диаграмма шебері арқылы диаграмма құруды

  • Диаграмманың көлемін, типін өзгерте білуді

Қолданылған әдебиет: Балапанов Е.Қ. «30-сабақ», Ахметов Б.С. Ерекешова М.М «Информатика»

Сабақтың құрылымды – логикалық сызбанұсқасы мен хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі – 2 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру – 10мин

  3. Практикалық жұмыс – 25 мин

  4. Бекіту – 2 мин

  5. Сабақты қорытындылау – 5 мин

  6. Үйге тапсырма – 1 мин

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

а) оқу кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру б) студенттерді түгендеу в) сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Студенттердің осы тақырып бойынша білімдерін еске түсіру.

2. Фронтальды сұрақтар:



  • Excel электрондық кестесі неше парақтан тұрады?

  • Ұяшық дегеніміз не?

  • Электрондық кестеде баған мен жол саны нешеу?

  • Excel терезесінде қандай обьектілер орналасқан?

  • Аралас түрдегі адрес дегеніміз не?

  • Құжатты баспаға қалай шығарамыз?

  • Алдын–ала қарап шығу командасы не үшін қажет?

  1. Практикалық жұмыс.

Қазіргі текстік процессорлар статистикалық дерекдерді түрлі – түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (суреттермен, схемалармен) жандандыруға мүмкіндік береді. Диаграммалар деректердің графикалық түрде ұсынылуына арналған

Диаграммалар келесі типтегідей болады:



  • Дөңгектік (гистограмма)

  • Сызықтық

  • Дөңгелек

  • Нүктелік

  • Шығыршықтық

  • Көпіршіген

  • Цилиндрлік

  • Конустық

  • Пирамидалық және т.б.

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың 2 өсі: көлденең немесе категория өсі және тік немесе мәндер өсі болады. Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады: бор, тақырып, және аңыз (легенда) тақырыптар диаграмманның жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады. Аңыз диаграммаларда берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі. Қандай да бір деректер (бағаналардың немесе қатарлардың мәндері)негізінде диаграмма тұрғызу үшін таңдалынған тип бойынша диаграмма тұрғызу үшін таңдалынған тип бойынша диаграмма тұрғызу үшін қажеттіұяшықтардың ауқымын қөрсету» қажет. Содан кейін кестелік процессорда бар диаграмма шеберінің көмегімен диаграмма тұрғызылады.

Енгізілген диаграмманы құру:



  1. Таблица 1 Ф.И.О. файлыңызды ашыңыз.

  2. Диаграмма түрінде көрсетілуі тиіс деректерден тұратын В2: Д7 ұяшықтарының ауқымын ерекшеліңіз

  3. Диаграмма шебері батырмасы бойынша шертіңіз.

  4. Мастер диаграмма (1 қадам диаграмма типі) диалог терезесінің Тип тізімінен диаграмманның типін таңдаңыз, Далее батырмасын шертіңіз

  5. Диаграмманы тұрғызудың ауқымы көрсетілетін Мастер диаграмм (2 қадам-диаграмма деректірінің көзі) диалог терезесі және үнсіз келісім бойынша қатарларды бағана бойынша тұрғызу ұсынылады, Далее батырмасын шертіңіз.

  6. Мастерт диаграмм (3-қадам-диаграмма параметрлері) диалог терезесінде диаграмманы безендіру бойынша сервис ұсынылады. Өсті жазып қоюға, диаграммаға ат беруге және т.б. орындауға болады. Далее батырмасын шертіңіз.

  7. Мастер диаграмм (4 қадам-диаграмма орналастыру) диалог терезсі диаграмманы бар бетте немесе және бетті орналастыруға мүмкіндік береді. Бар бетті таңдап, Готово батырмасын шертіңіз. Сіз осы әрекеттерді орындап, кестені диаграммасымен бірге аласыз. Егер мастер диаграмма диалог терезесінің 4 қадамында жеке бетте опция таңдасаңыз, онда диаграмма жұмыс кестесінің жеке бетінде құралатын болады.

Диаграмма көлемін өзгерту.

Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті көлемін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.

Диаграмма көлемін өзгерту үшін оны ерекшелеу керек, яғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек. Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады .

Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін І бағанасына дейін жылыжытайық, ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады), оны І бағанасына дейін созамыз.

Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді. Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту диаграмманың ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

Диаграмма типін өзгерту.

Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады:-экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр  Аспаптар тақтасы Диаграмма (Вид  Панель инструментов Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы –шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз. Диаграмма түрлері мен аттары 3-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрыңғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

Айта кететін бір жайт: ерекшеленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез-келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша Х-У-нүктелік диаграмма тұрғызуға болмайды. Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек. Егерде диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны жойып қайта тұрғызу қажет. Диаграмманы жою үшін,курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір рет шертіп, Del пернесін басу жеткілікті. Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою қажет.



Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету.

Дөңгелек диаграммалар-жиі пайдаланатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе проценттерін бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық.

  1. Жаңа файлды таңдаймыз.

  2. 24.6-суреттегідей етіп тақырып жазып оған сәйкес мәліметтер кестесін жасаймыз.

  3. Диаграмма шебері батырмасын басып, диаграмма тұрғызу үшін керекті мәліметтерді 13:16 блогын аламыз.

  4. Диаграмманы қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз:

-1-қадамда 13:16 және А3:А6 блоктарын таңдаймыз;

-2-қадамда Кеңістіктік дөңгелек (Круговая объемная) деген типті таңдаймыз;

-3-қадамда 6-форматты көрсетеміз;

-4-қадамда еш нәрсені өзгертпейміз. Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.

5. 5-қадамда түсініктемені (легенда) қосамыз.

Аттарын бұл қадамда енгізбей тұра тұрамы, сонда 24.66-суреттегі бейне экранға шығады. Енді безендіру (көркейту) элементтерін енгізу үшін, оны түзету режиміне көшеміз.



Диаграммаларды түзету.

Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін, оны екі рет шерту арқылы таңдау керек. Диаграмма оның элементтері деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады, олар:



  • диаграмманы тұрғызу аймағы;

  • диаграмманың өз аймағы;

  • түсініктеме мәлімет (легенда);

  • тақырып;

  • мәліметтер белгілеулері;

  • мәліметтер.

Белгілі бір элементті түзетіп толықтыру үшін оны таңдау қажет. Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалап тұрады. Сонан соң тышқанның оң батырмасын арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке өзінің контексті – тәуелді менюі шығады. Сол меню көмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз.

Диаграмма элементтерінің мөлшерін өзгерту және орнын ауыстыру

Диаграмманың мөлшерін қарай өзгертсек, диаграмманың жеке элементтерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманыңішкі аймағындағы орнын ауыстыруғы болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір шерту арқылы ерекшелеп алып, оны да парақ бетінде орнын ауыстыруға болады.



Диаграмма элементтерімен танысайық. 1. Курсорды басқару пернелерін баса отырып, диаграмма элементтерін таңдап алмыз да, тышқанның оң жақ батырмасын басамы. Курсор сол элементті көрсеткенде ғана контекстік-тәуелді меню шығатынына көңіл бөліңіз.

  1. Сабақты бекіту

  1. Диаграммаларды алу жолдарын атап көрсету.

  2. Өзіміз дайындаған тоқсандық, пәндік баға туралы мәлімет арқылы диаграмма дайындау.

  3. Бекітуге арналған сұрақтар:

    • Диаграмманы қалай іске қосамыз?

    • Диаграмма шебірінің мүмкіншілігі қандай?

    • Диаграмма шебері неше қадамнан тұрады? (ата)

    • Диаграмманың неше түрі бар?

    • Типін қалай өзгертеміз?

    • «Аңыз, ось, тақырып» нешінші қадамға жатады?

    • Төртінші қадамында қандай команда орындаймыз?

    • Диаграмма элементтерінің мөлшерін қалай өзгертеміз?

    • Диаграмманың қай типінде ось болмайды?

    • Диаграмманың аймағын бояу үшін қандай амалды орындаймыз?

    • Диаграмманы баспаға қалай жібереміз?

  1. Сабақты қорытындылау Сабаққа қатысқан студенттерді деңгейіне қарай бағалап, қорытындылаймын.

  2. Үйге тапсырма

Балапанов Е.Қ «Информатикадан 30 сабақ» оқулығының 22 сабағы «Exсel–дің графикалық мүмкіндіктері» тақырыбына дайындалып келіңіздер.
жүктеу 78,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау