Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№35 ЖОББМ КММ» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Чектыбаева Қарлығаш Толегеновна
Сабақ жоспары
Қазақ тілі орыс сыныбында
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс туралы тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін толықтыру, пысықтау, тексеру.
Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін дамыту, сауатты жазу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге, оны өз денсаулығын шыңдауға пайдалана білуге , табиғат байлығын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакатта бейнеленген «Қыс» суреті, таратпалар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар , бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Ауа райы қандай?
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Негізгі кезең:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
-Балалар, өлең не туралы? Қандай жыл мезгілі туралы?
-Бұл өлеңді кім жазды?
Ой қозғау.
1.-Балалар, қыс деген сөзді естігенде көз алдарыңа нелерді елестетесіңдер?
Қыс дегеніміз ол: қар,мұз, суық, боран, жел, жылы киім, Жаңа жыл,Тәуелсіздік күні, қысқы демалыс, шана, шаңғы, коньки, аққала...
2Сөйлесу .
.-Балалар, қыста ауа райы қандай болады?
-Биыл қыс қандай?
-Кім біледі, бүгін неше градус аяз?
-Қазір қар жауып тұр ма?
-Қыста ауа райы суық, сондықтан адамдар қалай киінеді?
-Балалар жылы киініп, қыста далада қандай ойындар ойнайды?
ІV.Жаңа сабақ
1.Сөздік жұмысы
Қысқы демалыс – зимний отдых
қар басқан – снег покрыл;
күн ашық – день ясный;
аңдардың ізі –звериные следы
көңілді - веселый, веселые
Жаңа сөздерді жеке, хормен оқу
Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру
2.Мәтінмен жұмыс
Қысқы демалыста орманға бардық.Күн ашық. Орман іші тамаша, тып-тыныш.Ағаштарды, жерді қар басқан. Айнала аппақ.Жерде аңдардың іздері көрінеді. Біз қармен ойнап, аққала жасадық. Демалыс көңілді болды.
Мәтінді мәнерлеп оқу
Орыс тіліне аудару
Сұрақтарға жауап беру
Сергіту сәті
Қолды белге қоямыз,
Басты оңға бұрамыз,
Басты солға бұрамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып қаламыз.
Дәптермен жұмыс
«Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.
Сөйлемді дұрыс құрастыр.
Орманға, қысқы, бардық, демалыста.
Қар, ағаштарды, басқан, жерді.
Біз, жасадық, қармен, аққала, ойнап.
Болды, демалыс, көңілді.
V.Сабақты қорытындылау
Қысқы демалыста қайда бардық?
Орман іші қандай?
Ағаштарды, жерді не басқан?
Айнала қандай?
Жерде ненің іздері көрінеді?
Балалар не жасады?
Демалыс қалай болды?
VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VII. Үйге тапсырма:
-Сөздік жаттау.
-Мәтінді мазмұндау.
-Қыс туралы жұмбақтар жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |