№3 практикалық сабақ
Тақырып: Жүрек тондарының пайда болу механизмдері. Гемодинамика параметрлері.
Сабақ жоспары:
1. Жүрек тондарының пайда болу механизмдері.
2. Гемодинамика параметрлері.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Фонография, эхокардиография әдісін жүргізуді, талдауды үйрену.
Жүрек жұмысының, жүрек тондарының пайда болу механизмін үйрету;
Жүрек тондарын талдауды үйрету;
Сабақтың мазмұны:
1. Жүрек жұмысының көріністері. Жүрек жұмысы механикалық, акустикалық және биоэлектрик құбылыстармен қабаттаса болады.
Жүрек белсенділігінің механикалық көріністеріне үстіңгі дүмпу жатады. Бұл орта бұғана сызығынан 1 см ішке қарай бесінші қабырғаарасында көкрек құысы терісінің ырғақты бөртіп шығуы. Ол қарыншалардың систоласы кезінде жүрек қысқарады, өз оқы айналасынан бұрылып үстіңгі бөлігімен көкрек құысының жабысады. Қалыпты жүрек жұмысының дыбыстық көріністерін жүрек тондары деп атайды. Бұл клиникалық термин болып, олар патологиялық дыбыс шудан ерекшеленеді. Дыбыстық көріністерді зерттеулердің ең қарапайым әдісі аускультация – стетоскоп немесе фонендоскоп көмегімен тыңдау болып табылады. Әдетте 2 тонды тыңдауға болады: 1-ші және 2-ші.
Бірінші тон қатаң, төменгі және созылыңқы (0,12-0,16 с.). Ол қарыншалардың систоласымен сәйкес келеді және систолалық деп аталады. Жүрек ұшында тыңдалады (5 қабырға арасында 1-1,5 см орта бұғана сызығынан ішке қарай) І тон атриовентрикуляр қақпақшалар жабылған сәтте пайда болып, олардың жармаларының, сіңірлік жіптердің және қарыншалар қабырғаларының тебренулерімен байланысты.
Екінші тон біраз жоғарылау, қатты және қысқа (0,07-0,1 с). Ол қарыншалардың диастолаларымен сәйкес келіп диастолалық деп аталады. Оның пайда болуы жабылу сәттерінде қолқалық және пульмоналдық қақпақшалардың тебренулерімен байланысты.
Фонокардиография – жүрек тондарын және шуылын тіркеудің графикалық әдісі. Ол аускультацияны толықтыратын әдіс болып табылады. ФКГ талдауы бір қатар жүрек ауруларын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жүрек әлеуеттерін тіркеудің әдістері электрокардиография (ЭКГ), ал қондырғы – электрокардиограф деп аталады. Жүрек циклы барысында жүректің электр майданының екі нүктесінде әлеуеттер айырмашылығының динамикасын білдіретін қисық электрокардиограмма деп аталады. ЭКГ тіркеу үшін адамда үш стандарты тармақтар – ол дененің үстінде электродтарды орналастыру қолданылады. Бірінші тармақ - оң және сол қолдарға, екіншісі оң қолға, үшіншісі сол қолға және сол аяққа орналастырылады. Бұл стандартты тармақтардан басқа жүрек орналасқан аймақ көкрек құысының түрлі аймақтарына қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |