КЕЙБІР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(инсулин, гепарин, магния сульфат, жүрек гликозидтер, бициллин, майлы ерітінділер)
Гепаринді қолдану ерекшелігі
Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт: тромбиндің пайда болуын тоқтатады, қанның ұюына кедергі жасайды. Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында, тромбофлебитте, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады. Мөлшері – жеке дәрігер тағайындайды: 5000 Б әр 4-6 сағатта, күре тамырға, бұлшық етке немесе тері астына терең енгізіледі.
Асқынулары: Геморрагиялық асқынулар: гематурия (қанның зәрде пайда болуы), буындарға қан құйылуы, ішектегі асқазан қан ағуы, тері астына, бұлшық етке инъекция жасаған жерде гематоманың пайда болуы.
Мақсаты: қанның ұйығыштығын төмендету және гепариннің дәл мөлшерін жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: |